Математика пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары Бүтін өрнектерді түрлендіру (7 сынып)

Раздел Математика
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Сабақтың тақырыбы:

Бүтін өрнектерді түрлендіру мерзімі: 04.02.2016 жыл

Мақсаты :

(SMART,орта мерзімдегі жоспар)

Қысқаша көбейту формулаларын қолдана отырып, бүтін өрнектерді көпмүшеге түрлендіру бейімділігн қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:

(орта мерзімдегі)

1) көпмүшені көбейткіштерге жіктеудің әр-түрлі тәсілдерін қолдану дағдыларын қалыптастырады;

2)ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару тәсілін,топтау тәсілін және қысқаша көбейту формулаларын қолдану тәсілдеріне мән береді;

Табыс критерийі:

- тапсырманы орындау барысында қысқаша көбейту формулаларына келтіріп түрлендіреді;

- ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару арқылы бүтін өрнекті түрлендіре алады;

- топтау тәсілін қолданып көпмүшені көбейткіштерге жіктей алады;

Негізгі идеясы:

Бүтін өрнекті әр түрлі тәсілдерді қолдана отырып түрлендіре білу дағдысын қалыптастыру.

Оқулық :

(ҚР ҒБМ ұсынған)

Ә.Н.Шыныбеков

Сабақтың барысы /мұғалімнің ескертпелері:

Уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурсы

Формативті

(ОүО)

Суммативті (ОБ)

1мин

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

Сәлемдеседі. Кұрал жабдықтарын алып сабаққа дайын далады.

.

А-4 форматты қағаз

5 мин



ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.(білу) жаңа сабаққа қажетті ұғымдарды еске түсіретін қайталау сұрақтары

1.қысқаша көбейту формулаларын еске түсірейік; (1-7) ормуланы еске түсіру

Оны біз «Сәйкестік» стратегиясы арқылы тексереміз. Сәйкестік тест

  1. a2-b2= 1. a3-3a2b+3ab2-b3

  2. (a-b)2= 2. (a-b)(a+b)

  3. (a+b)2= 3. (a-b)(a2+ab+b2)

  4. (a-b)3= 4. a2-2ab+b2

  5. (a+b)3= 5. a3+3a2b+3ab2+b3

  6. a3-b3= 6. a2+2ab+b2

a3+b3= 7. (a+b)(a2-ab+b2)

2. Мына берілген тапсырма бойынша бүтін өрнекті және бүтін емес өрнекті бір бағанға, жазып көрсет. (алгебралық диктант).

1.Сұраққа жауап береді.

2.Берілген тапсырманы таратылған карточкаға жазады, дұрыс жауабын тақтадан тексереді.

Тақтадағы шағын тестке жауап береді. І І. Үй тапсырмасын пысықтау.

Екі өрнектің квадраттарының айырымы...

Екі өрнектің қосындысының квадраты...

Екі өрнектің айырымының квадраты...

Екі өрнектің кубтарының қосындысы...

Екі өрнектің кубтарының айырымы...

Екі өрнектің қосындысының кубы...

Екі өрнектің айырымының кубы...

Жалғасын әр оқушы ережесін айтып береді..

Жарайсың

Өте жақсы

Интерактивтік тақтадағы жауап бойынша өздерін өздері бағалайды.


Интербелсенді тақта



3 минут

ІІІ Топқа бөлу 3 топқа бөлемін

(Қысқаша көбейту формулалары жазылған карточка бойынша бөлу) (7-4)2, (7+4)2, (72-42) осы есепті шығару арқылы жауабы 9,121,33 жазылған парталарға барып отырады.яғни 3 топ бөлінгеннен кейін осы сандардың сыры мен қасиеттері туралы ой бөліседі.

«Ой шақыру» әдісі бойынша оқушылардың пікірін білу сабаққа назарын аудару. Сіздердің қолдарыңыздағы есептер қандай формулаларға келеді? "Ой шақыру" әдісі бойынша осы есепте қандай формуланы қолданғаны туралы айтып өтіңдер.

Жарайсыңдар

Тамаша

Бағалау шарт тарын түсіндіріп, әр топ басшыла рына тарату. Бағалау парағы бойынша бағаланады. Топ мүшелеріне рольдерді бөліп беру.

Қысқаша көбейту формулалары жазылған карточка

10 мин

Жаңа сабақ. (түсіну)

Бүтін өрнекті түрлендіру. Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу тақырыбын оқушылар кітаптағы 3 мысал арқылы түсіндіруге тапсырма берілді. Әр топ осы мысалды талдап, оған қандай формулаларды қолданғанын және қандай тәсілді қолданып көпмүшеге түрлендіргенін түсіндіру керек.Осы тапсырмаға 10 минут берілді.

