Тәрбие сағаты Үлкендер жолы ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып (7 сынып)

Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 24.12..2015ж.

Тақырыбы: Үлкендер жолы - ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып! (Ардагер ұстаздармен кездесу сабағы)
Мақсаты:
Ардагерлер жолын жас мамандарға үлгі ету. Олардың әңгімесінің мәнін ұғына білуді, үлкендерді сыйлауды, құрметтеуді, атаның батасын, ананың алғысын ала білуді үйрету.
Өзін - өзі ұстау әдебін қалыптастыру.
Түрі: кездесу кеші
Әдісі: пікір алмасу, сұрақ - жауап, образға ену, зерттеу
Көрнекілігі: ардагерлерге байланысты жазылған қанатты сөздер
Техникалық құрал: мультимедиа
Барысы:
1-жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, ардақты ұстаздар, оқушылар! Жас мамандар мен 11 сынып оқушыларының қатысуымен «Үлкендер жолы - ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!» тақырыбындағы ардагер - ұстаздармен кездесуге қош келдіңіздер!
1-оқушы:
Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған, өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар, өздеріңнен бастау алар бар арман.
Ұстаздар жақсылықтың жол ашары, қолыңда шәкіртіңнің бала шағы.
Өмірді алға қарай өрлететін, сендер де Ұлы Отанның болашағы.
2-жүргізуші:
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз, - деп Әл-Фараби атамыз айтқандай, өз істерінің маманы бола білген бүгінгі кеш қонақтары осы мектептің ардагер ұстаздарынмен таныс болайық.
1-жүргізуші:________________________________________________________________ 2-жүргізуші:________________________________________________________________ 1-жүргізуші:________________________________________________________________ 2-жүргізуші:________________________________________________________________ 1-жүргізуші:________________________________________________________________ 2-жүргізуші:________________________________________________________________
1-жүргізуші: Ұстаз! Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым.
2- оқушы:
Зерделеп өнегені бала жастан,
Ұстаз болып жаралған әуел бастан.
Жылы жүрек, жүзінде мейірім - шуақ,
Ғибраты ұстаздың - ұлы дастан
Ұстаз - ол, қырық жылдай еңбек еткен,
Ұрпағы үшін аянбай терді төккен
Қаншама шәкірттерге білім беріп
Бар өмірі баламен бірге өткен.
3- оқушы:
Айта берсек ұстазға тіл жетпеген,
Кімге ұстаз білім нәрін төкпеген?!
Айтыңдаршы, адам бар ма өмірде,
Ұстаздарға қарыздар болып өтпеген.
2-жүргізуші: «Мектеп - білім тірегі, ұстаз оның жүрегі» - деп ғұламалар айтқандай, кез келген адам ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаздық - өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт.
Келесі сөз кезегін бүгінгі кеш қонақтарына берейік. Өз өмір жолдары, ұстаз болуының қыры мен сыры туралы айтып берсе.

2-жүргізуші: Тренинг. Ұйымдастратын мектебіміздің психологы___________________
Оқушылардың сұрақтарына кезек беру.
1. Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?
2. Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі қажет?
3. Мамандық адамның қабілетіне, бейімділігіне байланысты ма?
4. Сіз қандай маман болуды армандадыңыз? Неліктен?
5. Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыз?
6. Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыздар?
7. Қартайғанда да мамандық таңдауға бола ма?
8. Қай уақытта адам өз жемісін көре алады?

