Қызықты математика

«Қызықты математика» сайысы Мақсаты: 1.     Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету. 2.     Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. 3.     Тәрбиелік: Оқушыларды жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру. Пәнаралық байланыс:қазақ, орыс, ағылшын тілдері, тарих, физика, сурет, астрономия, геометрия,музыкаСайыс алты  кезеңнен тұрады.1.     Таныстыру2.     Бәйге3.     Бас қатырғы4.     Суретшілер сайысыкөрермендерге сұрақ5.     Капитандар сайысыМарапаттауБас иіп топ алдында шығатынСәлемдесу парызы әрбір жастыңБілімдерін паш етер сайыскерлер Сәті келіп қалғандай танысатын,
Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Қызықты математика» сайысы

Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.

  2. Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс:қазақ, орыс, ағылшын тілдері, тарих, физика, сурет, астрономия, геометрия, музыка

Өтетін орны: кітапхана.

Барысы:

Мұғалім сөзі:

Адамзат тарихында қай кезеңде болмасын ғұламалар ғылым мен білім мәселелеріне ерекше көңіл бөлген. Қазіргі ғаламдық заманда 50 елдің қатарына қосылу үшін білімнің аса қажет екенін Елбасы Н. Назарбаевта жолдауларында баса көрсетті. Қазақстан Республикасы өркениетті ел болу үшін ең бастысы білім. Білім- патриотизм негізі. Білімді болу жүйелі түрде үйренудің, оқығанды зердеге, миға тоқудың нәтижесі. Бүгін біз математиканың жұмбақты да тартымды әлемімен танысамыз, бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткіземіз.

Құрметті Ұстаздар, сайысқа келуші көрермендер 1МЛ-6, 1ФХ-7 топ студенттері «Қызыкты математика» атты білімділер сайысын бастауға рұқсат етіңіздер. «Батылдық- балалық шақта шыңдалады» десек, баланы бала ететін тәрбие құралының бірі-ойын екендігі белгілі. Ойын алаңына сайысқа қатысушы үміткерлерді шақырамыз.

Ендігі кезек әділқазылар алқасылармен таныстырып өтейін

Бүгінгі сайысымыздың өтілу барысымен таныстырайық .

Сайыс алты кезеңнен тұрады.

  1. Таныстыру

  2. Бәйге

  3. Бас қатырғы

  4. Суретшілер сайысы

көрермендерге сұрақ

  1. Капитандар сайысы

  2. Марапаттау

Бас иіп топ алдында шығатын

Сәлемдесу парызы әрбір жастың

Білімдерін паш етер сайыскерлер

Сәті келіп қалғандай танысатын,

«Таныстыру» сайысымыздың 1-ші кезеңінбастайық. Әр топ өз командаларымен таныстырып өтсін. Бұл кезең 5 ұпаймен бағаланады. Ортаға топтарды шақырамыз. (2 минут)

Білімнің ұшқырлығын танып сен,

Асып тасып, асықпа, қалыспа сен

Уақыт деген зымырап, зулап жатыр

Тапқырлық пен шапшаңдық бұл сайыста керек екен - дей отыра келесі кезеңді бастайық.

ІІ кезең. «БӘЙГЕ». Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан (1- минут.)

І -топ

Сұрақтары:

  1. Айырмашылықтары тек таңбасында болатын сандар (қарама-қарсы)

  2. О- ден үлкен сандар (оң сандар)

  3. Қарама- қарсы сандардың қосындысы (о-ге тең)

  4. Бағытталған кесінді (вектор)

  5. Төрт қабырғасы тең тіктөртбұрыш (шаршы)

  6. 90о кіші бұрыш қалай аталады? (сүйір бұрыш)

  7. Бір күнде қанша сағат бар? (24)

  8. 22 -? (4)

  9. Бұрыштың өлшем бірлігі? (градус)

  10. 25- санының түбірі. (5)

  11. Күн көзі жылына неше рет шығады? (365)

  12. Тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу? (перпендикуляр)

  13. Cos2x + sin2x = қосындысы? (1)

  14. Дәлелдеуді қажет ететін сөйлем? (теорема)

  15. 9-ға кері сан? (1\9)

  16. Бір жағы шектелген түзу? (сәуле)

  17. Бұрышты өлшеу құралы? (транспортир)

  18. Барлық қабырғалардың қосындысын? (периметр)

  19. 100 теңгенің жартысы? (50)

  20. Глобус қандай фигураны елестетеді? (шар)

ІІ -топ

Сұрақтары:

