Үшбұрыштың биіктігі, биссектрисасы және медианасы

Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Cабақ жоспары

Пәні:Геометрия

Сынып: 7
Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштың биіктігі, биссектрисасы және медианасы
Мақсаты:
А) Жаңа тақырыпты баяндау, яғни үшбұрыш медианасы, биіктігі және биссектрисасы ұғымдарын анықтап, қасиеттерімен танысып, олардың дәлелдеу жолдарын білуге, практикалық мақсатқа пайдалануға үйрету.
ә) Оқушылардың ой - өрісін кеңейту, танымдық қызметіндегі дербестікті, пәнге деген қызығушылықты, шығармашылық қабілетін дамыту.
Б) Баланы ізденіске баулып, жауапкершілікке, ұқыптылыққа, дәлдікке және өз бетінше жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, үшбұрыштың түрлері, сөзжұмбақ плакаты, ойын көрнекіліктері, «Бағдаршам», сызғыш, транспортир
Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгерту
Әдісі: Жаңа технологиялар және СТО

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
А) оқушыларды түгелдеу
ә) сабаққа әзірлеу

ІІ. Өткен тақырыпқа шолу арқылы қызығушылықты ояту
«Үшбұрыш» сөзжұмбағы беріледі
Қайталау сұрақтары:
1. Түзу бойында нелер орналасқан? /Латын бас әріптермен белгіленетін нелер?/(Нүкте)
2. Қазақтың байырғы өлшем бірлігі? (шақырым)
3. қандай фигураның формуласы (шеңбер ұзындығы)
4. Барлық бұрыштары тік болатын төртбұрыш (тіктөртбұрыш)
5. Қиылыспайтын екі түзу қалай аталады? (параллель)
6. Қосындысы 180˚ - қа тең болатын бұрыштар? (сыбайлас)
7. Үшбұрыштар теңдігінің неше белгісі бар? (үш)
Үй тапсырмасын сұрау:
А) Үшбұрыштар теңдігінің І, ІІ белгілерін тұжырымдап айту
ә) №103 - есеп (ауызша)

ІІІ. Жаңа сабақты баяндау
1. 3. Үшбұрыштың биіктігі, биссектрисасы және медианасы.
Үшбұрыштың биіктігі деп оның төбесінен қарсы жатқан қабырғасы арқылы өтетін түзуге түсірілген перпендикулярды атайды. 55 - суретте АВС үшбұрыштың ВН биіктігінің Н табаны оның АС қабырғасында жатыр. Ал, 56 - суретте биіктіктің табаны Н Ас қабырғасының созындысында жатыр.
Үшбұрыштың берілген төбесінен жүргізілген биссектрисасы деп осы төбесіндегі бұрыш биссектрисасының қарсы жатқан қабырғасымен шектелетін кесіндіні айтады. (57 - сурет, АD - биссектриса).
Үшбұрыштың берілген төбесінен жүргізілген медианасы деп осы төбені қарсы жатқан қабырғасының ортасымен қосатын кесіндіні айтады. (58 - сурет, ВD - медиана).



© 2010-2022