Интелектуалды сайыс «Математика-ақыл-ойдың әуені»

«Математика - ақыл-ойдың әуені»Мақсаты:1) Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шыңдау, оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру. 2) Топпен жұмыс істеуге, логикалық ойлау, танымдық қабілетін дамыту. 3) Оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Түрі: Топтық сайыс Типі: Ойын түріндеӘдіс-құралдар, көрнекіліктер: нақыл сөздер, ақпараттық құрал, слайдтар Жоспары:1. Таныстыру (топтың аты, ұраны).2. Ло...
Раздел Математика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


«Математика - ақыл-ойдың әуені»

Мақсаты:

  1. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шыңдау, оқушылардың

білімге қызығушылығын арттыру.

  1. Топпен жұмыс істеуге, логикалық ойлау, танымдық қабілетін дамыту.

  2. Оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Түрі: Топтық сайыс

Типі: Ойын түрінде

Әдіс-құралдар, көрнекіліктер: нақыл сөздер, ақпараттық құрал, слайдтар

Ж о с п а р ы:

1. Т а н ы с т ы р у (топтың аты, ұраны).

2. Л о г и к а л ы қ с ұ р а қ т а р.

3. М а т е м а т и к а л ы қ ж е к п е - ж е к.

4. С и қ ы р л ы ә р і п т е р

5. С ы р с а н д ы қ т ы ң қ ұ п и я с ы

6. Ә р қ о л д а ө з і н і ң і с і (капитандар сайысы)

7. М а т е м а т и к а - а қ ы л-о й д ы ң ә у е н і

С а й ы с т ы ң б а р ы с ы:

Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер!

«Математика- ақыл-ойдың әуені» ойынына қош келдіңіздер.

Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді.

Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға,

Шақырамыз сіздерді. --- Ортаға топтарды шақырамыз.

(Әр топта 9 оқушыдан 5, 6, 7 сынып оқушылары аралас)

Шеберлікті, білімді сараптап сіздер көріңіздер

Әділқазы алқасы әділ баға беріңіздер! - дей отырып сайыскерлеріміздің біліміне

баға беретін әділ қазыларалқасын ортаға шақырамыз.

Ал, қанекей қаралық,

Мына жақта жаңалық

Бүгінгі кеш төрінде

Математика еліне

Шабыт тасып шалқысып.

Есеппенен ән салып

Математика тілінде,

Есеп шешіп жарысып,

Жұмбақ шешіп аңдысып,

Көңілді кеш жасайық.

І кезең. «Таныстыру» (Әр топ өздерін таныстырады)


І топ - «ТАЛАПКЕР» ІІ топ - «БІЛІМГЕР»

Ұраны: Математиканы 5-ке білсең, Ұраны: Білім деген биік шың

Боласын дәрігер, ғалымда Бақытқа сені жеткізер

Есепті жүйрік шығарсан Білім деген ақылшын

Жолын болар ғылымда Қиындықтан өткізер

ІІІ топ - «САЙЫСКЕР»

Ұраны: Сайыс бізге сын болсын

Білмегенге мін болсын

Команданы қолпаштап,-

Қол соғындар кім болсын

Жүргізуші: «Біліп қою аз, сол білгенді істеп, қолдана білуің керек.

Ниеттену аз ғана, сол ниетіңді іске асыруың керек»- депті

неміс жазушысы Гете.

ІІ кезең «Логикалық сұрақтар»

(Әр топ 5 сұраққа жауап беру керек. Егер жауабын білмесеңіздер келесі топ жауап беруге болады)

І топқа:

1. Бұрышты өлшейтін құрал. (транспортир)

2. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді. (0)

3. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ,

неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)

4. Аты шулы айқас сызық. Өзі толған мағына қызық. (координаталар осі)

5. 1 т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма?(тең)

ІІ топқа:

1. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)

2. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)

3. Бөлменің төрт бұрышында бір-бір мысықтан отыр.әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (4мысық)

4. Асханаға 100 кг пияз және одан 3 есе артық картоп әкелінді.

Асханаға неше кг картоп әкелінді? (300 кг)

5. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш. (шаршы)

ІІІ топқа:

1.Қиылыспайтын екі түзу. (параллель)

2. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг)

3. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай).

4. Екі нүктенің арасындағы түзу. (кесінді)

5. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда. (диаметр)

ІІІ кезең. «Математикалық жекпе-жек»

Әр топқа 0-9 дейін цифрлар беріледі. Арифметикалық амалдардың жауабын көрсету керек

Мысалы:

58 + 17 = 75 77 - 16 =61 99 - 59 = 40

30 + 51 =81 90 - 66 =24 15 + 0 = 15

42 + 54 = 96 17 + 22 = 39 16 + 44 = 60

100 - 82 =18 100 - 30 =70 98 - 27 = 71

ІҮ кезең «Сиқырлы әріптер»
Мына әріптерден неғұрлым көп математикалық терминдер жазыңдар.

С Т І Р Б К Ы И Ұ Ш Ү Н Е

1 топ:

2 топ:

3топ:

Жүргізуші:

Ойын ойнап, ән салмай,

Өсер бала бола ма?

