Разработка внеклассного мероприятия Жұлдызыды сәт

Раздел Математика
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Разработка внеклассного мероприятия Жұлдызыды сәт

Сыныптан тыс іс -шара



Математика пән мұғалімі:

Тлеулесова А.Т



Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, математика пәнінен көптеген мәліметтер алуға көмектесу,оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру

Жүргізуші: Біздің мектепте бүгін математика пәнінің алғырлары білімдерімен күш сынамақ.

Шақырамыз, келіндер жарысуға,

Күш, өнер, білімменен алысуға.

Бар өнерді салайық ортамызға,

Кәнекей, кім жылдам шығады сайысуға?

Сонымен, сайысымызды бастайық. Әділ қазылармызды сайлап, ортаға шақырайық! Алғашқы бөлім «Бәйге» деп аталады. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпай.

I Бөлім «Бәйге» Сұрақтары

1. Гипотенузаның квадраты катеттірінің квадратының қосындысына тең. Қандай үшбұрыш туралы айтылып тұр? (Тік бұрышты үшбұрыш)

2. Қандай санның бір ғана квадрат түбірі болады? (0)

3. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы нешеге тең? (180)

4. «Дискриминант» қандай сөзден шыққан? (Ажырату)

5. Қандай таңбалар геометриялық фигураларды кішірейтуден шыққан?

6. Барлық қабырғалары тең төртбұрыш қалай аталады? (Ромб)

1. tg 450мәні нешеге тең? (1)

2. Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді? (Хорда)

3. Санның жүзден бір бөлігі? (Пайыз)

4. Квадрат түбір астындағы өрнек қандай болуы керек? (Оң)

5. Үшбұрыштың тік бқрышына қарсы жатқан қабырға? (Гипотенуза)

6. 7 жай сан ба, әлде құрама сан ба? (Жай саң)

Жүргізуші: ІІ бөлім " Көкпар"

Математика сырлары

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға

Шақырамыз сіздерді

Арифметика

10

20

30

Логика

10

20

30

Жұмбақ

10

20

30

Арифметика

10. 5,075 санын ондық үлеске дейін дөңгелекте (5,1)

20. Бүтінді төртке бөлгендегі бір үлесі? ( ширек)

30. Бас бармақпен сұқ саусақ аралығындағы өлшем? ( сүйем)

Логика

10. Бес бұтақты ағашта

Бұтақ сайын бес алма

Біреуін бер Алашқа

Қалады сонда қанша алма? (24)

20. Әдеттен тыс сұраққа Асқар әрқашан шын айтады, ал Серік өтірік айтады. Оларға бірдей сұрақ қойғанда, олар оған бірдей жауап берді. Сондай болуы мүмкін бе? ( Бұл сұраққа шыншыл адам да, өтірікші адам да " иә" деп жауап беруі керек)

30. Бір кг. темір мен бір кг. мақтаның қайсысы ауыр? (тең)

Жұмбақ

10. Біз санбыз

Сызықпен бөлінген

Математиканы ұқпас адамға

Құбыжық болып көрінген,

Дұрыс, бұрыс, аралас,

Ондық болып көрінген ( бөлшек сан)

20. бір,үш,бес, он,

жиырма, елу,

жүз, екі жүз, мың бар,

әрқайсысының құны бар. (теңгелер)

30. Математикалық таңба ол,

Білімің болса ашарсың

Теріс сан болса ашарсың

мағынасы жоқ де қашасың ( квадрат теңдеу)

Жүргізуші: III Бөлім «Ойымды жалғастыр» деп аталады. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.

Ал балалар, балалар,

Мақал-мәтел айтайық,

Талай жерді көрейік,

Асулардан өтейік,

Білімге біз енейік,

Кедергіні жеңейік!

1. Білімдінің күні жарық, ... (білімсіздің күні кәріп)

2. Ақыл - азбайтын тон, ... (білім - таусылмайтын кен)

3. Еңбек етсен ерінбей, ... (тояды қарңын тіленбей)

4. Ұстазы жақсының ... (ұстамы жақсы)

5. Мектеп - кеме, ... (білім - теңіз)

6. Жақсымен дос болсан, жетерсің мұратқа, ... (жаманмен дос болсан, қаларсың ұятқа)

7. Тіл тас жарады, ... (тас жармаса, бас жарады)

8. Білгенің бір тоғыз, ... (білмегенің тоқсан тоғыз)

Жүргізуші: ІҮ бөлім " Формулалар жұбы"

парақта 2 бөлікке жазылған формулалар беріледі. Әр оқушы өз жұбын тапқаннан соң, өз өнерлерін көрсетеді.

Қорытынды Осымен сайыс сабағымыз аяқталды.Енді сөзді әділ қазыларға береміз





Разработка внеклассного мероприятия Жұлдызыды сәт

















© 2010-2022