Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру-заман талабы

Бұл енгізілген статья оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың бүгінгі таңдағы өзектілігін көрсетеді. Ұлттық жоспарды орындау жолындағы алға қойылған мақсат - міндеттерді іске асыру тәсілдері мен нәтижесі көрсетілді. Жоспарды жүзеге асыру жолындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін білім беру жүйесінде басшылыққа алынатын негізгі тетіктері туралы көрсетілді. Статьяда жалпы функционалды сауаттылыққа анықтама берілді. Яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымы...
Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру - заман талабы

Европалық Экономикалық бірлесу және даму ұйымының (ОЭСР) дамыған елдерде жүргізген зерттеулеріне үңілсек, олардың тұжырымдарында білімділікпен қатар, алған білімді өз бетімен пайдалана алатын, оны қажетіне қарай одан әрі дамыта білетін функционалдық сауаттылықтың қажеттігі алға қойылған. Сонымен қатар, бұл оқушы бойында құзыреттілік сапаларын қалыптастыру нәтижесі деп те түсіндіріледі.
Білім алушының білім, білік, дағдыларымен қатар, құзыреттілік сапаларының болуын қажет ететін тенденциялар қазіргі заманның «білім алу заманына» айналып келе жатқанын көрсетеді. «Білім беруден - білім алуға», «оқытудан - оқуға» көшу парадигмасы білім беру ресурстарын қайта қарау талаптарын қойып отыр. Соған орай, функционалдық сауаттылықты дамыту төмендегі іс-әркеттерді тиімді ұйымдастыруды қажет етеді, олар: білім стандарттарын жаңарту және оны әр оқушыға тиісті дәрежеде меңгерту; оқыту процесіне жаңа әдістер мен технологиялар енгізу, білім беру ұйымдарын коммуникативтік - ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ету. Интеллектуалды ұлт қалыптастыру міндеттері функционалдық сауаттылықты дамытуға негізделетіні белгілі. Ол, біріншіден, интеллектуалдық еңбектің мәртебесін көтеріп, жастардың білімділікке, парасаттылыққа, Отан мен халыққа қызмет етуге деген қарым-қатынасын өзгертуді; екіншіден - ұлттық интеллектінің діңгегін құру, ол үшін халықаралық деңгейде бәсекеге түсе алатын білімді, жаңаша ойлайтын, қабілеті мол тұлға қалыптастыруды; үшіншіден - білім, ғылым және инновациядағы серпілісті қамтамасыз ету міндеттерін іске асыруы тиіс.

Жалпы функционалдық сауаттылық деген ұғымды таратып айтар болсақ, адамдардың (жеке тұлғаның) әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы және өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторы. Яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына қарай ілесіп отыруы, адамның мамандығына, жасына қарамастан үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Мұндағы басшылыққа алынатын функционалдық сапалар: белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алу, өз кәсібін дұрыс таңдай алуға қабілеттілік,т.б.

Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары 2011-2020 жылының мемлекеттік бағдарламасында айқын көрсетілген. Және де Елбасының 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында бес жылдық ұлттық жоспар қабылданғаны баршамызға белгілі. Ұлттық жоспардың мақсаты - жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады. Яғни, оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйрету.

Осы мақсатты жүзеге асыру бағытында төмендегідей міндеттер қойылды:

  • мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудың отандық және халықаралық практикасын зерделеу.

  • мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша шаралар жүйесін іске асырудың тетіктерін анықтау.

  • білім мазмұнын жаңғыртуды қамтамасыз ету: стандарттар, оқу жоспарлары мен бағдарламалар.

  • білім беру процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу.


  • мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және мониторинг жүргізу жүйесін дамыту.

  • мектептің және қосымша білім беру жүйесі ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту.

Сондай-ақ оқушының жеке тұлға және әлеуметтік нысан ретіндегі келешегі басты назарға алынады. Оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас түбегейлі өзгерісті керек етеді. Яғни дәстүрлі оқулардағы оқытушы мен шәкірт арасындағы көп жағдайлар оқушы көңілін қанаттандыра бермейтін қалыптасқан заңдылықтар ұстаз бен шәкірт арасындағы серіктестік қарым-қатынасқа ауысады.

