Математикалық эстафета 5-7 сыныптар

Мақсаты:  Ойнап жүріп,ойлау білуге Ауызша және тез есептеуге Логикалық ойлау қабілетін дамытуға Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа,белсенділікке үйрету Көрнекіліктер: Магнит тақта, қалам, есептер , тапсырмалар, екі топтың эмблеммасы, сәлемдесу өлеңдер, спорттық ойындар, спорттық құралдар Жоспар: 1.      Жүргізуші сөзі 2.      Екі топтың сәлемдесуі 3.      1-ойын: Секіртпемен жүгіріп барып , тақтаға есеп шығару 4.      2-ойын:Допты жерге соға жүгіріп барып, сандарды  салыстыру 5.      3-ойын: Шеңберд...
Раздел Математика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математикалық эстафета

Мақсаты:

  1. Ойнап жүріп,ойлау білуге

  2. Ауызша және тез есептеуге

  3. Логикалық ойлау қабілетін дамытуға

  4. Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа,белсенділікке үйрету

Көрнекіліктер: Магнит тақта, қалам, есептер , тапсырмалар, екі топтың эмблеммасы, сәлемдесу өлеңдер, спорттық ойындар, спорттық құралдар

Жоспар:

  1. Жүргізуші сөзі

  2. Екі топтың сәлемдесуі

  3. 1-ойын: Секіртпемен жүгіріп барып , тақтаға есеп шығару

  4. 2-ойын:Допты жерге соға жүгіріп барып, сандарды салыстыру

  5. 3-ойын: Шеңберді домалата жүгіріп барып берілген сандарды жақзу

  6. Жанкүйерлер биі

  7. 4-ойын: Нығыздалған допты кедергілер арқылы домалатып өтіп, өлшем бірліктерді дұрыс табу

(1м= см)

  1. 5-ойын: Таяқшаны алып фигуралар санын анықтау(топ басшылар сайысы)

  2. Жұмбақтар. Қанатты сөздер

  3. Қорытынды сөз

Жүргізуші:

Бүгінгі білімді оқушылардыанықтайтын, білімге қызығушылығын арттыратын «Математикалық эстафета» атты танымдық ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер

Қош келдіңіздер құрметті оқушылар, қонақтар! Сіздер бүгін математика жайлы көптеген мағұлматтармен танысасыздар. Математика адам ойы арқылы ғана жүзеге асады. Сондықтан математика- адам ойын тәртіпке келтіретін ғылым деп саналады. Қазір біз сендердің бойларыңдағы қабілеттеріңді шыңдауға математикалық сайысымызды бастаймыз.

Сендерден тек шапшаңдық,ұқыптылық,шыдамдылық талап етіледі.Сіздерге сәттілік тілеймін.

Алдарыңызда бүгінгі сайысқа қатысатын «Алғырлар» және «Тапқырлар» тобы, әр топтың алты мүшесі бар және топ басшысы бар

Екі топтың сәлемдесуі

«Алғырлар » тобы

Шақырып жарыстарға сан - салдалы,

Алғырлар топ жарғалы жар салады.

Ту етіп достық пенен татулықты,

Тапқырлар командасын қарсы алады

Тапқырлар биіктікте қалықтасын,

Жеңіспен көк жүзінде шарықтасын,

Жеңіс туы желбіреп алауласын,

Бәйгені сенен ешкім ала алмасын

«Тапқырлар» тобы

Осындай алғыр достар кез-келгенде,

Жетсін ау жарыстарда жеңгеңге не

Қарсылас болғанменен құрбысыңдар,

Тілейміз ізгі тілек сендерге де

Құрметтеп алғырларды ой-саналы

Тапқырлар сәлем беріп ән салады

Бүгінгі сайыстан достарына

Қашанда тапқыр бол деп ой салады

1-ойын: Доппен жүгііріп барып есептер шығару

54+(-12)

160-(-55)