Оыс мысалды меңгертіп, көмпүшені көбейткіштерге жіктеуді оқушыларға өздеріне меңгерту.

Кітаптағы (1) формуланы зерттеп оның дәлелдейді.

Анықтаманың мәнін түсініп оған сипатама береді.

Әр топ осы анықтаманы меңгергеннен кейін оған кітаптағы мысалды талдап түсіндіреді. (1,2,3 мысалды талдайды) кітаппен өткен тақырыпты байланыстыра отырып қоланған әдістер туралы мәліметтер жинайды. Топ мүшелерінің берілген мысалдарға толық талдау жасайтынын ескертіледі. (қандай формулалар мен анықтамалар қолданды, неге баса назар аударылуы керектігі ескеріледі)

Топ бірін бірі бағалайды.

1т-2т-3т-1т бағалайды

Оқулық,Постер, маркер, стикер.

1 мин

Қолдану. Қорытынды жасау: ортақ көбейт кішті жақша сыртына шығару, қысқаша көбейту формуласын қолдану, топтау тәсілін қолдану.

1-мысалға ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару тәсілі болса, 2- мысалда қысқаша көбейту формулаларын ал 3- мысалда топтау тәсілін қолданғаны туралы қорытындылайтынына көз жеткізу.

Өте дұрыс, Жарайсыңдар, тамаша

10 мин

Қолдану. Деңгейлік тапсырма орындату, ондағы мысалдағы есептерді кітаптағы келтірілген есептерге қолданып оқушылар өздері орындайды. Бағалау критериі бойынша әр оқушы өзін-өзі бағалайды.

Деңгейлік тапсырмаларды топ мүшелері ақылдасып шығарады, топ жетекшісі бағалайды

(А деңгейіне 4 есеп ол 1 мысалға байланысты №457 4есеп,Б деңгейіне-2 мысалға байланысты №461 2 есеп,С деңгейіне 3 мысал бойынша №463 2 есеп) деңгейлі есептер беріледі.

Бағалау критериі бойынша бағаланады.

1 мин

Сергіту сәті.Өткен тақырып бойынша қысқаша көбейту формулаларын пайымдау, жалпылау бойын ша есептер беріледі. Бұл тапсырмаларда есептемей ақ ережелер мен қорытынды ларды еске түсіріп жауап береді.жылдам есептеу әдісі, ережені еске түсіру.

Қайсысы үлкен? (сигнал карточканы көтерген топ бірінші жауап береді)

2.297*299 және 2982

3.263-243 және (26-24)3

4.(17+13)3 және 173+132

Бірін бірі бағалайды сигнал карточка бойынша

7 мин

Жинақтау: «Ойлан жұптас-бөліс» әдісі бойынша жұппен орындайтын тапсырма беріледі.Жұппен жұмыс: жұлдызшаның орнына тиісті мәндермен алмастырыңдар. №488 (тақ нөмірлерін орындау)

  1. а44 2.(а+2в)2 -(3с+4d) Таспырманы орындап болғаннан кейін тақтадағы дұрыс жауап арқылы көршісі көршісін тексеріп, қорытындысын топ жетекшісіне хабарлайды.

Топ мүшелері өздерін-өзі бағалайды.

Үй тапсырмасы: №490,494,501


5 мин

а2

ва

ав

в2

Суретті пайдаланып, түрлендірген формуланың геометриялық мағынасын түсіндіріңдер

Квадраттың қабырғасын а+в ұзын дығында қиғанда төрт төртбұрыш алдық, оны қысқаша көбейту формуласына түрлендіріңдер.

Өмірмен байланыстыра мысал келтіріңдер.


1

Кері рефлексия: берілген үш сұрақ бойынша «бір минуттық эссе» жазу


1.Бүгінгі өтілген тақырып несімен қызықты? 2. Өздерің үшін қандай жаңалық алдыңдар? 3. Қандай тапсырма сенің шығарма шылығыңды дамытты?

1минут

Бағалау

Топ мүшелерінің аты-жөні

Үй тапсырмасын пысық-тау

Шағын тест

Деңгей-лік тапсыр-ма

Жұппен жұмыс

Геометриялық мағнасы

Қоры-тынды баға





Бағалау өлшемдері: тапсырманың әр кезеңі жеке бағала нады. Онда дұрыс орындалған тапсыр ма-3 балл, жартылай орындалған тапсыр ма-2 балл, орындау ға әрекет етсе-1 бал л, мүлдем орындал маса-0 балл. Баға: "5" 15-18бал, "4" 12-14балл, "3" 8-11 балл, "2" 3-7ба

1 минут

Үйге тапсырма: 103- бет, №458(1-5), № 460,

тақырыпқа сәйкес өмірмен байланысты мәтін есеп құрастыру




© 2010-2022