Урок ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару

Раздел Математика
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алгебра. 7-сынып. 19.11.2015

Сабақтың тақырыбы:Көпмүшені ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару арқылы көбейткіштерге жіктеу

Сабақтың мақсаты: 1. Көпмүшені ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару арқылы көбейткіштерге жіктеу тәсілін қолданып, есеп шығару дағдысын қалыптастыру.

2. Оқушының өз бетімен танып білуін, шығармашылық белсенділігін арттыру.

3. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, ынтасын арттыру.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.

Оқыту әдістері: топтық жұмыс, жеке жұмыс

Көрнекілігі: слайд, бағалау парағы, таратпа материалдар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа дайындығын, қатысуын тексеру.

ІІ. Оқушыларды топқа бөлу. (Өткен тақырып бойынша есептер беріледі. Тапсырманы орындауға 2 мин уақыт беріледі. Жауаптары бойынша оқушылар 4 топқа бөлінеді)

Әр топтың басшысын анықтау.(Әр топқа тапсырмалар беріледі. Бірінші шығарған оқушы топ басшысы болады)

№1. Көбейтуді орында: №2. Көбейтуді орында:

(х-2)(х+3) (х-4)(х+3)

№3. Көбейтуді орында: №4. Көбейтуді орында:

(х+2)(х-5) (х-3)(х+4)

ІІІ. Өткенді қайталау.

Математикалық диктант.
1. Санды және әріпті өрнектер .....өрнектер деп аталады (алгебралық)
2. Санды және әріпті көбейткіштер мен олардың дәрежелерінің көбейтіндісі ..... деп аталады. (бірмүше)
3. Бірнеше бірмүшелердің алгебралық қосындысын ... деп атайды. (көпмүше)
4.Бір-бірінен айыырмашылығы тек қана коэффициентте болатын бірмүшелер ....деп аталады. (ұқсас мүшелер)

IV. Жаңа тақырып:

1. 2х(х+4)=2х2+8х

2. (х+2)(х-4)=х2-2х+8

Бірмүшені көпмүшеге, көпмүшені көпмүшеге көбейткенде көпмүше шығады. Кейбір жағдайларда керісінше, көпмүшені бірнеше бірмүшелер мен көпмүшелердің көбейтіндісі түрінде жазуды қарастыру керек болады. Мұндай есептерді көпмүшені көбейткіштерге жіктеу деп аталады. Көпмүшені көбейткіштерге жіктеудің 1-тәсілі: ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару.

(Оқушылар оқулықтан тақырыпты оқып өзара талдайды)

Оқулықтан: п.3.2. 51-52 бет

тапсырма: (әр топтан бір оқушы тақтаға шығып, түсіндіреді)

  1. 12а-24b

  2. 10ab+5b-30bc

  3. 2xy-3xz+px

  4. 5mn2+4np

V. Топтық жұмыс. Оқушылар топ арасында 1,2 есепті талдап бірге шығарады. 3,4 тапсырманы жеке-жеке орындайды. (1,2 есепке-1 ұпай,

3,4 есепке 2 ұпайдан)

Көбейткіштерге жікте:

  1. 2аb+6b

  2. 5-7х4

  3. 3х+6ху+9х2

  4. х3-2х4+3х5

VІ. Жеке жұмыс. №218(1,2,3), №219(1,2,3)

Өзара жұптасып тексереді. Әрбір дұрыс жауапқа 2 ұпай.

№218 1) а(4+3а) №219 1) 2а2b(2a-3b)

2) -10(2m-3n) 2) 7m2n(2m-3n2)

3) 5a(a-3) 3) 2y(a2-3ay+4)

VІІ.Бекіту.

Слайд бойынша ауызша есептер.

VІІІ. Үй тапсырмасы: §3.2 №218(4,5,6), №219(4,5,6)

ІХ. Рефлексия. Стикерге жазылған тілектерін топ жетекшілеріне береді.

Х. Қорытынды:

Топ жетекшілері ұпайларын санап, бағаларын шығарады.


Бағалау парағы:

Аты-жөні

Өрнектің

мәнін тап

Көбейтуді орында

Матем.

диктант

Топпен жұмыс

Жеке жұмыс

Барлық ұпай саны

Қойылатын баға











Бағалау критериі: 0-9 ұпай - "2"

10-16 ұпай - "3"

17-22 ұпай - "4"

23-25 ұпай - "5"


© 2010-2022