927-37

6:0,3

137+163

302*0,2

-27+43

-156+14

747-613

5:0,5

127+193

204*0,2

2-ойын: Қаппен жүгіріп барып сандарды салыстыру

-13*0

0,42*0,04

-5*0

96:12*72:9

100-72*64:4

204+408*712

18*(-20)

(-0,45)*(-0,54)

0*(-4)

3,6:0,9*4

40+32*600:15

205+405*710

3-ойын:Шарды ракеткамен соғу арқылы берілген сандарды жазу

Ең кіші төрт таңбалы сан

Ең үлкен төрт таңбалы сан

Ең кіші екі таңбалы сан

8-ге қарама-қарсы сан

8-ге кері сан

-5-ке қарама-қарсы сан

Ең кіші үш таңбалы сан

Ең үлкен үш таңбалы сан

Ең кіші төрт таңбалы сан

Математикалық эстафета 5-7 сыныптар-ке қарама-қарсы сан

Математикалық эстафета 5-7 сыныптар-ке кері сан

18-ге кері сан

«Математика ғалымдардың патшасы» атты ой толғау

4-ойын: Секіртпемен секіріп барып, өлшем бірліктерді дұрыс табу

1кг = г

1дм = см

2сағ10 мин = мин

2м 12см = см

4 апта = ай

1 жыл = күн

1м = см

2сағ = мин

2км 10м = м

2дм 15 см = см

2апта = ай

1ғасыр = жыл

5-ойын:Топ басшылар сайысы (таяқшаны алып, төртбұрыштың ішіндегі үшбұрыштарды анықтау)


Жұмбақтар

  1. Басында екі таяғы бар

Төрт аяғы бар

Сегіз тұяғы бар

Иегінде сақалы бар (ешкі)

  1. Екі айнасы бар,екі найзасы бар

Төрт сылдырмағы бар,

Бір шыбыртқысы бар (сиыр)


  1. Дайын үлгі жазбаны,

Фото сурет, сызбаны

Бейне бетке шығаратын

Қандай құрал кім айтады (сканер)

  1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында (ленейка)

  1. Алды артымыз шексіз де

Жете алмайсын біздерге

Сәуле менен кесінді

Шыққан тегін білсе де (түзу)

  1. Бірдей санды бірнеше рет

Көбейтуден тұрады

Егер оны ықшамдасаң,

Қандай атау болады (дәреже)

  1. Нәрселерді санағанда

Керек бізге ол ауадай

Айтыңдаршы бұл қандай сан?

Жан-жағыңа қарамай? (натурал сан)

Жанкүйерлер биі: Флешмоб

Қорытынды сөз:

Осымен «Математикалық эстафета » ойынымыз аяқталды.Осы кештен көп әсер алды деп ойлаймыз.Ойлалыңыз толысып, математика саласында жетістікке жете беріңіздер.Зейін қойып , ойларыңызбен бөліскендеріңізге көп рахмет.



Ең кіші төрт таңбалы сан

Ең үлкен төрт таңбалы сан

Ең кіші екі таңбалы сан

8-ге қарама-қарсы сан

8-ге кері сан

-5-ке қарама-қарсы сан

Ең кіші үш таңбалы сан

Ең үлкен үш таңбалы сан

Ең кіші төрт таңбалы сан

Математикалық эстафета 5-7 сыныптар-ке қарама-қарсы сан

Математикалық эстафета 5-7 сыныптар-ке кері сан

18-ге кері сан











А.Хұсайынов атындағы орта жалпы білім беретін мектебі



Математикалық эстафета 5-7 сыныптар

(5,6,7 -сыныптар бойынша сыныптан тыс шара)


Ұйымдастырған: Математика пәнінің мұғалімдері

Серғазиева Э.Е

Насибуллина Н.Б



2014-2015 оқу

54+(-12)=

160-(-55)=

927-37=

6:0,3=

137+163=

302*0,2=

-27+43=

-156+14=

747-613=

5:0,5=

127+193=

204*0,2=


© 2010-2022