- Преподавателю
- Математика
- Сиқырлы математика сыныптан тыс
Сиқырлы математика сыныптан тыс
Раздел | Математика |
Класс | 6 класс |
Тип | Презентации |
Автор | Осеров А.Б. |
Дата | 23.02.2016 |
Формат | docx |
Изображения | Есть |
Сиқырлы математика
Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, білім, білік дағдыларын дамыта отырып, қызығушылықтарын қалыптастыруда сыныптан тыс өтетін математикалық іс-шаралардың маңызы зор. Мұндай іс-шаралар оқушылардың шығармашылық бағытта жұмыс жасауына жол ашады. Төменде 6-сыныпта өткен «Қызықты математика» атты іс-шараның өту жоспарын ұсынып отырмын.
Көрнекілігі: топ тапсырмалары, керекті заттар, нақыл сөздер, логикалық есептер, ұпай көрсеткіштері.
Сабақтың түрі: топтық сайыс
Сабақ типі: ойын түрінде
Жоспары:
-
Топтардың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі
-
«Бәйге» (тапқырлық сайыс)
-
Білімпаздар еліне саяхат (арнайы тапсырма)
-
«Ойлы болсаң озып көр» (логикалық тапсырмалар)
-
Мақалдың жалғасын табу
-
Кім жылдам?
-
«Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін - математика»
Қолданылатын нақыл сөздер:
-
Адамның алдында ақылға апаратын үш жол бар: ойлау жолы, бұл -ең жақсысы; ұқсау жолы, бқл - ең жеңілі; жеке тәжірибе жолы, бұл-өте жауаптысы. Конфуций
-
Математикада формуланы есте сақтау қажет емес, тек ойлау процестерін есте сақтау керек.
Ә.Ермеков
-
Арифметика - дегеніміз бұл математика негізі.
Л.Т.Толстой
-
Ойланбаса ми сасиды,
Қозғалмаса су сасиды.
Артық болмас білгенің,
Көкірекке түйгенің.
Біле бер, қанша білсең тағы тіле,
Жетерсің мақсатыңа біле, біле.
Ж.Баласағұн
Жүргізуші:
Алып әсте саспайық,
Батыл қадам бастайық.
Еркіңді билеп барынша,
Жарыста, сірә, қалыспа!
Кеш қызығын, осылайша
Шабытпенен бастайық! -деп ортаға сайысқа қатысушы екі топты шақырайық.
Сайысқа қатысушы топтардың аты «Теңдеу» және «Теңсіздік» тобы. Әуелі сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейік.
Бүгінгі сайысымыз 7 кезеңнен тұрады.
-
Топтардың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі
-
«Бәйге»
-
Білімпаздар еліне саяхат
-
«Ойлы болсаң озып көр»
-
Мақалдың жалғасын табу
-
Кім жылдам?
-
«Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін - математика»
1-кезеңімізді бастаймыз. Таныстыру.
1 топ. «Теңдеу» тобы
Сәлемдесу.
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға
Шақырамыз сіздерді.
Ұраны:
Қандай сынақ болсадағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
Қиындықтан ешқашан біз қашпаймыз,
Бүгінгі сайысымызды бастаймыз.
2-топ. «Теңсіздік» тобы
Сәлемдесу.
Жарыс десе жаныңыз,
Жасырғанды табыңыз.
Күш санасып көрейік,
Жеткеніңше әліңіз.
Ұраны:
Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.
Қияларға самғап ұшқан құстаймыз.
2-кезең. «Бәйге»
«Теңдеу» тобына
-
Бір метрде неше сантиметр бар? (100 см)
-
Азайтудың нәтижесі қалай аталады? / айырманың мәні/
-
1 сағатта неше минут бар? /60 минут/
-
Қарама-қарсы қабырғалары өзара тең фигура қалай аталады? /төртбұрыш
-
Салмақ өлшем бірліктерін ата. /г, кг, ц, т.
-
1 дм 4 см нешеге тең? /14 см
-
1 тәулікте неше сағат бар? /24 сағат
-
Екі нүктенің арасындағы түзу қалай аталады? / кесінді/
-
1 тоннада неше центнер бар? /10 ц/
-
Қыс пен көктемде неше ай бар? /6ай/
«Теңсіздік» тобына
-
1 килограмда неше грам бар? /1000г/
-
Қосудың нәтижесі қалай аталады? /қосындының мәні
-
Барлық қабырғалары тең фигура қалай аталады? / шаршы
-
Ұзындық өлшем бірлік терін ата /см, дм, м, км
-
Кез келген санды 0-ге көбейткенде не шығады? /0/
-
Теңдеу дегеніміз не? /құрамында белгісізі бар теңдік
-
Ең кіші натурал сан /1/
-
1 дециметрде неше сантиметр бар? /10см/
-
100 жыл неше ғасырға тең? /1ғ/
-
2 тәулікте неше сағат бар? /48 сағат/
3-кезең. Білімпаздар еліне саяхат.
