Есепті теңдеу құру арқылы шығару

1) Математика.(4-сынып) Тақырыбы: Есепті теңдеу құру арқылы шығару. Мақсаты: Есептерді теңдеу құра отырып шешу жолын ұғындыру.Сөз есептерге теңдеу құру арқылы шешуді үйрену,сауатты түрде шапшаң орындау арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту. Ұқыпты орындап,қатесіз жазуға,теңдеуді сауатты құра білуге дағды қалыптастыру. Балаларды топпен ұйымдаса жұмыс істей білуге ,еңбекке баулу. Көрнекілігі: сызбалар,кестелер,суреттер,тесттер,оқулық Сабақ түрі: аралас Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,топпен жұмыс,...
Раздел Математика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Расторлық графика. Adobe Photoshop бағдарламасындағы палитра құралдары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Adobe Photoshop бағдарламасындағы палитра құралдарының әрқайсысымен таныстыру және оларды бейнелерді өңдеу кезінде қолдануды үйрету;

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау қабілетін және логикалық ой - өрісін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, белсенділікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекіліктері: компьютер, жұмыс дәптері.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ - жауап.

1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу

2. Үй жұмысын тексеру

3. Өткен сабақты қайталау:

1. Adobe Photoshop не үшін арналған? (Расторлық графика құру үшін және өңдеуге арналған).

2. Расторлық бейнелеу (клетка арқылы сызу) - бұл неден тұрады? (өте ұсақ элементтерден, яғни пиксельдерден тұрады. Әр пиксель бір - бірімен тәуелсіз болады).

3. Жаңа құжатты ашу: (Файл/Новый/Имя ).

4. Жаңа сабақ

PhotoShop бағдарламасында жүргізілетін көптеген операциялар палитралардың көмегімен жүзеге асырылады. Экранда көп орын алмас үшін палитралар бір топқа біріктірілген: Навигация/Информация, Цвет/Образцы/Стили, История/Действия/Набор инструментов, Слои/Каналы/Контуры, Шрифт/Абзац.

Қандай да бір палитраны ашу үшін Окно командасын орындау керек.

Цвет палитрасы түстерді таңдауға және араластыруға арналған. Түстер қандай да бір құралмен сурет салу барысында қолданылады.





Образцы палитрасы дайын түстерді таңдау үшін қолданылады. Жеке үлгілерді палитрадан алып тастауға және қосуға болады.

Стили палитрасы анықталған эффектілері немесе олардың құрамын қолдануда пайдаланылады.

Навигация палитрасының көмегімен бейненің экранда көрінген үзіндісін немесе осындай үзіндінің масштабын өзгертуге болады.

Информация палитрасында курсор көрсетіп тұрған аумақтағы пикселдің түстік компоненттерін көрсетеді. Сонымен қатар түстік үлгілер (максимум 4) туралы мәліметтер орналасады.

Жаңа бейне құру барысында оның фоны прозрачный болмайды. Слои палитрасы фонның бетінде орналасқан қабаттардың орналасу орындарын ауыстыруға, бір-бірімен біріктіруге, көшіруге, көрсетіп/жасырып қоюға, жоюға және қоуға мүмкіндік береді. Әрбір қабатты басқа қабаттардың қатысуынсыз өзгертуге болады.

История палитрасының көмегімен бейнені өзгерту барысындағы бір немесе бірнеше әрекеттерді болдырмауға болады. Кез келген операция тізімге тіркеліп отырады және төмендегі әрекет ең соңғы болып табылады.

Қорытынды

Жаңа сабақты бекіту мақсатында:

1. Adobe Photoshop не үшін қажет?

2. Adobe Photoshop қандай графикаға жатады?

3. Adobe Photoshop-та қандай негізгі түстер бар?

4. Палитра құралдарын ата.

Үйге тапсырма: Лекция бойынша оқу. Фотосуреттерді сканерден өткізіп әкелу.



© 2010-2022