Ғажайып пішіндер 4 жас

"Ғажайып пішіндер "сабағының тиімділігі балалар қызығушылықпен қатысып,тиіндердің тапсырмаларын орындайды.Топқа бөлініп, пішіндерден түрлі өздері ұнайтын пішіндерді құрастырады. Тапсырмалар арқылы 1-ден 5-ке дейін санап,сандарды көрсетіп, түрлі санамақтарды айтады.Түстерді ажыратады.Балалардың қызығушылықтары туып, одан әрі қызықтай түседі.Шығармашылық қабілеттері ашылып,дарындылық көзі анықталады.Шараларға қатысу икемділік қабілеттері ашылады.Мерекелерде ұлттық ойындарды ойнатып,логикалық ойлау...
Раздел Математика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Батыс Қазақстан облысы

Тасқала ауданы

ІІ Шежін ауылы

«Еркетай» тобы тәрбиешісі Канжагалиева Рима Мендешқызы

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.

Тақырыбы: «Ғажайып пішіндер»

Мақсаты: Балаларға геометриялық пішіндерді олардың түстері туралы түсініктерін бекіту. Санамақтар айтқызу арқылы сан туралы ұғымдарын қалыптастыру. Сандарды тура және кері санау, дидактикалық ойындар арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту

Қостілділік компонент: пішін-фигура, ғажайып-волшебный

Әдіс-тәсілдері: : Әңгімелесу, түсіндіру, үйрету, көрсету, ойын, сұрақ - жауап, сергіту сәті қорытындылау.

Көрнекілігі: дидактикалық тапсырмалар, , сандар, үлестірмелі пішіндер, түрлі түсті шарлар

Іс- әрекет бөлімдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Баланың іс- әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Балалар бүгін бізде ерекше күн.

- Ең алдымен келген қонақтармен амандасайық.

«Күн нұры»

Шеңбер болып тұрайық
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық.
Таза ауаны жұтайық,
Жүрекке жылу сыйлайық.
Жиналған жылы шуақты.
Қонақтарға сыйлайық.

Сәлеметтіздер ме?

Қонақтармен амандасады

Балалар өлең жолдарын бірге айтып, жылы лебіздерін білдіреді

Ізденуші- ұйымдастырушы

Тәрбиеші: Балалар, міне керемет. Сендер не байқап тұрсыңдар. Мынау не?
Қызыл, сары, көк түсті
Шарларымыз көп тіпті.
Қане, қайсысын таңдайсың.
Түсін біліп алғайсың
- Балалар шарлардың түсі қандай?
- Қызыл, сары, жасыл, көк, ақ
- Жарайсыңдар, байқадыңдар ма бұл шарлар сиқырлы шарлар. Балалар шарлар қай жерде тұр?
- Біз оны қалай алсақ болады екен?
- Балалар, маған бір ой келіп тұр. Мүмкін сиқырлы шарларға бір тақпақ айтып көрсек қайтеді.

- Бізге сиқырлы шарларымызбен бірге ғажайып тапсырмалар келген екен. Қане ішін ашып көрейік. Не бар екен?
- Ой балалар, тапсырмалар геометриялық пішіндер арқылы келіпті

Пішіндер туралы жұмбақтар:

Атына сай балалар,

Үш бұрыш, үш жағы бар.

Ол пішінді кім табар?

Дұрыс айтасыңдар балалар, бұл үшбұрыш.

- Дұрыс айтасыңдар, балалар келесі жұмбақты жасырайын.

- Төрт бұрышы бар, төрт қабырғасы бар.

Допқа өзі ұқсайтын,

Ерекше бір пішін бар.

Атын оның атаңдар?

- Өте жақсы

Қауынға өзі ұқсайтын,

Ерекше пішін тағы бар

Атын оның кім айтар?

Сопақша. -

Үшбұрыштың тапсырмасы:

Ойын «Адасқан сандар»
Мақсаты: 1ден 5 - ке дейін санау, санның емлесін тану, зейінін дамыту. Шапшаңдыққа тәрбиелеу, 1 - 5-ке дейін адасқан сандарды рет - ретімен қойып шығу.
- Жарайсыңдар, рахмет.
- Қане, ғажайып тапсырманың келесі тапсырмасы қандай екен?
- Дөңгелек
- Мұнда да қызықты тапсырма бар екен?
Дөңгелектің тапсырмасы:
«Пішіндерді салыстыр»

Артық фигураны тап?

Төртбұрыштың тапсырмасы: санамақтар айту

Сергіту сәті.

Бойды сергек тік ұста

Емін еркін тыныста

Деміңді ішке тез алда

Оң қолыңды соз алға

Қол ұшына қарада

Үш бұрыш сыз ауада

Сол қолың да бос тұрмасын

Шеңбер жасап тынбасын.

Қане балалар ғажайып тапсырманың келесі тапсырмасы қандай екен? Ой балалар мына пішін бізге таныспа?
- Сопақша
- Мұнда да қызықты тапсырма бар екен.

Сопақшаның тапсырмасы:

«Суреттегі заттарды санап, сәйкес санды көрсет»

«Салыстыр және теңестір»

«Ғажайып пішіндер» ойыны

Балалар үстелдің үстінен өздеріне ұнаған пішінді таңдап алады және сол пішіндер бойынша төртке бөлініп отырады. Үшбұрышты таңдаған балалар-шыршаны, сары түс дөңгелек-балапанда, сопақша қызыл түс-үйді, көк шаршыны таңдағандар-көліктерді құрастырады.

Шарларды

.


- Қызыл, сары, жасыл, көк, ақ

Жоғарыда
Білмейміз

Балалар қыс туралы тақпақ айтып береді




Үшбұрыш


төртбұрыш

дөңгелек

Сопақша

Балалар 1ден 5ке дейін тура және керісінше санайды.



Балалар тапсырманы орындайды


Бір дегенім бесік, шықтық одан өсіп.
Екі дегенім елім, далам туым көгім.
Үш дегенім үміт, Үміт артар жігіт.
Төрт дегенім төзім, төзе білем өзім.
Бес дегенім бақыт, Бағалайтын уақыт

1 таңертең тұр

2 шынығып бекі

3 тазала тіс

4 сабындап жу бет

5 сүртін тез

Сопақша



Тапсырмаларды қызығушылықпен орындайды


Балалар өздеріне ұнаған пішінді алып, сол түстер бойынша заттарды құрастырады

Рефлексивті коррекциялау

Балдай тәтті баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Ойынменен өседі,

Ойымыз бен санамыз.

Қол ұстасақ бәріміз,

Жарасады сәніміз.

Көріскенше күн жақсы,

Сау болыңыз бәріңіз!

Сұрақтар қойып, тақырыпты қорытады, балаларды мадақтайды

Өлең жолдарына байланысты қимылдар көрсетеді

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: «жоғары», «төмен», «бірдей» ұғымдарын

Меңгерген іскерліктері мен дағдылары: пішіндерді басқа пішіндердің арасынан тауып алып, құрастыра білуі

Қандай түсініктерді игерді: сұрақтарға дұрыс жауап беріп, тапсырмаларды орындауды

© 2010-2022