«Үшбұрыштар мен төртбұрыштардың аудандарын табуға арналған есептерді шешу»

Раздел Математика
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:

«Үшбұрыштар мен төртбұрыштардың аудандарын табуға арналған есептерді шешу»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың аудан туралы білімдерін дамыту, әртүрлі әдіс-

тәсілдерді қолдану;

Дамытушылық: топпен жұмыс жасауды, логикалық ойлау қабілеттерін

дамыту;

Тәрбиелік: оқушыларды сүйіспеншілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;

Күтілетін нәтиже:

Танымдылық: есептерді шешудің тәсілерін таңдау және құру; логикалық

ойлауды қалыптастыру, қорытынды жасау.

Коммуникативтік: ортақ шешім табуға, әртүрлі ой- пікірлерді ескеру;

Жеке тұлғалық: жаңа заман талабына сай ғылым мен қоғамдық іс- шарада

дүниетанымын дамыту.

Сабақтың түрі: топтық, тексеру.

Кажет құрал -жабдықтар: әр топқа үлестірмелі қағаздар, топ жұмысын

бағалау парағы, компьютер, проектор, үш түсті

фломастер, тест жұмыстары, презентация.

Сабақтың өту барысы:

  1. Тақырыпты анықтау, ұйымдастыру- 2мин.

  2. Топқа бөліну.

  3. Оқыту мотивациясын құру сәті.

  4. Білімнің маңыздылығы- 6мин.

  5. Топпен жұмыс- 25мин.

  6. Қорытындылау, топтың жұмысын қорытындылау- 10мин.

  7. Рефлексия- 1мин.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Қайырлы күн, құрметті оқушылар! Отырыңыздар. Шынында бүгінгі күн өте маңызды. Біріншіден, біз бүгін кездестік, екіншіден, бізді өте қызықты жұмыс күтіп тұр. Ал, үшіншіден, біз жаңа білімдер алып, бұрынғы білімімізді шыңдай түсеміз. Ол үшін алдымен:

  1. «Шаттық шеңберін құрайық»;

  2. «Төртбұрыштарды жинау арқылы» топтарға бөліну;

Сабақтың тақырыбын анықтау;

Оқушылар ребус шешу арқылы сабақтың тақырыбын тұжырымдайды.

Ребус шешу.

Біз сендермен теория мен практиканы біріктіреміз. Геометрия «құрғақ» білім емес, оны тек сабақ үстінде оқып қана қоймаймыз, ол күнделікті өмірде өте маңызды.

Алдарыңызда бағалау парағы жатыр. Топ басшысын анықтап алыңдар, ол бағалау парағын толтырып отырады.

Сергіту сәті.

Топпен жұмыс.

Мұғалім сөзі:

«Математика» мен «жөндеу жұмыстары» арасында қандай байланыс бар деп ойлауға болады. Көптеген жанұяда бөлмені жөндеу жұмыстарын «өз қолымен» істейтіні практикада дәлелденген, өйткені жақсы нәтиже алғысы келеді және қаржылай үнемдеу болады. Көптеген қиындатылған жөндеу жұмыстарын арнайы мамандар орындайды, ал жүктелген жұмысты бақылау мен оған кететін шығындарды тапсырушы, яғни біз атқарамыз. сондықтан, мектепте математика сабағында шығын жоспарын құруды үйрену керек, ал технология сабағында бөлменің дизайнын безендіруді үйрену керек. Химия, биология сабақтарында пайдаланылған құрылыс заттарының адам денсаулығына қаншалықты зиян келтіретінін айту керек.

Есептер шығару, плакатты қорғау, әр топтың плакатын қорғағанын бағалау.

Әр топтың топ басшысы өз тобының мүшелерін бағалайды және бағалау парағын толтырады.

Оқу әрекетін қорытындылау «Синквейн» әдісі.

  1. Бір зат есім.

  2. Екі сын есім.

  3. Үш етістік.

  4. Төрт сөзден тұратын сөйлем.

  5. Синоним.

Рефлексия:

Бәрі түсінікті

Ештеңе түсінбедім

Кейбір қиыншылықтар бар

Мүлдем ештеңе түсінбедім





Мен сендерге есептер шешуді ұсынамын. Жинақталып, тиімді әдіс- тәслдерді қолданып, уақытты үнемдеп, барлық алған білімдеріңді тиімді қолдануларыңды сұраймын.


  1. Есеп:

Жуынатын бөлменің өлшемі 2,5м*3м. Егер кафельдің пішіні тіктөртбұрыш тәрізді және өлшемі 20*30 см болса, осы бөлменің еденіне қанша кафель плиткасын төсеу керек?


  1. Есеп:

Егер бөлменің өлшемі 6*8*3м болса, бөлменің қабырғасын сырлауға қанша бояу қажет болады? Есіктің өлшемі 2*0,8м екенін ескеру қажет. 1м2-қа 200г бояу кетеді.


  1. Есеп:

Өлшемі мына түрде берілген бөлменің еденіне қанша линолеум сатып алу керек және қанша қаржы керек, егер 1м2 -қа 300тг болса?

«Үшбұрыштар мен төртбұрыштардың аудандарын табуға арналған есептерді шешу»




  1. Есеп:

Түсқағаздың өлшемі ені 60см, ұзындығы 10м. Бөлменің қабырғасына жапсыру керек. Бөлменің өлшемі 3*4*2,5м. Терезе мен есіктің ауданы 4м2. Қанша орама (рулон) сатып алу керек?



© 2010-2022