Сыныптан тыс іс -шара МИФ апталығының ашылуы (5-11 сыныптар)

Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныптан тыс іс -шара МИФ апталығының ашылуы(5- 11 сыныптар)Сыныптан тыс іс -шара МИФ апталығының ашылуы(5- 11 сыныптар)Сыныптан тыс іс -шара МИФ апталығының ашылуы(5- 11 сыныптар)Сыныптан тыс іс -шара МИФ апталығының ашылуы(5- 11 сыныптар)Миф апталығының ашылуы

Тақырыбы: "Бүкіл әлем сөйлейді нақты ғылым тілінде"
Мақсаты: Жаңа технология элементтерін қолдана отырып, оқушылардың математика, физика және информатика пәндері бойынша білімдерін тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту

Қатысушылар: 5,6,7,8,9,10, 11 сынып оқушылары
Көрнекіліктер: нақыл сөздер жазылған плакаттар, шарлар
Өтілу барысы:

  1. Құрметті жолаушылар! «Семенов орта мектеп» станциясының жолына «Математика, информатика, физика апталығы поезі келе жатыр. Тыныштық пен сабырлылық сақтап, бір-бірлеріңізді итермей логикалық жүктеріңізбен дайын тұрыңыздар!

  2. 8 «А»сыныбының апталықтың ашылуына орай флешмоб көрсетілімі

Ертеде әжесі мен 2 немересі тұрыпты. Бір күні немерелері мектептен шаршап келіп, математика сабағын жек көріп, екеуі де ашуланыпт. Сонда:

- Сен осы математика сабағын жақсы көресің бе?
- Жоқ, осы математика сабағы, сандар, есептер соның бәрі маған жыныма тиеді.
-Сен ше?
- Мен де сол сабақты жек көремін. Осы математика сабағы, сандар, есептер, фигуралар болмаса ғой. Мен осы сабақ үшін басқа сабақтарды оқып үлгермеймін және есептерден басым қатады,- деп екеуі де, үстелдің үстінде ұйықтап қалады.
Бұның бәрін естіп қалған сандар, барлығы жиналып, ақылдасып, басқа амал жоқ екенін біліп, балалардан қашып кетеді.
Кейінірек олардың бөлмесіне кірген әжесі шошып кетеді.
- Ойбай- а- а- й! Құдай сақтасын! Мынау сандар қайда қашып кеткен? Бүгін нешінші күн, сағат неше болғанын білмейміз ғой.
- Балаларым, айналайындар, тұрыңдар!
- А? Не болды? Біз ештеңе білмейміз,- деп немерелері таң қалды.
- Сендер, математика сабағын жақсы көрмегендіктен сандардың бәрі қашып кетті., ертең ертемен тұрып сандарды іздеуге шығайық. Енді бұдан басқа амаламыз жоқ,- деп әжесі қайғырады.
Со кезде есікті біреу қағып, әжесі тұрып қараса бір қария адам келіп тұр екен.
- Сәлеметсіз бе? - деп қария амандасады.
- Сізде математиканы жек көретін бала бар ма, мен соларды іздеп келе жатыр едім?
- Бізде мұндай бала жоқ. Бізде бәрі жақсы.,- деп әжесі немерелерін қорғаштайды.
- Сағат неше болды?- деп сұрайды.
- Сағат, ээммм-ээээ- деп әжесі айта алмайды.
- А-а-аай! Қап, бәлем! Сендерде екен ғой сандардың бәрінің қашып кеткен. Табайық оларды......................


  1. Құрметті жолаушылар! Назар аударыңыздар жол тораптарындағы логикалық, математикалық, физикалық ақаулардың туындауына байланысты МИФ поезі «Семенов орта мектеп» станциясында 10 күн аялдайды. Алдын ала барлықтарыңызға сәттілік тілейміз!

Жүргізушілер:
Айзере: Жүрші тез, Рахат сенің математикадан екі алуыңнан поезд 10 күн аялдайтын болды. Сен не ойлап тұрсың?

Рахат: Сен білесің бе, менің не ойлағанымды. Өзің ойлап көрші, екеуміз доспыз. Жақсылық та, жамандық та екеумізге бірдей емес пе? Мысалы, бүгінгі бағаны алайық, сен «4» алдың, ал мен «2» алдым. Егер бағаларды қосып, «2»-ге бөлсек, екеуміз де 3 алдық. Қарашы, өзі қандай тамаша. Әкем де маған ұрыспайтын болды. Сондықтан жасасын математикалық арифметикалық орта!

