Краткосрочный план по математике на тему Окружность

Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Краткосрочный план по математике на тему ОкружностьКраткосрочный план по математике на тему ОкружностьКраткосрочный план по математике на тему ОкружностьКраткосрочный план по математике на тему ОкружностьКраткосрочный план по математике на тему ОкружностьКраткосрочный план по математике на тему ОкружностьКраткосрочный план по математике на тему ОкружностьКраткосрочный план по математике на тему ОкружностьКраткосрочный план по математике на тему ОкружностьТақырыбы

Шеңбер. Дөңгелек

Мақсаты

Шеңбер туралы ерекшеліктерді ескере отырып тақырыпты өрнектеуді меңгереді және білімдерін бекітеді, оны есептер шығаруда пайдаланады. Оқушылар шеңбер ұғымы жайлы толық түснік алады, оны қолданып есептер шығаруға үйренеді.


Жалпы мақсат

Оқушыларға оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін үйретіп, өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдылару арқылы адамның сезім мүшелерін, көз-көру қызметін толығымен түсінеді қалыптастырып дамыту .

Күтілетін нәтиже

Шеңбер тақырыптарын толық менгеріледі, ерекшеліктерін пайдалана отырып есептерді шешуді ұсына алады.


7 модульдің қолданылуы

АКТ", "Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер", "Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау", "Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету", "Оқытуды басқару және көшбасшылық".


Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Миға шабуыл,Сәйкестендіру, Ойлан бірік. Инсерт әдісі, Композизиялық талдау

Қолданылатын ресурстар

Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук

Ұйымдастыру кезеңі

Тренинг

«Мозайкаі әдісі бойынша, сурет арқылы сыныпты топқа бөлу

Оқушылардың мұндағы мақсаты суреттер арқылы өз жұптарын тауып, бір топ болып құралу

Сабақ кезеңдері

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Білім

Қызығушылық

тарын ояту

Миға шабуыл әдісін пайдалану арқылы үй тапсырмасына қатысты сұрақтар


Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру

Слайдта берілген сұрақтарға жауап беру, топпен тапсырманы орындау

Оқушы берген тапсырманы орындау

Түсіну

Композициялық талдау жасау арқылы сұрақ жауап өткізу

Үй тапсырмасын кайталау

Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы оқушылар өзі бір- біріне қоя отырып өткен сабақ туралы не білгендерін ортаға салады

Бір- біріне жақсы сөздер айта отырып сұрақ джауап арқылы бір- біріне жақсылықпен сәттіліктілейді

Қолдану

«Сәйкестендіру» тақырыпқа қатысты жауаптарын сәйкестендіру

арқылы сабақты талдау


Топтарға жаңа тақырып бойынша және өткен сабақты толық меңгерту мақсатында сәйкестендіру әдісін пайдалану арқылы тапсырмалар беріледі.Ол әдіс арқылы оқушы жаңа тапсырманы түсінеді,ойланады тапсырмаға байланысты тапсырмаларды сәйкестендіреді

Берілген жаңа тақырыпты топтан талқылайды, өз ойларын ортаға салады, тексереді, нәтижесін қазаға жазылған тапсырмаға қатысты сйкестендіріп жауабын көрсетеді.

Берілген сұрақтар арқылы топтар бір-біріне сұрақ қою арқылы диалогке түседі.


Сергіту сәті

«Балапандар биі» атты жаттығу жасау

Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау

Интербелсеңді тақтадағы бейнероиктегідей жаттығулар жасайды.

Талдау

«Ойлан бірік. бөліс

» арқылы тақырыпты талдау

Тақырыптың мағанасы мен идеясын талдау үшін әр топқа тапсырма беріледі, әр топ өз тапсырмасын орындаған соң екінші топқа ұсынады

Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру керек.Тапсырмаларын бір -біріне көрсету арқылы ой бөліседі, тақырыптың мағанасын аша отырып өзара топпен талалдайды

Жинақтау

Топпен жұмыс «Инсерт әдісі» арқылы жалпы бүгінгі сабақта не үйренгендерін тексеру арқылы тақырыпты жинақтау


Берілген әдіс бойынша оқушылар бүгінгі сабақтан не үйренгендігін білу үшін оқушылар өз ойларын айтады.


Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру, өзара пікір алмасады, топпен, жек дара тапсырмаларды орындайды

Бағалау

Өзін-өзі бағалау (2 мин)

Бағдарша, бағалау парақшалары

Бағалау парақшасы мен бағалау шкаласын тарату

Өзін өзі топпн бағалайды

Рефлексия

Стикерлерді толтыру

Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну

Ұсынылған стикерді толтыру

Шеңбер оның элементтері.

Шеңбер дегеніміз қандай геометриялық фигура? Ненің көмегімен салынады? Төменге суретін салыңдар.

Яғни циркулдің ашасының бір ұшын О нүктесіне қойып, қарындаш салынған екінші ұшын О нүктесінен айналдырсақ, онда шыққан тұйық сызық шеңбер деп аталады.( 1-сурет)

О

Мұндағы О нүктесі шеңбердің центрі деп аталады.

