Математика пәнінен тест жұмыстары (5-6 сынып)

Раздел Математика
Класс -
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тест тапсырма Математика 5-сынып

1. Амалдарды орындаңдар: 6124-2904:121+209;

А. 6309. В. 6100. С. 6300. Д. 6310.

2. Өрнектің мәнін табыңдар: 175+х+347, мұндағы х=43;

А. 560. В. 563. С. 565. Д. 566.

3. Теңдеуді шешіңдер: х+17=805:35;

А. 23. В. 6. С. 40. Д. 45.

4. 7 кг картоптың құны 210тг. 1 кг картоптың құны неше теңге?

А. 40тг. В. 50тг. С. 30тг. Д. 45тг.

5. Белгісіз шамаларды табыңдар: 3 м=х дм;

А. 10дм. В. 30дм. С. 35дм. Д. 40дм;

6. Төртбұрыштың периметрін өрнектейтін формуланы көрсет.

А. Р=4а. В. Р=2а+2в. С. Р=2а+в. Д. Р=а+2в;

7. Тік төртбұрыштың ұзындығы 8м, ал ені 4м. Ауданын табыңдар.

А. 24м2 ; В. 32м2 ; С. 12м2; Д. 28м2 ;

8. Өрнекті ықшамдаңдар: 12(а+7)+26;

А. 12а+33; В. 12а+7; С. 12а+110; Д. 12а+84;

9. Отбасында 4 ұл бала бар. Олардың әрқайсысының 1 қарындасы бар. Отбасында неше бала бар?

А. 8. В. 5. С. 6. Д. 7.

10. Өрнекті ықшамдаңдар: 12*а*5*2;

А. 120а; В. 60а; С. 24а; Д. 120+а;

11. Ит өзінің күшігінен 10кг ауыр. Ит пен күшіктің массалары 24кг. Иттің массасы неше кг, күшіктің массасы неше кг?

А. 17кг, 7кг; В. 14кг, 10кг; С. 14кг, 4кг; Д. 24кг, 14кг;

12. 5 және 7 цифрларын пайдаланып, неше үш таңбалы сан жазуға болады?

А. 5. В. 3. С. 4. Д. 6;

13. Амалдарды орындаңдар: (404*16-6072):56;

А. 8. В. 7. С. 9. Д. 6.

14. Бөлгіш 9-ға, ал бөлінді 8-ге тең. Бөлінгішті табыңдар.

А. 72. В. 81. С. 98. Д. 80.

15. Тік бұрышты параллелепипедтің өлшемдері 100см, 60см, 40см. Көлемін табыңдар.

А. 240000см3; В. 24000см3; С. 60000см3; Д. 40000см3;

16. Теңдеу құрыңдар: Асқар бір сан ойлады. Ойлаған санын 8-ге көбейтіп, одан 36-ны азайтқанда айырма 76-ға тең болды. Асқар қандай сан ойлады?

А. 15. В. 14. С. 16. Д. 18.

17. Екі санның қосындысы 450-ге тең. Бірінші сан екінші саннан 78-ге кем. Осы сандарды табыңдар.

А. 186, 264; В. 184, 266; С. 180, 270; Д. 170, 280;

18. Ауладағы қаздар мен қояндардың бастарының саны 24, ал аяқтары 66. Аулада неше қаз, неше қоян бар?

А. 9 қоян, 15 қаз; В. 15 қоян, 9 қаз; С. 12 қоян, 12 қаз; Д. 14 қоян, 10 қаз.

19. Өрнекті ықшамдаңдар: 2а*5в;

А. 10ав; В. 2ав; С. 5ав; Д. 7ав;

20. Қабырғалары 25см, 20см, 15см болатын үшбұрыштың периметрін табыңдар:

А. 60см; В. 45см; С. 40см; Д. 35см;

Тест тапсырма Математика 6-сынып

1. 900-дің 15%-ін тап.

А. 1350; В. 6; С. 135; Д. 75.

2. 70%-і 14-ке тең болатын санды тап.

А. 25; В. 56; С. 500; Д. 200.

3. 3 кг алма 150тг тұрады. 5 кг алма үшін неше теңге төлеу керек?

А. 38 тг; В. 250 тг; С. 42 тг; Д. 65 тг.

4. Теңдеуді шеш: 12 - х =3,07.

А. 15,07; В. 8,93; С. 15,7; Д. 9,07.

5. Өрнекті ықшамда: 14,1а+2,69а - 3,087а.

А. 13,082а; В. 12,92а; С. 13,703а; Д. 20,66а.

6. Есепте: 500 - 112,36 - (27,4 - 5,789).

А. 366,029; В. 409,251; С. 365,851; Д. 409,429.

7. Өрнектің мәнін тап: 0,74+а, мұндағы а=18,063.

А. 18,137; В. 188,03; С. 19,37; Д. 18,803.

8. Формула бойынша есепте: S=v*t, v=3,7км/сағ, t=0,1сағ.

А. 30,7км; В. 37км; С. 3,7км; Д. 0,37км.

9. Жақшаны ашып, ұқсас мүшелерді біріктір: 3а+(3а+6)*0,5.

А. 8+4,5а; В. 4-3а; С. 8а-3; Д. 4,5а+3.

10. Бірінші цехта а адам, ал екінші цехта одан 3 адам артық жұмыс істейді. Екі цехта неше адам жұмыс істейді?

А. 2а; В. а+3; С. 2а+3; Д. 2*(а+3) .

11. Тік бұрыштың градустық өлшемі неге тең?

А. 60 0; В. 450; С. 900; Д. 1800.

12. Сандардың арифметикалық ортасын табыңдар: 14, 18, 20, 23;

А. 18,75; В. 1,875; С. 20; Д. 1875.

13. Сандардың өзгеріс ауқымын табыңдар: 0,1; 2; 0,5; 7;

А. 2; В. 6,9; С. 7; Д. 69;

14. Сандардың модасын табыңдар: 2,1; 3,5; 4,6; 2,1; 0,3;

А. 3,5; В. 2,1; С. 0,3; Д. 4,6;

15. Көбейтуді орындаңдар: 8,31*14;

А. 116,34; В. 11,634; С. 1163,4; Д. 11634;

16. Қабырғасы 5,7 см квадраттың периметрін табыңдар.

А. 22,8 см; В. 2,28 см; С.11,4 см ; Д. 228 см;

17. Бұрыштың өлшем бірлігі қалай аталады№

А. См; В. Градус; С. Кг; Д. Га;

18. Орам матадан 15,8м мата сатылғанда, 21,3м мата қалды. Орам мата алғашқыда неше метр болған?

А. 37,1м; В. 3,71м; С. 371м; Д. 47,1м;

19. Сыныптағы 30 оқушының 18-і қыздар. Сыныпта неше ұл бар?

А. 12; В. 22; С. 48; Д. 32;

20. Толық бұрыштың градустық өлшемі неге тең?

А. 1800; В. 3600; С. 1600; Д. 3000;

© 2010-2022