  1. 90о үлкен бұрыш қалай аталады? (доғал бұрыш)

  2. О- ден кіші сандар (теріс сандар)

  3. Қарама- қарсы сандардың көбейтіндісі (оң сан)

  4. Ғасырда қанша жыл бар (100)

  5. Квадрат функцияның графигі (парабола)

  6. Алманың жартысы неге ұқсас? (өзіне)

  7. Килограммда қанша грамм бар? (1000)

  8. Шеңберді сызу құралы (циркуль)

  9. Квартетте неше әнші (4)

  10. Қандай санға бөлуге болмайды? (О)

  11. Сызықтық функцияның графигі? (түзу)

  12. Бір минутта неше секунт бар? (60)

  13. Функцияның берілу тәсілдері нешеу? (4)

  14. 33 нешеге тең? (27)

  15. 121түбір тап (11)

  16. Қиылыспайтын екі түзу? (параллель)

  17. 27 саны жылына неше рет қайталанады? (12)

  18. 1 жылда неше күн бар (365 -366)

  19. a2 + b2 = c2 кімнің теоремасы? (Пифагор)

  20. Дәлелдеуді қажет етпейтін сөйлем? (аксиома)

Әділ қазылар сайыскерлердің жинаған ұпайларын айтыңыздар.

ІІІ кезең. БАС ҚАТЫРҒЫ

ҰЛЫ МАТЕМАТИКТЕР

20

30

40

50

ҚАЗАҚТЫҢ БАЙЫРҒЫ ЕСЕПТЕРІ

20

30

40

50

ПОЛИГЛОТ

20

30

40

50

МАТЕМАТИКАЛЫҚ СӨЗДІК

20

30

40

50

ЕҢ, ЕҢ...

20

30

40

50

ЛОГИКАЛЫҚ СҰРАҚТАР

20

30

40

50


  1. ҰЛЫ МАТЕМАТИКТЕР

20Ежелгі дәуірдегі грек математигі. Ол математикадан жазылған теориялық алғашқы трактаттың авторы, басты еңбегі - «Негіздер» деп аталады. Жауабы: Грек математигі Евклид

301907-1942 жылдары өмір сұрген физика-математика ғылымдары бойынша қазақтан шыққан тұңғыш ғалым, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің негізін қалаушылардың бірі, физика-математика факультетінің бірінші деканы. Семей қаласында туған.

Жауабы: Боқаев СадуақасХасенұлы

40Грек ғалымыб.э.д. 569 - 475 ж өмір сүрген, матиматикаға негізделетін құпия ілімнің негізін қалады. Ол сандардың барлық нәрсе екенін және математиканың көмегімен кез келген құбылысты түсіндіруге болатынын дәлелдеген. Мысалы: ол музыкалық аспаптың табиғи көлемінің жартысына тең музыкалық ішек кесіндісінің бір октаваға жоғары дыбыс шығаруға мүмкіндік туғызатынын ашқан,натурал сандар үштігі, бұл сандар ұшбұрыш қабырғаларының ұзындығына пропорционал екенін мына формулалар арқылы анықталады x² + y² = z²ғалымның атын ата.Жауабы: Пифагор

50 Ол Отырарда туған, түркі, араб, парсы, грек және басқа тілдерді жетік білген. Кейбір деректер бойынша тіпті ол 70 тіл білген деп те айтады. Ол математиканы үлкен-үлкен жеті тарауға бөлеген. Оның айтуынша теориялық арифметика үш тарауды қамтиды: 1) сандардың бір-біріне қатыссыз жеке-дара қасиеттерін қарастыратын тарау (жұп және тақ сандар, кемел, жазық, т.б. сандар теориясы); 2) сандардың бір-біріне қатысты қасиеттерін қарастыратын тарау (теңдігі, теңсіздігі, қатынасы, пропорция, өзара жай сандар, еселі сандар, т.б.); 3) сандарға амалдар қолдану. Геометрия ғылымның мазмұны мен пәнін ғылым төмендегіше тұжырымдайды: «Геометрия екі ғылымды біріктіреді: біріншісі - практикалық геометрия, екіншісі - теориялық геометрия». Ол кім? Әбунасыр Әл-Фараби

  1. ҚАЗАҚТЫҢ БАЙЫРҒЫ ЕСЕПТЕРІ.

