Доклад на тему: Использование активных методов обучения на уроках математики

Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

МАТЕМАТИКАНЫ ҚАЗІРГІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІНІҢ ЖҮЙЕСІ


Садақбаева Нұргүл Досбергенқызы

Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектебінің математика пәні мұғалімі


Қазіргі оқыту әдістерінің бағыттары.

Проблемалы оқыту әдісі.

Программалап оқыту әдісі.

Алгоритмдік әдіс.

1. Қазіргі оқыту әдістерінің бағыттары

Мектептегі математикалық білім беру жүйесіндегі өзгерістерге сай оқыту әдістері де түрлендіріліп, жетілдіріледі. Олар қайта топталып жіктеледі. Қазіргі оқыту әдістері жүйесінің үш бағыты бар:

1. Жалпы әдістер жүйесі.

2. Жұптас әдістер жүйесі.

3. Проблемалы оқыту әдістер жүйесі.

Осыған орай -

1. Жалпы әдістер жүйесіне - түсіндірмелі және мәселелі баяндау әдістері;

2. Жұптас әдістер жүйесіне - басқару әдісі;

3. Проблемалы оқыту әдістері жүйесіне - 1)мұғалімнің проблемалы баяндау тәсілдері/ монологтік баяндау әдісі, баяндаудың талқылау әдісі, баяндаудың диалогтік әдісі/; 2) оқушының өзіндік қызметін ұйымдастыру тәсілдері /табу әдісі не тапсырмалар әдісі, программалангған тапсырмалар әдісі, программаланған тапсырмалар әдісі, зерттеу тапсырмалары әдісі/ жатады.

Дәстүрлі хабарламалық баяндауда мұғалім жаңа білімді түсіндіреді, көрсетеді, ал оқышы материалын меңгереді, есте сақтайды. Осының нәтижесінде оқушының өзіндік таным қызметі іске асырылмайды, құбылыстың қайшылығы ашылмайды. Баяндау барысында мұғалімнің шебер сұрақтары проблемалы ахуалды тудырғанымен, оқушы ойы ұшталмайды. Сұраққа даяр жауапты мұғалім береді, ал оқушы оны қайталайды.

Қазіргі проблемалы баяндауда ой жандандырылатын тәсілдер қолданылады. Проблемалы ахуал тудырылып, ол шешіледі. Сөйтіп, оқытудың жеке кезеңдерінде оқушының өзіндік таным қызметінің белгілі деңгейі қалыптастырылып отырады. Проблемалы баяндауда сұрақ қойылады. Профессор И.М.Махмутов ұсынған проблемалы оқыту әдістер жүйесіне тоқталайық.

Әуелі мұғалімнің баяндау тәсілдеріне түсініктеме берейік.

Тұтас проблемалы баяндау. Осы түрдегі баяндауда мұғалім проблемалы ахуал жағдайында жаңа ұғымның, фактінің мазмұнын өзі түсіндіреді. Ғылымның дайын қортындысын айтады. Тұтас баяндаушы әңгіме не дәріс түрінде өткізеді. Әдіс мұғалім үшін оңай, түсінікті болғанымен, оқушының таным қызметін жандандырудағы әсері аз. Әдісті уақыт тығыз болғанда, оқушылардың проблеманы меңгеру дағдысы болмағанда пайдаланамыз. Тұтас баяндау оқушыны өзіндік жоғары таным деңгейіне тәрбиелеп, білімді сапалы, белсенді меңгеруге жағдай жасайды.

Сонымен, мұғалім оқу материалының мазмұнын анда-санда сұрақ қоя отырып, бірақ оған өзі жауап беріп әңгімелессе, онда мұны ұзақ баяндауға жатқызуға болады.

Оқушының ойлау қабілетін жандандыру үшін:

  • информациялық және проблемалық сұрақтар қою арқылы проблемалы ахуал тудырамыз;

  • егер оқылатын материал оқушыларды қызықтыратын болса, онда жаңалығы бар қосымша материалды пайдаланамыз;

Баяндаудың диалогтік әдісі. Бұл әдіс мұғалім мен ұжымдар арасында диалог ретінде өтеді. Сыртқы көрінісі - эвристикалық әңгімелесу. Проблема қойып, оқушының қатысуымен ол шешіледі. Проблеманы қоюға мұғалім, сондай-ақ оқушы қатысады. Проблеманы жоруды ұсынуда, болжамды дәлелдеуде оқушы белсене қатысады. Оқушы қызметіне репродуктивті және үйренудің жеке ізденіс әдістерінің астарласып келуі тән. Оқытудың негізгі әдісі - ізденіс әңгімелесуі, оқушы мен мұғалім әңгімесі, тәжірибе, көрсету, бақылау және фактіні жалпылау. Баяндаудың диалогтік әдісі арқылы оқушының өзіндік жұмыс жүйесіне көшудегі бір басқышы болып табылады.

