Сабақтың тақырыбы: Теңдеулерді шешу 5ә сыныбы

Тақырыбы:    « Теңдеулерді шешу»  5Ә сынып    13.10.2014ж.      Мұғалім Карбозова Ш.С. Мақсаты:      -есептеу дағдыларын және теңдеу шығару қабілеттерін бекіту; -ауызша тұжырым жасауды меңгерту; -математикалық тілде сөйлеп, дәлелдеуге жаттықтыру. Сабақ типі: Аралас. Үйрету әдісі: информациялық-рецептивті. Керекті жабдықтар: карточкалар, компьютер, мультимедиалық проектор. Сабақ жоспары:     1)      Ұйымдастыру. 2)      Үй тапсырмасын тексеру. 3)      Өткенді пысықтау. 4)      Ережелерді пайдала...
Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: « Теңдеулерді шешу» 5Ә сынып 13.10.2014ж. Мұғалім Карбозова Ш.С.

Мақсаты:

-есептеу дағдыларын және теңдеу шығару қабілеттерін бекіту;

-ауызша тұжырым жасауды меңгерту;

-математикалық тілде сөйлеп, дәлелдеуге жаттықтыру.

Сабақ типі: Аралас.

Үйрету әдісі: информациялық-рецептивті.

Керекті жабдықтар: карточкалар, компьютер, мультимедиалық проектор.

Сабақ жоспары:

  1. Ұйымдастыру.

  2. Үй тапсырмасын тексеру.

  3. Өткенді пысықтау.

  4. Ережелерді пайдаланып теңдеу шығару.

  5. Сергіту сәті.

  6. Есеп шығару. а)сөз есепке теңдеу құру,

ә)екі тәсілді меңгеру,

б)логикалық тапсырма шешу,

  1. Өздік жұмыс.

  2. Үй тапсырмасы.

  3. Қорытындылау.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру.

  2. Үй тапсырмасын тексеру: №124, 125 (1, 4).

№124. Тиімді тәсілмен есептеңдер:

  1. 46+a+24+a=2a+70 4) 57+b+43+b=100+2b

  2. 25*9*b*4=900b 5) 89*6-9*6=6(89-9)=480

  3. 96*7+4*7=7(96+4)=700 6) 72*5+28*5=5(72+28)=500

№125. Теңдеуді шешіңдер:

  1. 6m+m-35=21 4) (x+57):7=12

7m-35=21 x+57=12*7

7m=56 x+57=84

m=56:7 x=84-57

m=8 x=27

6*8+8-35=21 (27+57):7=12



  1. Өткенді пысықтау .Есеп оқыту: Таразының сол жақ табақшасында қарбыз және 2 кг кір тасы, ал оң жақ табақшасында 5 кг кір тасы орналасқан. Таразы тепе-теңдікті ұстап тұр. Қарбыздың салмағы қанша?

С) Осы есепті қалай шешеміз?

Ж: Теңдік құрастырамыз.

С) Осы теңдік дұрыс орындалатындай Х-тің мәнін табу керек пе?

x+2=5 - дегеніміз не? (теңдеу) x=3 - түбір.

ІV.Ережелерді пайдаланып теңдеулерді шығару.

С. Келесі теңдеудің түбірін табайық:

Ж: x+37=85 x=85-37 x=48

Теңдеуді шештік!

С. Белгісіз қосылғышты қалай табамыз?

Ж: Қосындының мәтінінен белгілі қосылғышты азайту керек.

Тапсырма №1: Теңдеулердің дұрыс шешілгенін тексер. Қателері болса оларды тауып өзгерт.

  1. x+315=887 2) y+92=144

x=887-315 y=144+92 y=144-92

x=572 y=236(қате) y=52.

С. Белгісіз азайтқышты қалай табу керек?

Ж: Айырманың мәніне азайтқышты қосу керек.

Тапсырма№2: Теңдеулерді тексер! Қатесін өзгерт.