Айзере: Сен әуелі менен сұрамайсың ба, келісемін бе, келіспеймін бе?

Рахат: Қойшы сен, қайда барасың келіспей?

Айзере: Келісіп, келіспейтінімді одан да, бізге Саида айтсын!

«Бременские музыканты» әуеніне ән.

Ничего на свете лучше нету,

Чем на все вопросы дать ответы.

Вам поможет в этом трудном деле

Светлой математики неделя - 2 раза.

Физика важней других наук,

Царствует она среди своих подруг.

Перед ней склоняют на планете

Головы и взрослые, и дети - 2 раза.

Информатика в наш дом пришла, друзья,

Windows Microsoft нам всем не знать нельзя,

И теперь избавят нас от скуки

Эти очень важные науки - 2 раза.

Рахат: Тоқтай тұр, мені тыңда. Сен бүгін мектепке 15 минут ерте келдің. Мен болсам 15 минутқа кешіктім, енді тағы арифметикалық ортаға жүгінсек, екеумізде мектепке дәл уақытында келдік. Керемет емес пе?

Айзере: Сен өзің тым ақылды екенсің ғой. Қап бәлем, сені үйретпесем. Сен маған магазиннен кеды әкеліп берші дейші едің ғой, мамаң ақша беріп пе еді. Әкел, мен әкеп берейін.

Рахат: Ақша берген.

Айзере: Онда мен магазинге барып келейін, сен тағы арифметикалық ортаға есеп шығара бер.

Айзере: Мен тез оралдым. Саған кеды әкелдім.

Рахат: Кәне, әкелші, көрейін. (Ашып қарап) Бұл не?

Айзере: Немене, ұнамай тұр ма? Бұл сенің кедың. Бірі 26 размер, екінші 44-і размер, Екеуін қосып, 2-ге бөлсек, сонда 35-і сенің размерің шығады. Жасасын арифметикалық орта! Саған бұл ұнайды емес пе?

Айзере: Қойшы сені, мынау түрімізбен поезіміз 10 күн емес 20 күн аялдайтын секілді. Сен одан да біздің поезіміз еш ақаусыз жүруі үшін, мына оқушылар сияқты ант бер!


Сыныптар ант қабылдайды
11 сынып
Математика , физика, информатика сабақтарына кешігіп келмеуге, үй тапсырмасын күнделікті орындап отыруға, дәптерімізді ұқыпты ұстауға ант етеміз!

10 сынып
Математикадан, физикадан және информатикадан түрлі интеллектуалды олимпиадаларға және сабақтан тыс іс-шараларға белсене қатысуға ант етеміз!

9 сынып
Сыныптастарымызға дәптерімізді көшіруге бермеуге, бірақ әрқашан қолдау көрсетуге ант етеміз!

8 сынып
«Өзгелерді үйрете жүріп, өзімізде үйренуге» , досымыздан көмек қолын аямауға ант береміз!

7 сынып
Сабақта белсенділік танытып, өзгелерге кедергі жасамауға, метематикадан жақсы баға алуға ант береміз!

6 сынып 5 сынып
Математика, информатика, физика мұғалімдерінен өнеге алып, сыйлауға, құрметтеуге , тыңдауға ант береміз!

Сәуіржан: Айзере сен мені көндірдің, саған кешікпеуге , екілік алмауға арифметикалық орташаны орынды қолдануға ант беремін!

(Поезд дауысы)
Айзере: Олай болса енді екеуміз осы МИФ апталығының өту бағдарламасымен таныстырып өтейік:

Бағдарлама таныстырылады

Рахат: Енді ортаға Семенов орта мектебінің директоры Ыбышева Алма Қияққызын шақырамыз!
Ал енді математика, информатика, физика апталығы поезінің аялдауына байланысты ән-шашуын қабылдайық

МАТЕМАТИКА ( «Ананың тілі» әнінің мотиві)