Сонымен қатар оқушыға қалай оқу керектігін үйрету, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни ойлай алатын, пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыру.

Ұлттық жоспардың жоғарыда аталған мақсат, міндеттерін жүзеге асыруда төмендегідей тетіктері (механизмдері) нақтыланып, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін білім беру жүйесінде басшылыққа алынады:

-алғашқысы - оқыту методологиясы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту. Яғни мектеп оқушыларының функциональдық сауаттылығын дамыту жалпы білім беретін орта мектептің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын (МЖБС) жаңартудан бастау алуға тиіс. Ол үшін мұғалім білім алушының бойына алған білімін практикалық жағдайда тиімді және әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана алатындай негізгі құзыреттіліктерді сіңіруі керек. Олар: басқарушылық (проблеманы шешу қабілеті); ақпараттық (өз бетінше ақпараттар көздері арқылы үнемі білімін көтеріп отыруы, сол арқылы танымдық қабілетін ұштау); коммуникативтік (үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын (шет) ауызша, жазбаша қарым-қатынас жасау); әлеуметтік (қоғамда, өзі өмір сүрген ортада іс-әрекет жасай алу қабілеті); тұлғалық ( өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға қажетті білім, білік, дағдыларды игеру, болашақ өзі таңдаған кәсібін өзі анықтау, оның қиыншылығы мен күрделілігіне төзімді болу); азаматтық (қазақ халқының салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті, ділі, тілін терең меңгеріп, қазақстанның өсіп-өркендеуі жолындағы азаматтық парызын түсінуі); технологиялық (әр азамат өз мамндығына қарай ақпараттық технологияларды, сандық технологияны, білім беру технологияларын сауатты пайдалануы). Білім алушы осы аталған негізгі құзыреттіліктермен қатар пәндік құзыреттіліктерді (әр пәннің мазмұны арқылы) меңгеруі тиіс.

-екінші тетігі- оқыту нысандары мен әдістері. Тәуелсіз қазақ елінің оқулықтарының мазмұны ұлттық құндылықтарды басшылыққа ала отырып жазылып, оны оқыту мен жүзеге асырудың жаңа әдістері, яғни интербелсенді әдістер арқылы жүзеге асуы тиіс. Осы негізде білім алған мектеп оқушылары теориялық білімдерін практикалық тұрғыда қолданумен қатар ана тілінің келешегіне үлкен жауапкершілікпен қарауға тәрбиеленеді.

-үшінші тетігі - оқу нәтижелерінің бағалау жүйесін өзгерту. Бағалау жүйесі функционалдық сауаттылықта сырттай бағалау және іштей бағалау болып бөлінеді. Іштей бағалау - оқу пәні бойынша оқыту сапасын диагностикалау және мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты өлшеміне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Ал сырттай бағалау - әрбір деңгейді аяқтау бойынша білім алушының оқу жетістіктерінің нәтижелеріне сәйкес (ҰБТ, ОЖСБ және т.б.), сондай-ақ халқаралық зерттеулерге (ТIMSS, PISA және PIRLS) қатысуы арқылы жүзеге асырылады. Нақтырақ айтар болсақ, сыртқы бағалау белгілі бір мамандық иелеріне қатысты болса, іштей бағалау көбіне білім алушыларға қатысты. Сонымен қатар білім алушылардың өзін-өзі бағалауы, ұйымдастыруы, жетілдіруі және жеке жетістіктерін бағалау арқылы жүзеге асырылады.

-төртінші тетігі -қосымша біліммен және мектептен тыс сабақтармен қамту. Бұл мәселе бізде толыққанды жүзеге асып отырмағандығы белгілі. Егерде біз қосымша білім беру және мектептен тыс сабақтарда оқушыларға туған жердің табиғатын, туған елдің әдет-ғұрпын, мінезін үйреніп, хәкімшілік, әлеумет мекемелерімен, олардың қызметтерімен, сауда кәсібімен, қатынасу жолдарымен таныстырып, жергілікті тарихи ескерткіштердің қатынасын түсіндіріп, балаларды бұрын білмейтін, жат нәрсемен яғни әлеумет ғылымымен таныс ететіндей жоспарды басшылыққа ала отырып, бағдарламалар түзіп, қосымша әдебиеттер ұсынатын болсақ, онда функционалдық сауаттылықтың төртінші механизімі өз дәрежесінде жүзеге асады.