Баяндаудың талқылау әдісі. Талқылау әдісінің екі түрлі өзгерісі бар.

Бірінші түр өзгерісте мұғалім ұғымның мағынасын ашуда жаңалықты ашқан ғалымның ойын көрсету арқылы материалды түсіндіреді. Мұғалім: «Осы теореманың /заңның, жаңалықтың/ шығу заңдылығын білесіңдер ме?» - дей отырып, проблемалы ахуал тудырады да, қолындағы бар материалды талдай отырып, қорытынды және жалпылау жасайды. Сөйтіп, диалектикалық қозғалысын бақылай отырып, ақиқатқа жетудің ғылыми таным жолын көрсетеді.

Екінші түр өзгерісін мұғалім мәселенің ашылу тарихын білмеген жағдайда пайдаланады. Мұнда ол тақырыпты баяндай отырып оқымыстының жаңалықты ашу жолын болжамайды, ізденіс жолын қайта құрады, оны негіздеп дәлелдейді. Мұғалім тақырыпты әңгіме немесе дәріс түрінде баяндайдыБаяндаудың талқылау әдісін түсіндіру әдісімен астарластырып, ол мәселені тәжірибе не проблемалы сұрақ арқылы түсіндіреді.

Оқушының өзіндік оқу қызметі. Оқушының өзіндік оқу қызметі төмендегі дидактикалық әдістер арқылы іске асады. Олар: эвристикалық, зерттеу, программаланған тапсырмалар әдісі. Енді бұлардың әрқайсысына арнайы тоқталайық.

Эвристикалық тапсырмалар әдісі. Жаңа ұғымның мазмұнын ашудағы оқушының әрекетін сипаттайды. Әдісті эвристикалық әдістер мен проблемалы тапсырманы не есепті шығаруды қабыстыра отырып, іске асыруға болады.

Эвристикалық әдістің мазмұны мынаған тіреледі: жаңа заңды, теореманы, ережені, негізгі фактіні мұғалім оқушыға айтып, онымен бірге талдайды. Мұны оқушы мұғалім көмегімен ашады. Бұл өмірде оқу материалын әңгімелесе баяндаумен бірге көрініп, проблемалы не проблемалы емес тапсырманы жүйелі кірістіру арқылы іске асырылады; жаңа білімді баяндауда жаңа есеп не тапсырма кірістіріледі; проблемалы ахуал тудыру не есеп шығару үшін оқу тапсырмасын сұрақтармен араластырып талдау не жалпылау жасайды; кішкене ізденіс үшін таным есебін /қорытындыны дәлелдеу не жоққа шығару мағынасында/ қолданады; таным есебі төңірегінде талас ұйымдастырылады. Бұл әдіс оқыту процесінде кең қолданылады.

Зерттеу тапсырмалары әдісі. Бұл - проблемалы оқытудың жалпы әдістерінің бірі. Мұнда мұғалім жоғары дәрежелі проблемалы теориялық не практикалық зерттеу тапсырмасын ұсынады. Оқушылар тәжірибе, эксперимент, бақылау, кітаппен жұмыс істеу арқылы фактіні жинайды. Жаңалықты ашу талдау мен фактіні жалпылау қорытындысы болады. Зерттеу әдісінде оқушы жаңа ұғым мен әрекеттің жаңа тәсілін аша отырып, ойша амал жасайды. Оқушының талқылау әдісінің дұрыстығы нәтижені тексеру, әңгімелесу арқылы білінеді.

Таным есебіне қарағанда зерттеу тапсырмасында оқу таным қызметін оқушының өзі атқарады.

Оқушы информацияны жинап талдайды, шығарғанға дейін проблеманы өзі қояды, жаңа білімнің қолданысы мен шешімін тексереді, өзі орындайды.

Оқушы мынадай зерттеу жұмыстарын жүргізе алады: серуенге шығу және фактіні жинау; баяндама жасау; қосымша әдебиеттерді пайдаланып, үлгі жасау, /модельдеу/; ғылыми экспериментке қатысу.

