Урок по математике Санның модулі

Раздел Математика
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: "Санның модулі"
Сабақтың мақсаты: Санның модуліне анықтама беру, рационал сандардың модульдерін анықтау, тұжырымдама жасау. Координаталық түзу бойындағы сандардың модульдерін таба білуге үйрету. Модульмен берілген есептерді шығара білуге дағдыландыру.Өзіне деген сенімділік ұялату
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, электрондық оқулық, координаталық түзу, карточкалар, оқулық, т/б.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру жұмысы
2. Өтілген тақырыпты қайталау сұрақтары
3. Жаңа сабақты түсіндіру
4. Электрондық оқулықпен жұмыс
5. Оқулықпен жұмыс
6. Жаңа сабақты бекіту
7. Үйге тапсырма
8. Оқушыларды бағалау, сабақты қорытындылау

1. Ұйымдастыру жұмысы - 1 минут
2. Өтілген тақырыпты қайталау сұрақтары:

Карточкамен жұмыс. Тақтаға үш оқушы шығып, карточка арқылы сұрақтарға жауап алынады.
а) Бүтін сандар, рационал сандар анықтамасы
ә) Қарама - қарсы сандардың анықтамасы
б) Координаталық түзу деген не?
в) Рационал сандарды салыстыру ережесі
г) Таңбалар ережесі

Ауызша есептер:
1)- 5ке қарама - қарсы санды ата
2)- 2, 3; 0;- 19, 7; 39; 0, 05 қандай сандар жиынына тиісті?
3)- 58, 1мен - 56, 7ні, 48бен - 63ті салыстырыңдар
4) 0 саны мен оң және теріс сандарды салыстырыңдар
- 5 - 4 - 3 - 2 - 1 0 1 2 3 4 5 6 Х

А және В нүктелерінің координаталарын тауып жазыңдар және оларды салыстырыңдар
- 4<3 теңсіздігі орындалады.

Жауабы: А(- 4) және В(3) болады.

3. Жаңа сабақ
- 5 - 4 - 3 - 2 - 1 0 1 2 3 4 5 6 Х
Мына координаталық түзудегі А(- 4) және В(3) нүктелерінің санақ басынан ара қашықтығын қарастырайық. А нүктесі санақ басынан 4 бірлік кесінді қашықтықта сол жақта орналасқан, ал В нүктесі 3 бірлік кесінді қашықтықта оң жақта орналасқан.
Анықтама.
Координаталық түзудегі санның санақ басынан ара қашықтығы сол санның модулі немесе абсолют шамасы деп аталады.
Оң санның модулі өзіне тең, ал теріс санның модулі қарама - қарсы санына тең.
О - дің модулі О - ге тең.
4 санының модулі былай жазылады|4|, - 5 санының модулі |- 5|.
|15|=15, |- 12|=12, |0|=0
Қарама - қарсы сандардың модульдері тең: |- a|=|a|.
Мысалы: |- 7|=7, |7|=7
|31/8|=3
Енді модульмен берілген қарапайым теңдеулерді қарастырайық.
1)|x|=3, 2 болса, онда x=3, 2 және x=- 3, 2 болады.
2)|x|+2, 1=3, 6 |x|=3, 6 - 2, 1 |x|=1, 5 бұдан x=1, 5 және x=- 1, 5 шығады.

Оқулықпен жұмыс
Сыныпта:№357, 358, 359 есептерді ауызша орындау.
№364, 368, 370(1, 3, 5, 7), 377, 378(2, 4) есептерді жазбаша орындау.
№370.
1) 3|x|=12 3) 0, 9|x|=5, 4 5) 0, 7|- x|=2, 8
|x|=12: 3 |x|=5, 4: 0, 9 |- x|=2, 8: 0, 7
|x|=4 |x|=6 |- x|=4
X=4; x=- 4 x=6; x=- 6 - x=4; - x=- 4
X=- 4; x=4
№377. Қосындыны Гаусс әдісін пайдаланып, табыңдар:
1)|- 5|+|- 7|+|- 9|+|- 11|+|- 13|+|15|+|- 17|+|19|=
(5+19)/(2.). 8=96
2)|9|+|- 8, 5|+|8|+|- 7, 5|+|7|+|- 6, 5|+|6|+|- 5, 5|+|5|+|- 4, 5|=
=(9+4, 5)/2°10=13, 5. 5=67, 5

Электрондық оқулықпен жұмыс.

Сабақты бекіту сұрақтары:
1. Санның модулінің анықтамасы?
2. Оң және теріс санның модулі неге тең?
3. Қарама - қарсы сандардың модулі неге тең?
4. Таңбалар ережесін тұжырымдап айтып беру
Үш тұғырлы тіл бойынша таңбалар ережесін өмірмен байланыстыра тұжырымдап айту.
+(+)=+ Менің досымның досы менің досым.
+(-)=- Менің досымның жауы менің жауым.
-(+)=- Менің жауымның досы менің жауым.
-(-)=+ Менің жауымның жауы менің досым.

Үйге тапсырма:№361, 363, 370(2, 4, 6, 8)
Оқушыларды бағалау, сабақты қорытындылау.



© 2010-2022