«Теңдеу» тобына
-
Қоймаға 6 кг сиыр етін, одан 1 кг артық қой етін және қой етінен 3 есе артық жылқы еті әкелінді. Қоймаға неше килограмм жылқы еті әкелінді? /21 кг/
-
Сұрақ белгісінің орнына тиісті санды қойыңдар:
2 4 6 8
4 16 36 ?
-
Сандар белгілі бір арифметикалық амалдар нәтижесінде алынған. Сұрақ белгісінің орнына қандай сан сәйкес келетінін анықта.
?
94
104
9 10 6 9 8 10
2 7 5 8 3 7
«Теңсіздік» тобына:
-
180 теңгеге бірдей бағамен 3 тәрелке, 6 кесе сатып алды. 1 тәрелке қанша тұрады, 1 кесе ше?
-
2 есебі
-
3 есебі
4-кезең. «Ойлы болсаң озып көр»
«Теңдеу» тобына
-
Төрт қойдың неше аяғы бар? /16
-
Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса, оның салмағы неше? /3кг
-
Ағаш бұтағында 100 торғай отырады, аңшы 10 торғайды алып алады. Торғайдың қаншасы қалды? /10
-
1 т. мақта ауырма, 10 центнер темір ауырма? /тең
-
Сенің әке-шешең көршіңе кім болады? /көрші
-
Бөлменің төрт бұрышында 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық отыр. /4 мысық
-
Қарындасы 4 жаста, ағасы 6 жаста. Қарындасы 6 толғанда ағасынеше жаста? /8
-
Шөпте қояндар тығылып отыр. Тек 10 құлағы ғана көрініп тұр. Шөпте неше қоян тығылып отыр. / 5 қоян
-
Ауылда 4 күн, 4 түн боран соқты. Неше тәулік боран соқты? /4 тәулік
-
Бір адам қалаға бара жатыр еді. Жолда оған үш танысы қарсы жолықты. Қанша адам қалаға барды? /1 адам
«Теңсіздік» тобына
-
Бес тырнаның неше аяғы бар? /10
-
1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа неше минутта піседі? /4 минут
-
Бір жанұяның 5 ер баласы және олардың әрқайсысының қарындасы бар. Жанұяның қанша баласы бар? /6
-
1 кг тұз ауырма, 1000 грамм мақта ауырма? /тең
-
1 көйлек жылы ма, әлде 1 көйлектің қалыңдығындай 3 көйлек жылы ма? / бірдей
-
Егер 1 кг алманың бағасы 100 теңге болса, жарты килограмм алманың бағасы қанша болады? /50 тг
-
Жазда 6 бала таудан сырғанақ тепті. Олардың 4-еуі қайтып кетті. Нешеуі қалды? / жазда сырғанақ болмайды
-
Жыл он екі ай ішінде 30 және 31 сандары ауысып келіп отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі? /барлық айда
-
Айдала. Қараңғы түн. Екі салт атты ауылға беттеп келеді. Алыстан жылт еткен сәуле сөніп-өшті. Үй иесі бұрын көреме, әлде салт аттылар бұрын көре ме? / ешқайсысы. Өйткені сөніп-өшті сөзі бір мағынаны береді.
-
Екі қарғаның бірі- оңтүстікке, екіншісі солтүстікке қарап отыр. Олар бір-біріне:
-
Достым мен сені көріп отырмын, -дейді. Олар бірін -бірі қалай көріп отыр? / қарғалар бір-біріне бетпе бет отырғандықтан бірін-бірі көреді.
5-кезең: Мақалдың жалғасын табу
«Теңдеу» тобына
-
Жеті жұрттың тілін біл (жеті түрлі ідім біл)
-
Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)
-
Досыңды үш күн сынамы (3 жыл сына)
-
Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
-
Жүз теңгең болғанша (жүз досың болсын)
-
Жүзден біреу шешен, (мыңнан біреу көсем)
«Теңсіздік» тобына
-
Отыз тістен шыққан сөз, (отыз рулы елге тарар)
-
Білгенің бір тоғыз, (білмейтінің тоқсан тоғыз)
-
Бір кісі қазған құдықтан, (отыз кісі су ішер)
-
Алтау ала болса ауыздағы кетеді, (төртеу түгел болса төбедегі келеді)
-
Елу елде ел жаңа, (жүз жылда қазан)
-
Жеті рет өлшеп, (бір рет кес)
6-кезең: Кім жылдам?
«Теңдеу» тобына
Тек қана 9 санын төрт рет пайдаланып, 20 санын қалай шығаруға болады? 9999/ 99:9+9=20
«Теңсіздік» тобына
Тек қана 3 санын алты рет пайдаланып, 1000 санын қалай шығаруға болады? 3 3 3 3 3 3/ 333*3+3:3=1000
7-кезең: «Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін - математика». Бұл бөлімде әр топқа ақ бет пен маркер беріледі, оқушылар постер қорғайды. Математиканың адам өмірінде алатын орны туралы айтады.
Жүргізуші:
«Сиқырлы математика» сайысын қорытындылау үшін сөз қазылар алқасына беріледі.
Алдыңызда жайнаған жүздер әні,
Сіздерменен кездесеміз біздер әлі.
Әділқазы, көрермен сау тұрыңыз,
Күтеді бізді жарқын күндер әлі!
Қорытындылау.