Баяндама Математика сабағында оқушылардың танымдық ізденімпаздықтарын қалыптастыру

Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақбұлақ жалпы негізгі білім беретін мектебі

Математика сабағында оқушылардың танымдық ізденімпаздықтарын қалыптастыру.







Абишева Зулкия Нурымхановна

Әр мұғалімнің негізгі мақсаты-сабақ сапасын көтеру,оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру, олардың ізденімпаздығын қалыптастыру.

Күннен күнге қоғамда математиканың рөлі өсуде.Математиканың жоғары дәрежеде дамуы-білімнің түрлі салаларының нәтижелі көтерілуінің қажетті

шарты.Ғылыми ақпараттар ағынының жедел қарқынмен өсуі,жалпы білім

беретін мектеп оқушыларын өз бетінше жаңа білімдер игеруге қабілетті етіп,тәрбиелеу мен оқытуды тлап етеді

Оқушылардың танымдық белсенділігін,қызығушылығын арттырудың және олардың негізінде білімін дамытудың сан алуан жолдары бар.Сабақ барысында оқушыларды біліммен ғана қаруландырып қоймай, олардың қисынды ойлауын, есте сақтау қабілеттерін,өз ойларынжүйелі түрде жеткізе алатын тіл шеберлігінің болуына да көңіл аудару қажет.

Пікірталас,дөңгелек үстел,тренингтер,ойын сабақтары т.б. оқытудың белсенді әдістері болып табылады.оқытудың кез келген белсенді әдістерін пайдалану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырып,

оларды шығармашылық деңгейге жетелеу қажет.

Математиканы меңгеруге себепші болатын оқушылардың төмендегі дағды-

ларының үйлесімін қарастырайық.

1.Математикаға деген оқушы назарының дұрыс бөлінуі,бейімділігі және

әуестігі.

2.Еңбекқорлық,өз бетінше жұмыс істеу,мақсатқа ұмтылушылық және табандылық сияқты ерекшеліктері. 3.Белгілі бір жұмысты орындау үшін қызығушылық,құштарлық жағдай-

лардың бар болуы.

4.белгілі бір жұмысты атқаруда білім қорының,іскерліктің,дағдының

анықталуы.

5.Ақыл-ой дағдыларының айқындалуы.Математикалық қабілеттілік

логикалық тұрғыдан ойлау белгілерімен,өзінің назары мен ойын басқар білумен сипатталады.Математикалық есептерді шығару оқушылардың

шығармашылық белсенділігіне байланысты.Сондықтан,есеп шығарудың басты мақсаттарының-бірі оқушылардың ойлау қызметін жандандыру.

Оқушыларға математика және математик ғалымдардың тарихын сабақ

процесінде және сабақтан тыс дамушылық жұмыстарында таныстырып

отыру,пәнге деген қызығушылығын арттырып,пәндік білімін арттыра түседі.

Соңғы кездері педагогикалық жаңа бағыттардың ішінде оқытудың ойын түрі қалыптаса бастады.мұның бір ерекшелігі,онымен ұйымдастырылған сабақ оқушыларға қызықты,әрі жеңіл болатындықтан балалар өздерін мейлінше еркін сезінеді.Нәтижеде балалардвң қиялы,өзіг-өзі ұстауы,шығар-

машылық қабілеттері дамиды. Ойындарды дұрыс ұйымдастыру және өткізу мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді.Математика сабағында оқушылардың белсенді жұмыс істеуін,тез ойлау қабілетін арттыруға дидактикалық ойындар,қазақтың ұлтық ойындары,логикалық ойлауға бағыттайтын ойындар орны ерекше.

Ойын-шығармашылық,ойын-еңбек.Математиканың сан алуан сырын сан-

дар әлемінің қызық құбылысын,ойын элементерімен сабақ қызықты,әрі ұтымды.

Ойын барысында берілетін тапсырмалар қпрпайымнан басталып біртін-

деп қиындап оқушылардың танымдық қызметін арттырады.Ойын кезінде

белсенді емес оқушылар жолдастарын кейін тартпау үшін жанын салады.

Ойындарды 5-7 сыныптарда ғана емес,8-11 сыныптарда қайталау сабақта-

рында,сынақ сабақтарында іскерлік ойындар ұйымдастыруға болады.Іскерлік

ойындарда білім,іскерлік,дағды сияқты қасиеттер сынға түседі.

Ойын арқылы оқыту технологиясында мұғалімге төмендегідей міндеттер жүктеледі.

1. Ойын басталмас бұрын ойынның мазмұнымен таныстыру керек;

2. Қажетті көрнекілектерді дайындап,тиісті жазуларды тақтаға жазу керек ;

3. Дидактикалық материалдарды сабақтың түріне қарай таңдап алу,оқушыларға жеке үлестірмелі тапсырмалар дайындау;

4. Оқушылардың топтарын дұрыс таңдау;

5. Берілген тапсырмалар проблемалы жағдай туғызатын, өмірмен байла-нысты болуына көңіл бөлу керек;

6. Әрбір оқушының шығармашылық күш-қуатын толық пайдаланып,өздері-

не сенімді болуларын көздеу керек;

6. Қортындылау барысында оқушылар еңбектерінің қуанышын сезініп,

келер сабақты асыға күтетіндей қызығушылықты қалыптастыру керек.

5-6 сыныптардағы математика сабағында «Кім жылдам?»,»Ойлан,тап!»,

«Сиқырлы фигуралар», «Тез есепте», «Баспалдақ», «Қоян қайда секіреді?»,

сызба нұсқалар бойынша есептеулер т.б. ойындар оқушылардың сабаққа де-

ген қызығушылығын арттырады.

Сыныптан тыс жүгізілетін іс-шаралар арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға болады.Бұған әр түрлі тақырыпта өткен апталық-

тар,онкүндіктер,тақырыптық кештерді алуға болады.

«Жұлдызды сағат», «Білім бәйгесі», «Интеллектуалды білім сайысы», «Көңілді тапқырлар» т.б. сайыстарының орны ерекше.Бұндай іс-шаралар оқушылардың білімдерін шыңдай түседі,ынтасын арттырады.

Қазіргі телеарналардағы оқиғаларға оқушылардың сын көзімен қарауын,

оны талдай білуін үйретуде,өмірге деген көзқарстарын қалыптастыруда пікірсайыстар ойын түрінде өткізіледі.Бұлар оқушылардың өз бетімен ізденіп,қосыша әдебиетерді оқып тиісті қорытынды жасауларына ықпал етеді.

Сабақ барысы кезінде ойындарды жиі пайлалану оқушылардың қызығу-шылығын,ойлау қабілетін,есте сақтау қасиеттерін дамытып,оларды алғыр-лыққа,тапқырлыққа тәрбиелейді



© 2010-2022