Ойын-сауық жасамай

Жастар жолы болар ма?

Құпиялы сандықтың

Кілтін аша алар ма?

Ү кезең . «Сыр сандық құпиясы» - математика және …

Математика және биология -----

Ұлу биіктігі 10 м бағанмен жоғары өрмелейді. Күндіз 5 м-ге көтеріледі, ал түнде 4 м төмен түседі.Қанша уақытта ұлу бағанның төбесіне жетеді?

Математика және тарих -----

Біз қазір қолданып жүрген цифрларды арабтар Үндістаннан әкелген. Ежелгі Грецияда цифрлар үшін арнайы белгілердің орынына әріптер қолданылған. Ежелгі грек цифрлары тарих қойнауында қалды, ал ежелгі рим цифрларын біз әлі күнге дейін қолданып жүрміз. Рим цифрларын I, C, X, M, V, D, L араб цифрларымен 1, 5, 10, 50 , 100, 500, 1000 сәйкестігін табыңдар.

(Жауабы: I = 1, V = 5, X = 10, L = 50, C = 100, D = 500, M = 1000).

Ребустар --------

Сіріңке шилерінен үй жасалған (суретті қара). Екі шиді қозғау арқылы үйді екінші жағына бұру керек.

Интелектуалды сайыс «Математика- ақыл-ойдың әуені»

Ерте кездегi есептер -------

Шаруа адам өзеннен қасқырды, ешкіні және шөпті өткізу керек. Қайыққа тек бір ғана адам сыяды және ол өзімен не қасқырды, не ешкіні, не шөпті алып өте алады.Егер ешкі мен қасқырды тастап, шөпті алса, онда қасқыр ешкіні жеп қояды. Егер шөппен ешкіні қалдырса, онда ешкі шөпті жеп қояды.Шаруа өз жүктерін қалай алып өтеді?

ҮІ кезең «Әр қолда-өзінің ісі» - капитандар сайысы.

Топ капитандарына қағаз және екі қолына да қарындаш беріледі.

Тапсырма: сол қолмен үшбұрыш, оң қолмен шеңбер салыңдар.

ҮІІ кезең -«Математика - ақыл-ойдың әуені»

Құлақтан кіріп, бойды алар.

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй -

Әр топ әннің әуенің тындап қай ән екенің айту керек. Әннің мәтінінде сандар бар.

Жүргізуші:

Ғылымдардың патшасы атанғансың,

Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың.

Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа!

Жасықтан емессін сен қаталдансың.

«Ақыл ойды тәртіпке» келтіретін

Нағыз пән - математика атанғансың! -

дей келе қазылар алқасы ұпайларды есептеп

болғанша жанкүйерлерден музыкалық сәлем.


Келісемін: Бекітемін:

Директордың ӘЖ орынбасары: Мектеп директоры:

Аргынова С.Т. Тегай Н.В.



«М а т е м а т и к а - а қ ы л - о й д ы ң ә у е н і»

5, 6, 7 сынып оқушыларына арналған

интеллектуалды сайыс








Сыныптар:5 «А», 6 «А», 7 «А»

Күні: 05.12.13

Уақыты: 16.00

Пән мұғалімі: Калденова А.С.













Семей 2013-2014 оқу жылы




І топ - «ТАЛАПКЕР»

Ұраны: Математиканы 5-ке білсең,

Боласын дәрігер, ғалымда

Есепті жүйрік шығарсан

Жолын болар ғылымда









І топ - «ТАЛАПКЕР»

Ұраны: Математиканы 5-ке білсең,

Боласын дәрігер, ғалымда

Есепті жүйрік шығарсан

Жолын болар ғылымда






І топ - «ТАЛАПКЕР»

Ұраны: Математиканы 5-ке білсең,

Боласын дәрігер, ғалымда

Есепті жүйрік шығарсан

Жолын болар ғылымда















ІІ топ - «БІЛІМГЕР

Ұраны: Білім деген биік шың

Бақытқа сені жеткізер

Білім деген ақылшын

Қиындықтан өткізер






ІІ топ - «БІЛІМГЕР

Ұраны: Білім деген биік шың

Бақытқа сені жеткізер

Білім деген ақылшын

Қиындықтан өткізер








ІІ топ - «БІЛІМГЕР

Ұраны: Білім деген биік шың

Бақытқа сені жеткізер

Білім деген ақылшын

Қиындықтан өткізер

























ІІІ топ - «САЙЫСКЕР»

Ұраны: Сайыс бізге сын болсын

Білмегенге мін болсын

Команданы қолпаштап,-

Қол соғындар кім болсын







ІІІ топ - «САЙЫСКЕР»

Ұраны: Сайыс бізге сын болсын

Білмегенге мін болсын

Команданы қолпаштап,-

Қол соғындар кім болсын








ІІІ топ - «САЙЫСКЕР»

Ұраны: Сайыс бізге сын болсын

Білмегенге мін болсын

Команданы қолпаштап,-

Қол соғындар кім болсын


© 2010-2022