Программаланған тапсырмалар әдісі. Бұл ерекше даярланған дидактикалық жабдық, компьютер негізінде оқушының өз бетінше жаңа білім мен әрекет дағдысына ие болды. Ол есептеу машинасын пайдаланып та, пайдаланбай да іске асырылады. Программаланған тапсырманың бір бөлігі оқушының өнімсіз әрекетін талап етсе, екінші бөлігі өнімді әрекетін талап етеді. Әрбір тапсырма дербес элементтен - кадрдан тұрады. Әрбір қадр сұрақ не жауап түрінде жазылған, онда оқылатын материалдыңбөлігі баяндалған не жаттығу берілген. Көбінесе кадр жауапты таңдау әдісімен жасалады: а)дайын қорытынды, ереже түрінде жазылған информациясы бар кадр болады (тура байланыс); ә)жауаптың дұрыстығын тексеретін кадр болады (кері байланыс).

Кадр - программаны құрастырудың басқа бір әдісінде жауап сұрақтың тұжырымдалуы еркін болса, материалды баяндау проблемалы қағидада болуы мүмкін. Бұл қағидаға кадрдың үш типі жауап береді. Олар: а)проблемалы ахуал тудыру үшін жасалған кадр; ә)проблеманы шешуге қажет информациясы бар кадр; б) проблемалы тапсырманың орныдалуының дұрыстығын тексеретін кадр.

2. Проблемалы оқыту әдісі


Математиканы мектепте оқыту мақсаттарының бірі - оқушының ой-өрісін дамытып, өзіндік қызметіне баулу болып табылады. Алайда математиканы оқыту барысында дәстүрлі оқыту әдістері көмегімен ақыл-ой қызметін ұйымдастыру өз дәрежесінде бола бермейді. Сондықтан оқушының шығармашылық қызметін, өздік оқу-таным процесін қалай ұйымдастыруға болады? Деген сұрақ психологтар мен дидактардың күн тәртібінде тұрған мәселе.

Арнайы жұмыс жүргізу арқылы оқушының ойлау қабілеті мен таным қажеттігін қалыптастырсақ қана, дамыта оқыту - проблемалы оқыту болады. Проблемалы оқытуға көшпестеп бұрын оқушыларды үлгі бойынша жұмыс істеуге, зейін қойып тыңдауға, әрқашан үй тапсырмасын орындауға, кітаппен жұмыс істеуге үйретуіміз керек, әрі дидактика қағидаларын еске алып, оқыту процесін жандандыруымыз қажет.

Ойлау - әрқашан да белсенді. Ойлау қабілетінің дайын әдістеріне үйрету - кәдімгі белсенділікке жету жолы. Алайда, ол проблемалы оқыту емес. Проблемалы оқыту арқылы жандандыру әдеттегіден тыс мәселелерді шешуде ойлау қызметінің жүйесіне үйрету. Мұндай белсенділіктің мағынасы іс-жүзінде материалдыталдау, салыстыру, жүйелеу, синтездеу, анализдеу, нақтылау негізінде информация алу болып табылады. Басқаша айтқанда, бұрынғы білімді жаңаша пайдалану арқылы білімді тереңдету және кеңейту. Сөйтіп, оқушының ойлауы мен әрекеті, дағдылары қалыптасады.

Проблемалы оқытуда компьтерді, алгоритмдерді пайдалану, программаланған тапсырма, ақыл-ой қызмтеін кезеңдеп қалыптастыру элементтері болады. Зерттеу әдісі - проблемалы қағиданы шешудің бір жолы болса, эвристикалық әңгімелесу оның мазмұндық құрылымдық бөлшегі. Есеп, тапсырма - проблемалы ахуалдың кілті, әсерлі түрлері. Алайда, проблемалы ахуалды сұрақ қоюсыз-ақ, қайшылыққа келтіру арқылы да тудыруға болады. Бұл оқытудың тұтас типі, сол сияқты ол оқушылардың өнімді және шығармашылық қызметінің етене бірігуі.

Проблемалы ахуал. Іс-әрекеттің психологиялық теориясы бойынша ойлау - проблемалы ахуалдан басталады. Пайда болған ақиқат құбылысты, процесті, фактіні түсіндіре алмаудағы адамның интеллектуалдық қиналуы проблемалы ахуал делінеді.Бұл адамды әрекеттің жаңа түрін іздеуге бастайды.

Көбіне проблеманы мұғалім тұжырымдағанда, проблемалы ахуал туады. Оқушы бұл жағдайды сезініп, проблеманы қабылдап оны талдауға және шығару жолын іздеуге көшеді, яғни не берілді, не белгісіз, олардың арасындағы байланыс қандай, белгісіздің сипаты қандай және оның берілген мен белгісізге қатысы қандай? Қанадй дегенге жауап беруді іздейді. Сөйтіп, ол « не табу керек, мақсатқа жету үшін тағы нелер керек?» деген проблеманың қисындық жағына көңіл аударады.

Проблемалы ахуал тудыру тәсілдері.