• Анықтама: Шеңбердің кез келген нүктесін

• центрмен қосатын кесінді шеңбердің радиусы

•А деп аталады. Мысалы, ОА және ОС кесінділері

• С шеңбердің радиустары.

• Анықтама: Шеңберде жатқан барлық нүкте

центрден радиусқа тең бірдей қкшықтықта

орналасқан.

Берілген радиусы бойынша (мысалы, 2 см) шеңберді салу үшін 2-суретте көрсетілгендей циркульдің ұштарын сызғышқа қойып, қажет ұзындықты өлшеп аламыз. Одан кейін ұзындықты өзгертпей шеңбер саламыз.

Краткосрочный план по математике на тему Окружность Краткосрочный план по математике на тему Окружность


2 -сурет 3 -сурет

• Анықтама: Шеңбердің центрі арқылы өтіп, оның екі нүктесін қосатын кесінді диаметр деп аталады.( 4-сурет)

О

диаметр•M ВС, MN, RL кесінділері шеңбердің диаметрлері.

K

•Анықтама: Шеңбердің диаметірі оның

радиусынан 2 есе үлкен.

В С

Мысалы, шеңбердің радиусы 5 см болса,

L диаметрі 10 см болады.

Дөңгелек, дөңгелек секторы

5- суретте кескінделген фигураның центірі О нүктесі болатын дөңгелек екенін сендер білесiңдер.

Мысалы, қағаздан дөңгелекті қиып, алуға болады, ал шеңберді алуға болмайды.

•Анықтама: Дөңгелек шеңбермен шектелген.

дөңгелек

О •Дөңгелектің барлық нүктелері оның центірінен

дөңгелекті шектейтін шеңбердің радиусына тең

немесе одан кіші аралықта орналасқан.

5-сурет

Мысалы, кітаптағы 6-суретте шеңберге және дөңгелекке тиісті нүктелерді атаңдар.

____________________________________

T•

О

B •

• M• •• ••N ____________________________________

А ● ____________________________________

____________________________________

____________________________________

• D

6-сурет

•Анықтама: Дөңгелектің бөлігі дөңгелек секторы деп аталады. Дөңгелектің екі радиусын жүргізіп, дөңгелек секторын алуға болады. Бұл жағдайда бір емес екі сектор алуға болады. 7-суретте бір сектор боялған, екінші сектор боялмаған.

120

О


Әрбір секторға сәйкес келетін бұрыш бар. Біз алдыңғы

сабақта жазыңқы бұрыш және одан кіші бұрыштармен

таныстық.

8-суретте екі жазыңқы бұрыштан тұратын толық бұрыш

көрсетілген.

•Анықтама: Толық бұрыш 360- қа тең болады.

Е Егер дөңгелек екі секторға бөлінсе, онда бір сектордың

1800

О

1800бұрышының шамасы белгілі болса, екінші сектордың

бұрышын табуға болады.

Мысалы, бір сектордың бұрышы 1250 болса, онда

екінші сектордың бұрышы 2350 болады. Өйткені

3600 - 1250 = 2350

F

Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

1. Радиусы 1) 3 см; 2) 1 см 5 мм болатын шеңберді салыңдар.

2. Диаметрі 1) 50 мм; 2) 6 см болатын шеңберді салыңдар.

3. Дөнгелек екі секторға бөлінген. Бір сектордың бұрышы 1)250; 2)900; 3)1260 болса, онда екінші сектордың бұрышы қандай болады?

ІІ деңгей тапсырмалары

1. Дөнгелек үш секторға бөлінген. Егер сектордың бұрыштары 1)52; және 86; 2) 900 және 660; 3)1200 және 1000 болса, онда үшінші секрордын бұрышы қандай?

2. Шеңбер салыңдар. Арасындағы бұрыш 1)1800; 2) 900; 3 )450; 4)1350 болатындай шеңберде екі радиус жүргізіңдер.

ІІІ деңгей тапсырмалары

1. Екеуінің бұрышы бірдей, ал үшінші бұрыш екі бұрыштың әрқайсысынан екі есе артық болатындай дөнгелек үш секторға бөліңдер. Осы секторлардың бұрышы неге тең? Қандай бұрыштар шықты? Суретін салыңдар.

2. Дөнгелек үш секторға бөлінген. Егер сектордың бұрыштары 1)52; және 86; 2) 900 және 660; 3)1200 және 1000 болса, онда үшінші секрордын бұрышы қандай?

Топтық жұмыс.

Оқушылар екі топқа бөлініп төмендегі есепті шығарады.

Әрбір оқушы топпен жұмыс істей отырып шеңбер мен дөңгелектің айырмашылығын мен ұқсас қасиеттері, сектор туралы білімдерін тиянақтайды және ой қорытады.

I топ.

Біреуінің бұрышы екіншісінің бұрышынан 8 есе артық болатындай дөңгелек екі секторға бөлінген. Әрбір сектордың бұрышын табыңдар.

II топ.

Бір сектордың бұрышы 500, екіншісінің бұрышы одан екі есе артық, ал үшіншісінің бұрышы екіншісінен 200 -қа кем болатындай дөңгелек 4 секторға бөлінген. Төртінші сектордың бұрышын өлшеңдер. Шыққан нәтижені есептеу арқылы тексеріңдер.



© 2010-2022