1-жүргізуші: «Еңбек атаулының бәрі де бағалы, өйткені ол адамды ізгілендіреді», - деп ұлы орыс ақыны Л.Н. Толстой айтпақшы, адам өзінің болашақ кәсібіне әртүрлі жолдармен келеді. Бірулер үшін- ол ойға алған арманның орындалуы, енді біреулер үшін ол - отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін - әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң таңдалған мамандық болып табылады. Адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз-өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақтар қойып, мамандық таңдауда қателеспеуі керек.
Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы - адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, мамандықты дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс- табыс биігіне жеткізетін қанат. 2-жүргізуші: Ән:_______________________ Орындайтын:_______________________
2-жүргізуші: «Қазіргі заманның табысты мамандары».
Біз оқушылар еліміздің Тәуелсіздігінің тұғыры мықты болу ушін өз үлестерімізді қосуымыз қажет. 11 жылдық мектепті жақсы аяқтап қазіргі заманға лайықты мамандық иесі болуымыз қажет.
Аниматор - суретке жан бітіруші. Мультипликатор - мультфильмдерге арналған суреттер салушы. 3D-аниматор - үш деңгейлі графиканы өңдеуші дизайнер. Мұндай мамандар мультфильмдерді және арнайы эффектілер мен телевидениеге арналған заставкаларды жасайды. Қазіргі таңда кинолар мен мультфильмдер, телеарналар осынысымен өтімді болып отыр.
Витражист - көрмедегі және дүкендердегі заттарды тартымды етіп орналастыра білетін мамандар. Олар сөрелердің және олардың бөлшектерінің дизайнын жасап, көрме кешендерін әрлендіреді.
1-жүргізуші: Декоратор - түрлі мекемелерді, ғимараттардың ішін әсемдеуші. Театр түсірімдеріне арнайы сурет, графика, сәулет туындыларын таңдап, техникалар жарықтандыру құрылғыларын орнатушылар. Бүгінде біздің театрларымыздың сахналары әлі ескі үлгімен жасалған. Ал шетелдік тетрлардың барлығы заманға сай көркемделуі арнайы мамандардың араласуымен жүзеге асады.
Интерьер дизайнері - үйіміздегі немесе кеңсеміздегі жиһаздарымызды талғаммен орналастыра білетін мамандар. Бұл да қазіргі заманның таптырмайтын мамандары.
Грим жасаушы суретші. Бұл мамандықтың құрамына төрт мамандық сыйып кетеді, яғни шығармашылық бірлестік деп атауға болады. Бұл бірлікке қоюшы-суретші кіреді. Суретші кейіпкерге тән бет-бейнені жасап, режисермен тығыз байланыста жұмыс істейді.

2-жүргізуші: Жас мамандарға жасырынған қағаздардағы тапсырмаларды орындату. Әрбір шыққан жас мамандардың берген жауаптарын ардагер ұстаздарымыз бағалап, ақыл-кеңестерін айтады.
1) ашық тәрбие сағатына дайындық үстіндесіз. Өлеңді жақсы айтатын оқушыңыз «өлең айтпаймын» деп қырсығуда. Сіздің әрекетіңіз?
2) мемлекеттік емтиханға кешігіп жатқан оқушыны күткен мұғалімнің әрекеті. Емтихан басталды. Кешіккен оқушының ешқандай құралсыз емтиханға келуі. Мұғалімің әрекеті.
3) кеше сабақтан қашып кетіп, бүгін ештеңе болмағандай сабаққа келіп отырған оқушылар мен сынып жетекшісінің әрекеті.
Жүргізуші: көп-көп рахмет, ардақты ұстаздар. Орындарыңызға отыруға рұқсат.
1-жүргізуші: «Ең жақсы» ойыны (сәйкестендіру парақшасын ұстаздарға таратып береді)
1. Ең ақшасы көп ...................(банк қызметкері, экономист)
2. Ең жасыл ...........................(эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші)
3. Ең тәтті ............................. (аспаз, кондитер)
4. Ең күлкілі .......................... (клоун, карикатурашы)
5. Ең жауапты ........................ (сот, бухгалтер)
6. Ең салмақты ...................... (мұғалім, заңгер)

4-оқушы:
Көңілде өткен күннің елестері
Сырласып құрбылармен тең өскені
Ән шырқап талай тойды бірге өткізген
Кездері кеше ғана емес пе еді
Бәрі де қандай еді жас шағында
Уақыт қалай өткен қас қағымда
Кездері кеше еді ғой жарқыраған
Жұлдыз боп әр ауылдың аспанында
5- оқушы:
Жастықтың түспей жасыл туы қолдан
Құлпырған қырдың қызыл гүлі болған
Кездері кеше еді ғой әр ауылдың
Жарқырап жанған көкте күні болған.
Ел тыныш жүріп жатсыз ортамызда
Құрметпен қол жаямыз батаңызға
«Шүкір»дейді ақ шашты ардагерлер
Айналар өмірі үлгі, аты аңызға.
2-жүргізуші:
Ұстаз ұлағатты есім. Шәкірттеріңізді білім нәрімен сусындатып, тәлім тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойларына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде еңбектеріңіз зор. Олай болса, құрметті ардагер - ұстаздар, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем болып, ұзақ ғұмыр кешіңіздер демекпіз.
Қорытынды.
Құрметті қонақтар, ардақты ұстаздар мен оқушылар! «Үлкендер жолы - ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!» атты ардагер ұстаздармен кездесу кешіміз өз мәресіне жетті.
«Жапырағын жайған бәйтерек, тереңге тартқан тамырын» демекші, ардагер-ұстаздарымыздан
бәйтерек ағашына жас мамандар мен оқушыларға арнап тілек қалдыруларыңызды сұраймыз.
«Батаменен ел көгерер» (ардагерлерден бата сұрау)
Хор. «Ұстазым»

© 2010-2022