Урок математики в 9 классе

Раздел Математика
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қысқа мерзімді жоспар

Пән мұғалімі:Тәжібаева Шамшикамар Темирбулатовна

пәні

Алгебра

сынып

9

тақырып

Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе-теңдікті қолдану

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

  • Тақырып бойынша білімдерін кеңейтеді

  • Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді пайдалана алады

  • Өрнектерді түрлендіреді, ықшамдайды, тепе-теңдіктерді дәлелдейді

  • Сөз қорын толықтырады.

  • Өзін-өзі реттейді

Кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

бағалау

ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында оқушыларға психологиялық тренинг өткізеді



Оқушыларды топқа бөледі

Оқушылар «шаттық шеңберге» тұрып, ішкі шеңбердегі оқушылар қарсы тұрған жолдастарына бойындағы ең жақсы қасиетін айтады. Мысалы «Абзал, сен өте мейірімдісің...»

Үлестірме материалдардан тригонометриялық тепе-теңдіктің «жалғасын» тап тапсырма арқылы 2 топқа бөлінеді

үлестірме материалдар

Қызығушылықты ояту

Үй жұмысын тексереді «Алты неліктен» әдіс-тәсілді пайдаланып сабаққа мотивация жүргізеді

Ортаға шығып «6 неліктен» дайындаған жазбаларын оқиды

Сабаққа мақсат қою

«Білу ғана аз, сол білгеніңді істе қолдана білу керек» Иоган Гете

Әрбір оқушыға бағалау парақшаларын таратады, бағалау критерийлері құрылып, сол арқылы оқушылар бағаланады

бағалау парақшалары

Мағынаны ашу

«Ыстық орындық»әдіс-тәсілді пайдаланып тақырыпқа байланысты теориялық материалды қайталатады

Ортадағы «ыстық орындыққа»отырып жолдастарының сұрақтарына жауап береді

Топтық бағалау

Жаңа тақырып

Жаңа тақырыпты өздігінен танысуды ұсынады

Оқулықтағы мысалдарды талдайды, «Жигсо» әдісін қолданып келесі топқа түсіндіреді

алгебра оқулығы

Алған білімдерін бекіту

Деңгейлік есептер таратады

1.Алгоритмдік деңгей

2. Эвристикалық деңгей

3.Шығармашылық деңгей

Өз деңгейлеріне байланысты есеп шығарады. Тақтада есептің дұрыс шығарылуын көрсетеді.

Өзін-өзі бағалайды

үлестірме материалдар

дәптер

Шығармашылық жұмыс

«Тригонометриялық функциялар» тақырыбында постер жасатады

Постер жасайды

бір топ:sin, tg

екінші топ: cos, ctg

ортаға шығып топпен қорғайды

Топтық бағалау «екі жұлдыз, бір тілек»

ватман, маркер фломастер стикер

Қызығушылықты ояту

Тарихи мәліметтер

ұсынады: тригометрияның шығуы, дамуы

Қорытынды

Қысқа қорытынды тест жұмысын ұсынады

Тест жұмысын орындайды

Өзін-өзі бағалайды

үлестірме материалдар

Сабақты талдау

Білім ағашына :

1.Біз бүгін сабақта не үйрендік? 2.Сабақтан алған әсерім? Деген сұрақтарға оқушылардан жазбаша жауап алады

Жауаптарын стикерге жазып «Білім ағашына іледі»

Өзін-өзі бағалайды

стикер

білім ағашы

Бағалау

Оқушылардың бағалау парақшаларындағы формативті бағалары бойынша

жиынтық баға шығарады

«бағдаршам» әдісін пайдаланып тақырыпты түсінуін бағалайды

Өзін-өзі бағалайды

түрлі-түсті кеспе қағаздар



Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданы

Ақтас негізгі мектебі

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы:Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді пайдалану

Сынып: 9

Пән мұғалімі:Тәжібаева Ш.Т.

© 2010-2022