  1. x-215=115 2) x-47=247

x=215-115 x=215+115 x=247+47

x=100 (қате) x=330 x=254

С. Белгісіз азайтқышты қалай табамыз?

Ж: Азайтқыштан айырманың мәнін азайту керек.

Тапсырма№3: Теңдеулердің дұрыс шешілгенін тексер. Қателері болса оларды тауып өзгерт.

  1. 371-x=37 2) 100-x=63

x=371-47 x=100+63 x=100-63

x=324 x=163 (қате) x=37.

V.Сергіту сәті.Тез тұрамыз,жымиямыз,
Жоғарыға тартыламыз,
Иықтарды біз жазамыз,
Көтереміз, түсіреміз.
Оңға,солға бұрыламыз,
Қолды жерге жеткіземіз,
Бір отырып , бір тұрамыз,
Орнымызға отырамыз!

VI. Есеп шығару:

а) 1) Себетте бірнеше саңырауқұлақ болды. Оның ішіне тағы 27 саңырауқұлақ салғанда, барлығы 75 болды. Алғашқыда себетте неше саңырауқұлақ болды?

(Теңдеу құрастырып, шешу)

x+27=75 x=48



  1. Спорттық лагерьде 322 адам болды. Бірнеше адам саяхатқа шыққанда, лагерьде 275 адам қалды. Саяхатқа неше адам шықты?

322-x=75 x=47.



  1. Дүкенде орам матада бірнеше метр мата болды. Одан 9 метр матаны кескеннен кейін, орамда 23 м мата қалды. Орамда алғашқыда неше метр мата болды?

x- 9=23 x=327



  1. Теңдеуді шешпей төмендегі сандардың қайсысы теңдеу түбірі болатынын тексер! 42; 14; 0; 12.

87+(32-x)=105 x=14.

ә) Ескерту: Теңдеулерді екі тәсілмен шешуге болады:

1) Ереже бойынша: 2) Өрнекті ықшамдап:

(35+y)-15=31 (35+y)-15=31

35+y=31+15 y+35-15=31

35+y=46 y+20=31

y=11 y=11.



  1. 12+(x+34)=83 2) 12+(x+34)=83

x+34=83-12 x+12+34=83

x+34=71 x+46=83

x=71-34 x=83-46

x=37 x=37.

Енді өздерің ыңғайлы тәсілмен теңдеулерді шешіңдер:

56-(x-15) =30 (45-y) +18=58 (24+x)-21=10

x=41 y=5 y=7

б) Логикалық тапсырма: Жұлдызшаның орнына теңдеудің түбірі 4-ке тең болатындай санды қой.

1) *+5=2x+1 2) 3x-7=*-2 3) (5x=2):11=*-3

*=4 *= 7 *= 5

4) Теңдеулерді шеш: Әріптердің орнына, теңдеулер тігінен де, ұзынынан да дұрыс болатындай түбірін тауып, сандарды орнына жаз.

12

+

*

=

40

+


-


+

*

-

25

=

*

=


=


=

44

+

3

=

*



VII . Өздік жұмыс.

I-нұсқа

II-нұсқа

1.Теңдеуді шеш:

1

x+32=172

1

83+c=345

2

463-y=219

2

n-93=139

3

(246+a)-42=643

3

318-(m-8)=27

2.Есепті теңдеу құру арқылы шығар:



Санаторийда 97 демалушы болды. Бірнеше демалушы экскурсияға кеткеннен кейін, санаторийда 78 демалушы қалды. Неше демалушы экскурсияға кетті?



Автобуста барлығы 78 адам болды. Аялдамада бірнеше адам автобустан шықты. Автобуста 59 адам қалды. Неше адам аялдамада автобустан шығып кетті?

VIII.Үйге тапсырма беру: №96 (ережелер жаттау).

IX.Рефлексия

Х. Қорытындылау, баға қою.

© 2010-2022