5-8 сыныптарға арналған математикадан сыныптан тыс сабақ

Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«АЛТЫН САҚА» ойыны


Мақсаты: оқушылардың арқасында «Алтын сақа» ойынын ұйымдастыра отырып олардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, білімдерін, ой - өрістерін дамыту және халқымыздың салт - дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.

Мұғалім: Құрметті оқушылар мен ұстаздар!

Біздің болашақ жастарымыз жауапты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулығы мықты, бабаларыңның игі дәстүрін сақтайын, өз елінің патриоттары болу үшін білім өрісін кеңейтетін «Алтын сақа» телеойынын біздің мектебімізде бастауға рұқсат етіңіздер.

Ортаға бүгінгі ойынға қатысушыларды шақырамыз.

  1. ____________________________________

  2. ____________________________________

  3. ____________________________________

  4. ____________________________________


І. «Қозыкөш»


1) Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалдан ауыр. Қайсысы ауыр - алмұрт па әлде шабдал ма? (Алмұрт)

2) Бір жанұяда бес ұл бар. Олардың әрқайсысының қарындасы бар. Сол жанұяда қанша бала бар. (6 бала)

3) Қолымызда 10 саусақ бар. 10 қолда неше саусақ бар. (50 саусақ)

4) Үш ат жегілген шана бір сағатта 15 км жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қандай еді? (15 км/сағ)

ІІ. «Әудемжер»


1) 1 - ден 99 - ға дейінгі барлық сандар қатарынан жазылған 5 цифры қанша рет кездеседі? (12 рет)

2) Төрт бүтін санның (әр түрлі болуы шарт емес) қосындысы мен көбейтіндісі 8 - ге тең. Бұл қандай сандар? (1; 2; 4; 1)

3) Ұлу күн сайын қабырғамен 7 м жоғары өршелеп шығады және түнде 4 м төмен түседі. Ол биіктігі 19 м үйдің төбесіне, жерден бастағанда, қанша күнде жетеді? (6 күн артық)

4) Себеттегі алма саны 100 - ден кем. Оларды екі, үш, бес балаға тең бөліп беруге болады, бірақ төрт балаға тең бөлуге бөлмайды. Себетте қанша алма бар еді? (90 алма)

ІІІ. «Беласар»


1) Бірдей үш цифрмен жазылған сан 3 - ке де, 37 ге де бөлінеді. (111)

2) Командадағы 11 футболшының орта жасы 22 жас. Ойын кезінде ойыншының бірі жарақат алып, алаңнан кетті. Енді алаңда қалған ойыншылардың орта жасы 21 болды. Алаңнан кеткен футболшы неше жаста? (32 жаста)

3) Екі бөлмеде 76 адам бар. Бір бөлмеден 30, ал екінші бөлмеден 40 адам шыққан соң, бөлмелердегі адам саны бірдей болып қалды. Бастапқы әр бөлмеде неше адам болған? (43; 33)

4) Бір айда бес жексенбі бола ма? (Болады, егер 1, 2 демалыс болса)


ІV. «Жерұйық»


  1. Үш дос: Әуез, Елнар және Мырзатай бір сыныпта оқиды. Олардың біреуі мектептен үйіне автобуспен, біреуі - трамваймен және біреуі троллейбуспен қатынайды. Бір күні сабақтан соң Әуез досын автобустың аялдамасына дейін шығарып салды. Қастарынан троллейбус өтіп бара жатқанда досы терезеден: «Елнар, сен мектепте дәптеріңді ұмытып кетіпсің?» - деп айқайлайды. Кім үйіне немен барады?

(Елнар - автобус, Мырзатай - троллейбус, Әуез - трамвай)

  1. Бір мектепте оқыған үш дос: дәрігер, мұғалім, ақын. Олардың фамилиялары: Боранбаев, Иманбаев, Саматов. Дәрігердің інісі де қарындасы да жоқ, ол достарының ішіндегі ең кішісі. Саматов мұғалімнен үлкен және Боранбаевтың қарындасына үйленген. Дәрігердің, мұғалімнің, ақынның фамилияларын атаңдар.

(Дәрігер - Иманбаев, мұғалім - Боранбаев, ақын - Саматов)

  1. Шылаушын (құрт) ағашқа өрмелеп барады. Түнде ол 4 м жоғары көтеріледі, ал күндіз 2 м төмен түседі. Сегізінші түнде шыллаушын ағаштың төбесіне шықты. Ағаштың биіктігі қандай. (16 м)

  2. Бір құймадан 6 тетін жасайды. Алты құймадан қалған қалдықтардан бір құйма алуға болады. 36 құймада қанша тетін алуға болады.

(36 * 6 + 6 = 222)


V. «Алтын көмбе»


Мәди мен Асхат екеуі 5 тоқаш сатып алды. Мәди бір тоқашты 6 мин жесе Асхат бір тоқашты 4 мин жеді. Балалар тоқаштарын бірдей уақытта жеп болды. Мәди неше тоқаш жеді? Асхат неше тоқаш жеді?

(Мәди 2 тоқаш, Асхат 3 тоқаш жеді. Себебі 2 * 6 = 12, 3 * 4 = 12)

Әділқазылар алқасының қорытындысын айтады. Оқушылар марапатталады.


© 2010-2022