Көрсеткіштік теңдеулерді шешу сабақ жоспары

Раздел Математика
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ 52

Мектеп Қант зауыты

Күні 20.01.2016ж

Мұғалім есімі Тенизбаева М.Р.

Сынып 11а

Қатысқандар саны 10

қатыспағандар саны жоқ


Тақырыбы:

Көрсеткіштік теңдеу

Сабақ негізделген оқу мақсаты

Көрсеткіштік теңдеуді бірдей негізге келтіру және жаңа айнымалы енгізу тәсілімен танысын, оларды есептер шығаруда қолдануды үйренеді.

Оқу нәтижелері

Барлық оқушылар

Көрсеткіштік теңдеулерді шешу сабақ жоспарыКөрсеткіштік теңдеулер шешудің тәсілдерін біледі

Көрсеткіштік теңдеулерді шешу сабақ жоспарыБірдей негізге келтіру тәсілімен көрсеткіштік теңдеулерді шығарудың алгоритмін біледі

Көрсеткіштік теңдеулерді шешу сабақ жоспарыКөрсеткіштік теңдеулерді жаңа айнымалы енгізу тәсілімен шығару алгоритмін біледі

Міндетті деңгей тапсырмаларын орындай біледі.

Оқушылардың басым бөлігі

Көрсеткіштік теңдеулерді шешу сабақ жоспарыКөрсеткіштік теңдеулер шешудің тәсілдерін қолдана отырып, білімді, дағдыны жетілдіре түсетін теңдеулерді шығара біледі.

Кейбір оқушылар

Көрсеткіштік теңдеулерді шешу сабақ жоспарыТүрлендірудің әртүрлі тәсілдерін қолдану арқылы теңдеулерді шығара алады.

Алдыңғы оқу

Көрсеткіштік функцияларды диференциалдау.


Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар


Басталуы


Психологиялық дайындық. «Жыланша» әдісін қолдану. «Ұшақ» ойыны арқылы өткен тақырыпты қайталау. Үйге берілген есептердің орындалу дұрыстығын ауызша тексеру. «Қол белгісі», «Таңдамалы сұрау» әдісін қолдану.

Бақылау, қадағалау, ынталандыру

Ортасы


Сынып оқушыларын 2 топқа бөлу. «Ирек», «Түртіп алу» әдістерін қолдана отырып, оқушылар өздері жаңа тақырыппен танысады. Оқу мақсаты мен міндеттерін бірлесе анықтау. 1-ші топ «Бірдей негізге келтіру тәсілімен көрсеткіштік теңдеулерді шығару», 2-ші топ «Көрсеткіштік теңдеулерді жаңа айнымалы енгізу тәсілімен шығару» тақырыптарында алгоритмін түсіндіріп, мысалдар келтіріп постер қорғайды.

1-топ №260, №262. 2-топ №261,№263 тапсырмаларды «Жалаушалар тізбегі» әдісін қолдана отырып орындау. «Шеңбер әдісі бойынша тексеріп, қателерін түзетіп толықтырады. №266, 267, 271 есептерді оқушылар топта кеңесе отырып орындап, топтар бір-бірін бағалайды.

Бақылау, қадағалау. Ынталандыру арқылы бағаланады.


Өзара бағалау.

Өзін-өзі бағалау.

Аяқталуы


Оқушылардың бағалау парағының нәтижесі бойынша өздерін-өздері бағалайды.Үйге тапсырма:№263, 268, §16 оқу.

«Смайлинг» әдісі бойынша кері байланыс алу.

Бақылау, қадағалау.

Өзін-өзі бағалау

Қосымша ақпарат

Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайыз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс құндылығы байланысы

«Формативті сұрау» әдісі арқылы, оқушыларға бағыт беру. Бақылау, қадағалау нәтижесі бойынша кеңес беру.

Бақылау, қадағалау, өзара бағалау және бағалау парағының нәтижесі бойынша бағалау.

Қазақ тілі


Рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі ұяшыққа сабақ туралы өз пікірлеріңізді жазыңыз. Ол ұяшықтағы Сіздің сабақтың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаты 45 минутқа негізделен.Сабақта оқушылар көрсеткіштік теңдеулерді шешу әдістерін өздігінен меңгеріп, берілген есептерді шығара білді. Сыныпта оқушылар бірлесе жұмыс жасады. Сабақ жоспарында жоспарланған іс-шараларды толық орындап, таңдап алынған іс-шаралар тиімді болды.

Таймерді тиімді қолдану нәтижесенде барлық тапсырмаларды оқушылар орындап үлгерді.

Есептер шығаруға көбірек уақыт бөлу үшін, топтардың өзара бағалауын қысқарттым.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1. «Ұшақ» әдісі

2. «Жалаушалар тізбегі» әдісі

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

  1. «Ирек» стратегиясын қолдана отырып, тақырыпты оқушылардың өздігінен меңгеруі.

  2. Бағалау парағын қолдана отырып, оқушылардың өздерін-өздері бағалауы.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

  1. Топтық жұмыс барысында өзара бағалау парағын қолданғаным дұрыс деп ойлаймын.

  2. Өздерін-өздері бағалау барысында, келесі сабаққа нақты мақсаттар қоюға үйретуім керек деп ойлаймын.




Көрсеткіштік теңдеулерді шешу сабақ жоспарыКөрсеткіштік теңдеулерді шешу сабақ жоспары

Көрсеткіштік теңдеулерді шешу сабақ жоспарыКөрсеткіштік теңдеулерді шешу сабақ жоспары

Көрсеткіштік теңдеулерді шешу сабақ жоспарыКөрсеткіштік теңдеулерді шешу сабақ жоспары



Көрсеткіштік теңдеулерді шешу сабақ жоспарыКөрсеткіштік теңдеулерді шешу сабақ жоспары

Көрсеткіштік теңдеулерді шешу сабақ жоспары





л.


© 2010-2022