  1. Екі бала, екі әке аңға шықты. Олар үш қоян атып алды. Бірақ олар бір-бірден алып қайтты. Неліктен? Жауабы: ата, әке, бала

30 Түйеқұс екі аяғымен тұрғанда бір пұт тартса, бір аяғымен тұрғанда қанша тартады. Жауабы: Бір пұт

40 Бірде біздің ауылда ат шабыс болып, тайлы-таяғымызбен дөң басына барғанымыз әлі есімде.

Аттың көркі жал емес пе, Адам көркі мал емес пе!-дей келіп, әкем маған: ---Анау үш пар атты көрдің бе? - деді. Мен көрдім дегендей ишарат білдіріп, мұрынды жеңмен сүртіп, бір тартып, басымды изедім. Әкем одан әрі: Үш пар ат сегіз шақырымға шапса, бір ат неше шақырымға шабады? -деді. Мен ол кезде не дегенім есімде жоқ, ал сендер бұған не дер едіңдер? Жауабы: Ол да сегіз шақырым жер шабады.

50 Сәкен жасынан елгезек болып өсті. Ол әрқашан үлкендермен кішілерге қамқорлық жасап, қол ұшын беретін. -Апа! Мына бөренені нешеге бөлеміз? -деді ол. Сонда апа: Жақсы келді дегенше, Жарық келді десейші, Жақсылықтың уытын, Алып келді десейші,-деді де: Бөрене алты құлаш. Бір құлаштан кесіңдер,-деді.Бөрене нешеге бөлінді ? Жауабы: Бөрене беске бөлінеді


  1. ПОЛИГЛОТ

20. ... жылда ел жаңа. (елу, пятьдесят, fifty)

30. Білікті ... жығады,

Білімді мыңды жығады. (Бір, один,one)

40. ... намаз үйреткен таяқ (аю, медведь,bear )

50.Қабат-қабат қаптама,

Ақылың болса, аттама. (кітап, книга, book)


  1. МАТЕМАТИКАЛЫҚ СӨЗДІК.


  1. Квадрат ..... (Шаршы)

  1. Куб ..... (Текше)

40. Процент ..... (пайыз)

50. система ..... (Жүйе)


  1. ЕҢ, ЕҢ...

20Ең кіші жай сан (2)

3012 сәуірде ұшқыш-ғарышкер Ю.А.Гагариннің ең алғаш айтқан тарихта қалған сөзі. (Ал кеттік!)

  1. Ең алғашқы әйел математик. (С. Ковалевская)

  1. Ең алғаш координаттар жүйесін енгізген кім? (Р. Декарт)

6.ЛОГИКАЛЫҚ СҰРАҚТАР

20. Бөлмеде 4 бұрыш. Әрбір бұрышта мысықтар отыр. әрбір мысық алдында 3 мысық. Бөлмеде қанша мысық бар? (4 мысық)

30. Қаранғы бөлмеде керосин шамы және шырақ қатар тұрса, бірінші нені тұтатар едіңіз? (Сірінкені)

40. Жыл он екі ай ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады. Aл 28 саны қай айда кездеседі?(Барлық айда)

50. 5 алманы 5 кісіге тең бөліп беру керек және де себетте бір алма қалу керек.(Төрт алманың әр қайсысың беске бөлу керек)

ІY кезең. СУРЕТШІЛЕР САЙЫСЫ

Суретті аяқта:

Осы екі бетте функция графигі салынған. Ол қай функцияның графигі, қалай аталады? Егер сіз оған сызықтар қоссаңыз, онда қызық заттар немесе суреттер пайда болады. Бұл тапсырманы орындауғы 8-10 минут беріледі. Басқа ешкім ойластыра алмайтын етіп, суретпен оқиға табуға тырысыңыз. Сурет үшін қызықты атты ойлап тауып, оны суреттің төменгі жағына жазып қой.

Қызықты математикаҚызықты математика

Y кезең. КАПИТАНДАР САЙЫСЫ

Түймедақтың гүлдеріндегі сұрақ пен есептерге жауап беру...

Ақыл 142-?

ойды Қызықты математика=

Тәртіпке Қызықты математикаҚызықты математика

Келтіретін емрт- сөз құрастыр

Математика Қызықты математика

С. М. Ломоносов

Арифметика- 192-?

математиканың, Қызықты математика=

ал математика- оусқ - сөз құрастыр

барлық ғылымдардың Қызықты математика

патшасы. Қызықты математика

К. Гаусс

YІ кезең. МАРАПАТТАУ

КӨРЕРМЕНДЕРГЕ СҰРАҚ. (дұрыс жауап бергендерді марапаттау)








© 2010-2022