Мектепке келдім, ұстзады көрдім,
Жазу, сызу мен санау үйрендім.
Сан менен өрнек, теңдеумен бөлшек,
Сырына оның, үңіліп көрсек.
Математика - бар ілім басы,
Математика - ғылым патшасы.
Математика- өмір тірегі
Математика - шәкірт жүрегі.
Сенсіз дүкенге бара алмаймыз,
Сенсіз үйлерді сала алмаймыз.
Сенсіз уақытты біле алмаймыз.
Сенсіз тарихты жаза алмаймыз

ФИЗИКА ( «Ана туралы жыр» әнінің мотиві)

Әлемдік тартылыс,
Күшін сен сыйладың
Ауырлық, үйкеліс,
Күшін сен сыйладың
Сыйладың сен маған,
Тұрақты сандарды.
Ом менен Ньютонның
Әр түрлі заңдарын
Электр қуатын сыйладың сен маған,
Жасанды көз нұрын сыйладың сен маған.
Сенсіз бұл өмірде жүру де жоқ маған.
Сенсіз бұл өмірді сүру де жоқ маған

Информатик ағайдың жиында берген батасы:

Ортаға бір топ оқушы шығады. Дөңгеленіп отыра калады. Ішінен біреуі сурылып шығып:
- Ал, енді құрметті қонақтар, ерлерше бата берейік- дейді.
- Ғ1 әрқашан көмекке келе берсін, Ғ2 пәле- жаладан сақтай берсін, CTRL alt="Сыныптан тыс іс -шара МИФ апталығының ашылуы(5- 11 сыныптар)" DEL үнемі жар болып қолдай берсін, ENTER!

Информатика

Ұстаз да, шәкірт те бас иетін,
Компьютер, бар сенің қасиетің.
Бір емес бірнеше іс атқарасың,
Жалғыз өзің, мың істі атқарасың.
Ақапарат, ақпараттық әрекетті.

Мықты болсаң - алдағыны басып оз,

Айзере:
Мықты болсаң - алдағыны басып оз,

Рахат:

Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе.

Айзере:

Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда,

Рахат:

Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт.

Айзере

Мықты болсаң - заманыңды көктеп өт - дей отырып, мықтыларға арналған математика, физика, информатика пән апталығында оқушыларға үлкен жеңістерді, мұғалімдерге табыс тілейміз!

Ертеде әжесі мен 2 немересі тұрыпты. Бір күні немерелері мектептен шаршап келіп, математика сабағын жек көріп, екеуі де ашуланыпт. Сонда:

- Сен осы математика сабағын жақсы көресің бе?
- Жоқ, осы математика сабағы, сандар, есептер соның бәрі маған жыныма тиеді.
-Сен ше?
- Мен де сол сабақты жек көремін. Осы математика сабағы, сандар, есептер, фигуралар болмаса ғой. Мен осы сабақ үшін басқа сабақтарды оқып үлгермеймін және есептерден басым қатады,- деп екеуі де, үстелдің үстінде ұйықтап қалады.
Бұның бәрін естіп қалған сандар, барлығы жиналып, ақылдасып, басқа амал жоқ екенін біліп, балалардан қашып кетеді.
Кейінірек олардың бөлмесіне кірген әжесі шошып кетеді.
- Ойбай- а- а- й! Құдай сақтасын! Мынау сандар қайда қашып кеткен? Бүгін нешінші күн, сағат неше болғанын білмейміз ғой.
- Балаларым, айналайындар, тұрыңдар!
- А? Не болды? Біз ештеңе білмейміз,- деп немерелері таң қалды.
- Сендер, математикасабағын жақсы көрмегендіктен сандардың бәрі қашып кетті., ертең ертемен тұрып сандарды іздеуге шығайық. Енді бұдан басқа амаламыз жоқ,- деп әжесі қайғырады.
Со кезде есікті біреу қағып, әжесі тұрып қараса бір қария адам келіп тұр екен.
- Сәлеметсіз бе? - деп қария амандасады.
- Сізде математиканы жек көретін бала бар ма, мен соларды іздеп келе жатыр едім?
- Бізде мұндай бала жоқ. Бізде бәрі жақсы.,- деп әжесі немерелерін қорғаштайды.
- Сағат неше болды?- деп сұрайды.
- Сағат, ээммм-ээээ- деп әжесі айта алмайды.
- А-а-аай! Қап, бәлем! Сендерде екен ғой сандардың бәрінің қашып кеткен. Табайық оларды......................



© 2010-2022