Ғажайып сандар әлемі 5 сынып

Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Кенжекол жалпы орта білім беретін мектебі» ММ







«Ғажайып сандар әлемі»-

атты факультатив курс бағдарламасы

(5 сынып оқушыларына арналған)













Құрастырған:

математика пәнінің мұғалімі

А.Т. Адамова















2015 жыл


Түсінік хат.

Қоғамның сұранысынан математикалық білім беру мазмұнын жаңартау мәселесі туындайтындықтан, ғылыми- техникалық прогресс, ғылымның басқа салаларының дамуы жаратылыстану ғылымдарының құрылымын анықтау үшін математиканың білім алу ерекшеліктеріне қызығуды арттыруда математиканың орасан зор маңызы бар.

Оқушылардың ой- өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілеттерін, тез есептеу дағдыларын шындау мақсатында құрылған бұл курс білім алушылардың дүниетанымын кеңейтіп, логикалық ойлау дәрежесінің дамуына, пән бойынша білімін кеңейтуге жол ашады.

Сонымен қатар білім алушылардың ой- өрісін кеңейтетін логикалық есептерді, бірнеше дұрыс шешімдері болуы мүмкін есептерді, практикалық мәні бар және тағы басқа тұрмыстық талаптардан туындайтын есептерді қарастырады.

Бұл курс математиканың негізгі ұғымдарының бірі- сандар ұғымына, оның тарихына және сандарды қолданып оқушыларға тез есептеу жолдарын үйретуге арналған.

Математиканы оқытудағы негізгі талап - оқушыға есептер шығара білу жолдары мен тәсілдерін үйрету. Тез есептеудің тиімді жолдарын қолдану біріншіден, олардың ақыл-ойын таным белсенділігін, екіншіден сабаққа ынталарын, қызығушылығын, үшіншіден ешкімнің көмегінсіз дербес жұмыс істеу қабілеттерін дамытады.

Ол уақыт үнемдеу тұрғысынан тиімді. Қай тәсілді қолдану оқушының өз еркінде болғанымен, олардың барынша тиімдісін іріктеп алуды үйретуге де мүмкіндік мол.

Курс мақсаты: Оқушылардың сандар жайлы білімдерін жүйелеу және кеңейту, есептеудің тиімді жолдарымен таныстыру.

Міндеттері:

  • Сандардың шығу тарихымен, сандар түрімен таныстыру;

  • Оқушылардың есептеу мәдениетін арттыру;

  • Ой еңбегінің дағдыларын қалыптастыру;

  • Математикаға деген танымдық қызығушылықтарын дамыту;

  • Күнделікті өмірде қолдануға қажетті ойлау қабілеттерін дамыту;

Күтілетін нәтиже: курсты оқып- үйрену барасында білуі тиіс:

  • Нумерацияның пайда болуы;

  • Әр түрлі есептеу жүйесі;

  • Сандардың түрлері және олардың қасиеттері мен ерекшеліктері;

  • Алып сандар жайлы деректер;

  • Тез есептеу тәсілдері;

Үйренуі тиіс:

  • Кейбір сандардың жұмабағын түсіндіре білу;

  • Есептеудің тиімді әдістерін қолдану;

  • «Сандық судокуды» шеше білу;

Жұмыстың формасы мен әдістері:

1. Кейбір тақырыптар бойынша әңгімелесулер, лекциялар

2. Оқушылардың тақырып бойынша қосымша деректері;

3. Сабақты өту барысында Интернет желісінің барлық мүмкіндіктерін қолдану;

4. Сабақты ойын түрінде, КТК формасында, викторина түрінде өткізу;

5. Кейбір тақырыптар бойынша презентация әзірлеу;

6.Шағын зерттеулер жүргізу;

7. Топпен, жұппен жұмыс жүргізу;

Меңгереді:

Әр түрлі ақпараттық құралдармен жұмыс істеуін;

  • Есептерді әр-түрлі тәсілдермен шешеді;

  • Есептерді шешудің рационал тәсілдерін таңдай алады;

  • Нәтижесін қорытындылайды;

  • Курстың тақырыптары бойынша есептер құрастыру.

Қорытынды сабақ формасы: оқушылардың жоба қорғауы.

«Ғажайып сандар әлемі» курсын оқып- үйренуге аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат бөлінеді.




























Бағдарлама курс бойынша

/аптасына 1рет, барлығы 34 сағат/

МАЗМҰНЫ:

№ р/с

Өтілетін тақырыптар

Сағат саны

Мерзімі

Ескерту


Нақты

Факт

1

Сандар және оның шығу тарихы. Ертеде қалай санаған?

1




2

Әлемдегі елдерде сандардың белгіленуі

1




3

Алып сандар

1




4

Жай және құрама сандар. Егіз сандар.

1




5

Сандардың құпиялары

1




6

Фибоначчи саны. Фигуралық сандар.

1




7

Сандардың бөлінгіштігі. Сандардың 7,8,11,13 сандарына бөлінгіштігі.

3




8

Тез есептеу тәсілдері

3




9

Ауызша есептеу тәсілдері

2




10

Сандарды көбейтудің стандартты емес тәсілдері

3




11

Сандармен фокустар мен ойындар.

2




12

Сандық судоку.

2




13

5 пен аяқталатын сандардың квадратын табу

2




14

Біздің өміріміздегі сандар

2




15

Сиқырлы сандар

1




16

Сандық бас қатырғыштар

1




17

Сиқырлы квадрат

1




18

Қазақ дүниетанымындағы сандар

1




19

Қортытындылау

2




20

Логикалық есептер

3




Қолданылатын әдебиеттер:


  1. Игнатьев, Е.И. В царстве смекалки [Текст]. / М.К. Потапова. Наука, 1978.

  2. Нагибин, Ф.Ф. Математическая шкатулка: пособие для учащихся [Текст]. / Ф.Ф. Нагибин,- 4-е изд. Перераб. и доп. - М.: Просвещение, 1984.

  3. И. Я. Депман, Н.Я. Виленкин. За страницами учебника математики. Москва. Просвещение. 1989г.

  4. В.А.Гусев, А.И.Орлов, А.Л.Розенталь Внеклассная работа по математике в 6-8кл. М. «Просвещение»,1984г.

  5. А.Е. Әбілқасымова, С.А. Джанабердиева: Қызықты математика. Алматы «Мектеп» 2007

  6. А.В.Фарков: Математикадан сыныптан тыс жұмыстар.Москва. Айрис- пресс 2007.

  7. А.В.Фарков: Мектептегі математикалық үйірмелер.Москва. Айрис- пресс 2007.

  8. Н.Н. Забежанская, Қ.Ш. Шаяхметова: Математикалық мозайка. Алматы «Рауан» 1997.

  9. Н.Н.Аменицкий, И.П.Сахаров: Сиқырлы математика Москва «Наука» 1991

© 2010-2022