Ондық бөлшектерді қосу

Ондық бөлшектерді қосу ашық сабақ барысында оқушылардың шапшаңдығын тексеру, есепке деген құлшыныстарын тексеру болды. Бұл сабақта негізі жарыс сабақ түрінде өткізілді. Сабақты бірінші ұйымдастыру бөліміиен бастадық. Оқушылармен амандасып, үй тапсырмасын ауызша жаттығулармен тексердім. Оқушылар өздерінің сабаққа деген құлшыныстарын танытты. Онан соң жаңа сабақ түсіндіріліп, оқулықтан есептер шығарылды. Топ-топқа бөлініп оқушылар көзге түсті. Сабақты бекіту үшін сәйкестендіру тесті берілді. Онан ...
Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды ондық бөлшектерді қосу алгоритмін айта білуге үйрету және оны ондық бөлшектерді қосуда пайдалана білуге дағдыландыру;

Ондық бөлшектерді қосуда тиімді есептеу үшін қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдалана білуге дағдыландыру.

Дамытушылық: ойлау қабілеттерін қарапайым ұғымнан күрделіге қарай дамытуға бағыттау

Тәрбиелік: оқушыларды шапшаңдыққа, батыл шешімге келуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жарыс-сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ

ІҮ. Сабақты бекіту

Ү. Бағалау

ҮІ. Үйге тапсырма

І. Ұйымдастыру бөлімі

-оқушылармен амандасу

-оқу-құралдарын тексеріп, түгендеу

-оқушылар зейінін сабаққа аудару

Сәлеметсіздер ме, оқушылар? Бүгін бізде ерекше сабақ. Сабағымыз жарыс түрінде өтеді. Қазір бәріміз теледидардан көріп жүрміз, Сочи қаласында қысқы олимпиада өтіп жатыр. Сол жарысқа бәріміз қатысқымыз келе ме? Ендеше, балалар, қазір сыныпта қысқы олимпиадаға іріктеу жүргіземіз. Бізде шаңғы жарысы, коньки жарысы, биатлон өтеді. Бірге қатысайық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Ауызша жаттығулар

  1. Мына ондық бөлшектерді оқыңдар.

15,3764 153,764 27,09 16,5

1,53764 12,007 0,038 402,055(шаңғы жарысы)

2. Мына ондық бөлшектердің арасында орналасқан натурал санды тап.

а) 8,5 < х < 9,5

б) 0,23 < х < 1,7

в) 9,9 < х < 10,1

3.Сандарды салыстыр.

8,14 * 7,82 2,91 * 2,91000

9,14 * 9,1456 0,627 * 0,672

0,075 * 0,065 9,001 * 9,01

ІІІ. Жаңа сабақ

Ондық бөлшектер ондық жүйеде жазылатын сандар болғандықтан, оларды қосу натурал сандарды қосу ережесі бойынша орындалады.

1-мысал

4,21+5,47=Ондық бөлшектерді қосу=9,68

Ондық бөлшектерді қосуҚосылғыштарды баған түрінде қоссақ та, қосынды 9,68-ге тең болады.Ондық бөлшектерді қосу4,21

5,47

Бұл тақырыптан нені меңгереміз?9,68

    • Ондық бөлшектердің қалай қосылатынын;

    • Ондық бөлшектерді қосудың әр түрлі тәсілдерімен танысу;

    • Ондық таңбаларының саны әр түрлі ондық бөлшектерді қосуды;

    • Тәсілдерді қолданып, есептер шығарып үйрену;



Нені еске түсіруіміз керек?

  • Қосудың ауыстырымдылық қасиеті

а+в=b+а

  • Қосудың терімділік қасиеті

(a+b)+с=a+(b+с)

Ондық бөлшектерді қосу үшін:

  1. ондағы аттас разрядтар бірінің астында бірі тұратындай (үтірдің астына үтір тура келетіндей) етіп баған түрінде жазу керек;

  2. разрядтар бойынша қосу керек;

  3. қосындыдағы үтірді қосылғыштардағы үтірлердің астына қою керек.

2-мысал.

5,243 + 76,4

Егер қосылғыштарда ондық таңбалардың саны әр түрлі болса, онда ондық таңбалардың саны аз қосылғышқа қажетті нөлдерді тіркеп жазуға болады

Ондық бөлшектерді қосқанда , қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері сақталады:

Қосудың ауыстырымдылық қасиеті

а+в=b+а

14,25 + 7,341 =

Көбейтудің терімділік қасиеті

(a+b)+с=a+(b+с)

(15,224 + 8,1) + 1,9 =

Оқулықпен жұмыс ( коньки жарысы)

  1. № 952

  2. № 953

  3. № 954

  4. №957

  5. №968

ІҮ. Сабақты бекіту

Ондық бөлшектерді қосу

Ү. Бағалау

Ондық бөлшектерді қосу

© 2010-2022