Жай сандар және құрама сандар тақырыбына математика пәнінен презентация

Раздел Математика
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«№8 жалпы орта білім беретін көркемдік - эстетикалық білім және тәрбие беру мектеп-кешені» КММ





Бекітемін________________

Оқу ісінің меңгерушісі:

Түсіпова М.А.



Ашық сабақ

Тақырыбы: Жай сандар және құрама сандар.

Өткізген: Елеусизова Ж.Ж

математика пәнінің мұғалімі



2014-2015 оқу жылы

Күні: 30.10.14ж

Сынып: 5 « Ә »

Сабақтың тақырыбы: Жай сандар және құрама сандар

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: Жай сандар және құрама сандар ұғымымен таныстыру. Есептер шығару

дағдыларын қалыптастыру..

2. Дамытушылығы: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру,

Өө бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту.

3. Тәрбиелігі: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа,

Жылдамдылыққа тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: деңгейлік тапсырмалар

Оқытудың әдісі: практикалық

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту

ІҮ. Есептер шығарту

Ү. Сабақты бекіту кезеңі

ҮІ. Бағалау

ҮІІ. Үйге тапсырма

ҮІІІ. Қорытындылау

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Сәлемдесу

ә) оқушыларды түгендеу

б) оқушылардың назарын сабаққа аудару

в) сабақтың мақсатымен таныстыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: №174 (3), №175 (3), №180 (2)

1. Натурал сан а-ның бөлгіші деп, осы а саны қалдықсыз бөлінетін натурал санды айтады. Мысал келтір. (24 санының бөлгіштері: 1, 2, 3, 4, 6, 8, 12 және 24)

2. Кез келген натурал сан 1-ге бөлінетіндіктен, 1 саны кез келген натурал санға бөлгіш бола ма? (болады)

3. Берілген натурал санның ең үлкен бөлгіші қандай сан болады? (сол санның өзіне тең)

4. Натурал в санына еселік деп, сол в санына қалдықсыз бөлінетін санды айтады. Мысалы, 5 санына еселік санды табайық. 5, 10, 15, .. ,Сонда 5, 10, 15, ... , сандары 5 санына еселік сандар..

5. Берілген натурал санға еселік санды табу үшін не істейміз? (оны кез келген натурал санға көбейту керек).

6. Кез келген антурал санның шексіз көп .....(еселігі) бар..

7. Берілген натурал санның ең кіші еселігі ......(сол санның өзіне тең).

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту:

Сабақты бастамас бұрын мына сандардың бөлгіштерін атап шығайық.

11, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20 сандарының бөлгіштерін атаңдар:

11 санының бөлгіштері: 1 және 11;

13 санының бөлгіштері: 1 және 13;

14 санының бөлгіштері: 1, 2, 7 және 14;

15 санының бөлгіштері: 1, 3, 5 және 15;

16 санының бөлгіштері: 1, 2, 4, 8 және 16;

17 санының бөлгіштері: 1 және 17;

18 санының бөлгіштері: 1, 2, 3, 6, 9 және 18;

19 санының бөлгіштері: 1 және 19;

20 санының бөлгіштері: 1, 2, 4, 5, 10 және 20;

1) 1-ге және өзіне ғана бөлінетін натурал сандарды жай сандар деп атайды. Мысал. 11, 13, 17 және 19 сандары жай сандар

2) Ең кіші жай сан -2 саны. 2 санынан басқа жай сандардың барлығы тақ сандар, сонда 2 саны ғана жұп сан. Жай сандар шексіз көп. Кітапта 1000-ға дейінгі жай сандар кестесі көрсетілген.

3) Бөлгіштерінің саны екіден көп натурал сандарды құрама сандар деп атайды. Мысал. 14, 16, 18 және 20 сандары - құрама сандар.

ІҮ. Есептер шығару.

№258 - № 268 жазбаша тақтада орындау

№266 өздіктерінен (жай сандарды кему ретімен, ал құрама сандарды өсу ретімен жазу).

Ү. Сабақты бекіту кезеңі:

1. Жай сандар деп қандай сандарды айтады? (1-ге және өзіне ғана бөлінетін натурал сандарды)

2. Құрама сандар деп қандай сандарды айтады? (Бөлгіштерінің саны екіден көп натурал сандарды)

3. 1 саны қандай сан? (жай сандар тобына да, құрама сандар тобына да жатпайды)

ҮІ. Бағалау.

Сыныпта белсенді қатысып отырған оқушылар бағаланады.

ҮІІ. Үйге тапсырма: 10 сұрақ 1 - 3, №267-272

ҮІІІ. Қорытындылау. Нені білдік? Нені үйрендік?



© 2010-2022