Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар сыныптан тыс қызмет

Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»

Сабақтың мақсаты:

  1. Жұмбақтарды тез шешуге, мақал мәтінін түсіне білуге баулу, жұмбақтарды математика пәніне де қолдана білуге баулу. Математика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.

  2. Оқушылардың ой-өрісін дамыту, шығармашылыққа, шапшаңдыққа баулу.

  3. Салт - дәстүрді өмірмен байланыстыру, сөз мәйегін түсіне білуге, өмірде қолдана білуге үйрету.

Көрнекілігі: бағдарламалар, түрлі - түсті шарлар, слайдтар.

Сабақтың түрі: ойын - сайыс

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Сайыс барысымен таныстыру

  3. Халықтық педагогиканың бір элементі - халық ауыз әдебиетін қолданып, күнделікті теледидардан көрсетіліп жүрген «1001 мақал, 101 жұмбақ» теле ойыны негізінде жүргізіледі.

I жүргізуші

Уа, халайық,

Бәріңе бірдей жар салайық!

Математика тілін үйренемдеушілерге,

Математика тілін білмек ойы барларға,

Бүгінгі болатын кешімізді арнаймыз.

Сіздерден бір тілегіміз,

Үндемей босқа тұрмаңыздар,

Білмегенді сұраңыздар,

Оның бәрі де аз болса,

Ойдан есеп, мақал құраңыздар.

II жүргізуші

Білімдіден шыққан сөз,

Талаптыға болсын кез.

Нұрын, сырын білуге,

Көкірегінде болсын тез.

Ендеше сөз кезегін «1001 мақал, 101 жұмбақ» ойынына береміз.


  1. Жұмбақшылар сайысы

Жүргізушілер жұмбақты кезек - кезек айтады, ойыншылар шешеді. Ең аз ұпай жинаған ойыншы ойыннан шығады.

1. Нәрселерді санағанда

Керек ол бізге ауадай,

Айтыңдаршы бұл қандай сан,

Жан-жақтарыңа қарамай.

(натурал сан)

  1. Бірдей санды бірнеше рет,

Көбейтуден тұрады,

Егер оны ықшамдасаң,

Қандай атау болады?

(дәреже)

  1. Өзі төрт қанатты және алты аяқты,

Сөйтсе де тікұшақтың көшірмесі сияқты.

(инелік)

  1. Екі айнасы бар, екі найзасы бар,

Төрт сылдырмағы бар,

Бір шыбыртқысы бар.

(сиыр)

  1. Аяғы біреу, қолы жоқ,

Шиыр - шиыр жолы көп

(қалам)

  1. Екі ағайынды,

Екуі де бір үйде,

Бірін - бірі көрмейді.

(көз)

  1. Бес ін, бес іннің аузы бір ін.

(қолғап)

  1. Жүз төрт түйме, он бір ине.

(есепшот)

  1. Он бір түйе , бес жылқы,

Екі сиыр, бес ешкі,

Екі қоян, үш түлкі,

Таба алмасаң, бол күлкі.

(саны: 28)

.10.Дүкеннен мен сабын алдым,

Екі дәптер, бір қарындаш,

Тіс ысқышты тағы да алдым

Есептеші сонда бәрі

Қанша болды, қолда бары?

(саны: 6)

11. Айқасқан екі таяқ,

Тұрады жоқты сұрап.

(икс)

12. Бойы екі - ақ қарыс,

Сиып тұр 25 арыс.

(сызғыш)

Қалған төрт жұмбақшылар бір- біріне жұмбақ айтады. Жұмбақтардың ішінде сан есімдер міндетті түрде болуы шарт.Финалға шыққан екі жұмбақшыға мұғалім жұмбақ жасырады.

2. Көрермендер сайысы

1. Басында таяғы бар,

Төрт аяғы бар.

Сегіз тұяғы бар,

Иегінде сақалы бар.

(ешкі)

2. Ақ шапанын үстінен,

Алты ай бойы шешпейді.

Қара шапаны үстінен,

Алты ай бойы түспейді.

(қыс пен жаз)

3. Қарнында бір көлдің балығы бар,

Немесе жандының алыбы бар.

(кит)

4. Тоғыз белбеу, қос жібек,

Екі мұрын, бір шүмек.

(домбыра)

  1. Мақалшылар сайысы

Жүргізушілер мақалдың бір бөлігін айтады, ойыншылар әрі қарай жалғайды. Ең аз ұпай жинаған ойыншы ойыннан шығады.

  1. Бір түйір дәнде, бір тамшы тер бар.

  2. Бес бармақ жиылса, жұдырық болады.

  3. Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі.

  4. Білгенің бір тоғыз,

Білмегенің тоқсан тоғыз.

  1. Бір кісі қазған құдықтан,

Мың кісі су ішеді.

  1. Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ.

  2. Алтау ала болса,

Ауыздағы кетеді.

  1. Төртеу тұгел болса,

Төбедегі келеді.

  1. Жеті жұрттың тілін біл,

Жеті түрлі білім біл.

10. Білікті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады.

  1. Бір тал кессең,

Он тал ек.

12.Досыңды үш күн сынама, үш жыл сына.

Қалған төрт мақалшылар бір - біріне мақал айтып, аяқтап отырады. Мақалдардың ішінде міндетті түрде сан есімдер болуы шарт.Финалға шыққан екі мақалшыға мұғалім мақал айтады. Финалистер сол мақалдың ішіндегі бір сөзге мақал құрастырады.

  1. Көрермендер сайысы (жаңылтпаш айту)

1. Бес түп алма, «бестік» алғандікі,

Төрт түп алма, «төрттік» алғандікі.

«Төрттік» алған бес түп алма алмайды,

«Бестік» алған төрт түп алма алмайды.

  1. Шеңбер, шеңбер доп емес,

Доп сияқты доп емес.

Доп деп, доп деп шеңберді,

Ойлама, шеңбер ол емес.

Әділқазылар ойыншылардың ұпайын санап, жеңімпаздарды анықтағанша, көрермендерге тапсырмалар беру. (слайдтан көрсетіледі.)

1. Көп нүктенің орнына тиісті өлшем бірліктерін қойыңыздар:

Оқулықтың қалыңдығы - 15... ;сіріңке қорабының биіктігі - 14... ;терезенің ұзындығы - 1... ;1 қап ұнның массасы - 50... ;1 машина ұнның массасы - 5... ;сабақтың ұзақтығы - 45... ;жазғы демалыстың уақыты - 3... .

2. Ең үлкен бір таңбалы, ең үлкен екі таңбалы және ең үлкен үш таңбалы сандардың қосындысымен ең кіші төрт таңбалы санның айырмасының мәнін табыңыздар.

5. Сайыс қорытындысын шығару.

I жүргізуші

Бүгінгі кештің төреші,

Көрермендер өздерің.

Ақ-қарасын айырып,

Куә болған өздерің.

II жүргізуші

Көңіл бөліп бұл кешке,

Келгендеріңе көп рахмет.

Шын сезінген көрерменге,

Мың рахмет, мың рахмет!

Степногорск қаласының білім бөлімі

С.Сейфуллин атындағы № 5 көпсалалы мектеп - лицейі




БЕКІТЕМІН:

Директордың ОІЖ орынбасары

Сұлтанов С.О.

« » ____20_____ ж



Тақырыбы: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»

Пән: Математика

Сынып: 5 «А», 5«Ә», 5«Б»

Өткізген: математика пәні мұғалімі Шаяхметова М.Н





Степногорск қаласы



© 2010-2022