-бесінші тетігі -мектепті басқару моделі. Бүгінгі білім беру жүйесінде қазақстандық мынадай мектептер бар: жалпы білім беретін орта мектеп, гимназия, лицей, дарынды балаларға арналған мектептер, Назарбаевтың зияткерлік мектебі (НЗМ) т.б. Осы мектептердің басқару жүйесі, оқу бағдарламалары, оларда оқытылатын пәндердің оқулықтары, онда оқитын оқушылардың білім сайыстары бір-бірінен ерекшеленіп, бүгінгі қоғам талап етіп отырған үрдістен шығуы тиіс.

-алтыншы тетігі - барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру ортасының болуы. Бұл мәселедегі жүзеге асырылатын жұмыс - мектеп пен жоғары оқу орындары, түрлі ғылыми зерттеу орталықтары мақсатты түрде келісімшартқа отырып, мектеп оқушыларының мамандық таңдауда, ғылыми жұмыстар, жобалар жасауда әріптестік қарым-қатынас орнатып отыру екі жаққа да тиімді болмақ.
-жетінші механизімі - ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеуге белсенді қатысуын қамтамасыз ету. Ата-ана бала бойына жас кезінен адами құндылықтарын дарытып, саналы өмір сүруге баулуға борышты. Ата-ананың бала тәрбиелеуде функционалдық сауаттылығын көтеру мектеп мұғалімдерімен олардың тығыз байланыс жасап, екі жақты әріптестік әрекетінің негізінде қалыптасады. Баласының ерекше қасиетін тануы, оны түрлі жағдаятта түсініп, қол ұшын беруі, олардың қабілетін дамытуға, бойына рухани құндылықтарды қалыптастыруға, жағымсыз мінез-құлық, әдеттерден арылтуға көмек беретін қасиетпен ерекшеленетін функционалдық сауаттылық ата-ана бойында да болуға тиіс.

Ұлттық жоспарды іске асырудан күтілетін нәтижелері:
Ұлттық жоспарды орындаудың нәтижесінде 2017 жылға қарай Қазақстандық мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мынадай жағдайлар жасалатын болады:

1. Ғылыми-зерттеу жағынан қамтамасыз етеді.
2. Білім беру мазмұнын жаңартады.
3. Оқу-әдістемелікпен қамтамасыз етеді.
4. Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және оған мониторинг жүргізу
жүйесі енгізіледі.
5. Материалдық-техникалық базасы жаңартылып, нығайтылады.

Көріп отырғанымыздай, бүгінгі білім сапасына қойылар талаптар дәстүрлі білім, білік, дағдылар болуынан да жоғары. Бұл жерде маңызды нәрсе құзіреттілік білім мен біліктілікке негізделеді, яғни функционалдық сауаттылық пен құзіреттілік негізі білім мен біліктіліктен тұрады.

Қорыта келгенде, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыра отырып, алған білімдерін өмірде, кез келген жағдайда, әлеуметтік ортада қолдана алуға үйретеміз. Олардың жеке бас қабілеттерін, әлеуметтік-мәдени дағдыларын дамыта отырып, өзгермелі өмірге бейімдей аламыз. Әлеуметтік талаптарына сай келуі үшін оқушының ақпараттық технологияларды қолдану және проблемалардың шешімін таба алуға дағдыландырамыз. Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Біздің еліміздің негізгі тірегі - зияткерлік ұлт мүмкіндігі. Сондықтан да біздің балаларымыздың сапалы білім алуы маңызды екендігін естен шығармауымыз қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Ергешбаева Ш.Н. «Мүдде мен мақсат - жарқын болашақтың кепілі».// Өрлеу-Шымкент №1 02.2014ж.

  2. Функциональная грамотность выпускников школ // Вершловский С.Г., Матюшкина М.Д.

  3. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары. Астана. 2012 жылғы 25 маусым.





© 2010-2022