1. Оқушыларды сырттай қарағанда өзара сәйкес құбылыстарды, фактілерді теориялық жағынан түсіндіруге баулу. Бұл оларды ізденіс қызметіне бағыттап, жаңа білімді белсенді меңгеруге жетелейді.

2. Күнделікті тұрмыста, үйде, далада практикалық тапсырманы орындауда оқу және тәжірибе ахуалын пайдалану.Мұнда оқушы талдау арқылы мәселені шешуге ұмтылып, проблеманы тұжырымдайды.

3. Құбылысты түсіндіру үшін және оның практикалық қолданылуын түсіндіру үшін проблемалы тапсырма беру.

4. Тұрмыстық көрініс пен ғылыми ұғымдар арасында қайшылық тудыратын ақиқат фактілер мен құбылысты оқушының өзі талдауға тәрбиелеу.

5. Болжам жасау және қорытындыны тұжырымдау, соңынан тәжірибе жүзінде тексеру.

6. Нәтижесінде проблемалы ахуал пайда болатын салыстыруға болатын салыстыруға фактіні қарама-қарсы қоюға баулу.

7. Оқушыны жаңа фактіні алдын-ала жалпылауға үйрету.

8. Оқушыны ғылымға үйлесімі жоқ сияқты, бірақ пайдаланылатын фактімен таныстыру.

Программалап оқыту мазмұны


ХХ ғасырдың 50-60 жылдарында өмірге келген программалап оқыту әдісі оқытудың басқа әдістері сияқты әмбебап әдіс бола алмайды. Тасқындаған ақпарат заманында оқушыларды өз мүмкіншілігіне сай даралап оқыту мен өз бетінше білім алуын қамтамсыз ету қажеттігінен туған программалап оқыту әдісі дәстүрлі оқыту әдістері мен оқыту қағидаларын жоққа шығармайды. Қайта оны толықтыра түседі.

Программалап оқыту атауы есептегіш сөздігінен алынған, өйткені оқыту программасында да оқытылатын материал логикалық тізбек пен кадр негізінде оқытылады.

Кадр деп оқушы қиындықсыз-ақ, өзі меңгере алатын оқу материалының көлемін шектеу программалап оқытудың қажетті шарты болып табылады, басқаша айтқанда, информациялық кадр алгоритм негізінде жасалып, қатаң логикаға сүйенеді деген сөз. Оқыту программасының әрбір кадрына тиімді сабағымен таңдалған 6-8 жолдық текс болады. Әрбір әріпке 1,5-2 бит информация сәйкес келеді десек, текст 15-40 сөзді қамтиды. Кадрда жаңа материалдың белгілі оймен аяқталған сыбағасы мен бақылау сұрақтары жазылады. Кадр екі түрлі: информациялық және операциялық қадамнан тұрады. Оқу материалын бөлшектеу - қиын материалды жай ғана бөлшектеу емес, ол оқу материалын, сапалы әрі берік меңгеру үшін белгілі қимыл-әрекетті ұйымдастыру, ол сатылап жүзеге асырылады. Оқу материалын программалап оқытудың проблемалы мазмұны, сол сияқты қадам ұғымының әдістемелік сипаттамасы болады.

Программалап меңгеру мәселесін шешу негізінен оқу процесінің қадамын даярлаумен, яғни қадам элементтері: информациялық және операциялық, кері байланыс және бақылау кадрларын даярлауымен байланысты. Меңгеру мәселесін дұрыс шешу, оқушылардың үлгерімге жетуіне, қызығушылығын тудыруға мүмкіндік береді. Көп нүктелі текст, сұрақ-жауап түріндегі текст, сұрақтары мен бірнеше жауаптары бар текстер оқу процесінде кері әсер етпегімен, дұрыс негізделген программаланған текст бола алмайды.

Оқыту программасының кибернетикалық мазмұны болатынын жоғарыда айттық. Программалап оқыту жоғарыда айттық. Программалап оқыту жалпыға түсініктілігімен, анықтылығымен, нәтижелілігімен сипатталады, өйткені, әрбір оқу материалының ұғымы мен фактісі дәлме-дәл түсіндірілген, оқушы біліміне сай бірімен-бірі тығыз байланысты сыбағаға бөлінген, оқушының қимыл-әрекеті нәтижеге жеткізетін ережелер мен таңбалар тізбегіне, әдістемелік тұрғыдан дұрыс таңдалған, орналастырылған жаттығулар мен нұсқауларға, яғни алгоритмдік құрылымға сүйенген. Әрбір оқушыныі өз ерекшелігін ескере отырып, оқу процесін әрбір оқушыға қатысты басқару мүмкіндігіне, ақыл-ой қалыптасуының ғылыми заңдылықтарын іске асыруға сүйенген.

© 2010-2022