Функция тақырбына қайталау жаттығулары

Білімділік: Оқушылардың функция тақырбы бойынша, оның графиктері және оның дербес жағдайлары туралы білім, білік және дағдыларын әрі қарай жетілдіру, алған білімдерінің практика жүзінде жүзеге асырылуын қадағалау, білім деңгейлерінің мемлекеттік стандартққа сәйкестігін тексеру. Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, логикалық  ойлау  дағдысын  дамыта  отырып  ,    тапсырманы  өз  бетінше  орындай  алуға және өз бетімен ізденуге, шығармашылыққа   дағдыландыру ,  ой  - өрісін  кеңейту . сабаққа  деген  қызығушылығын  , белсенділігін   дамыту  , өз - өзін бағалауға   үйрету. Тәрбиелік: оқушыларды  алғыр  , шапшаң  , білімді  болуға  , ойын  нақты   жеткізіп  , математикалық   сауаттылығын  арттыруға  жұмылдыру және оқушылардың математикалық сауатты сөйлеуге баулу . ұқыптылыққа  тәрбиелеу . оқушылардың арасындағы бір біріне деген сыйластықты, қамқорлықты және біреудің пікірімен санааса білуге үйрету
Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

08.04.2014 ж

6 сынып

Сабақтың тақырыбы. Функция тиақырыбы бойынша қайталау жаттығулары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың функция тақырбы бойынша, оның графиктері және оның дербес жағдайлары туралы білім, білік және дағдыларын әрі қарай жетілдіру, алған білімдерінің практика жүзінде жүзеге асырылуын қадағалау, білім деңгейлерінің мемлекеттік стандартққа сәйкестігін тексеру.

Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау дағдысын дамыта отырып , тапсырманы өз бетінше орындай алуға және өз бетімен ізденуге, шығармашылыққа дағдыландыру , ой - өрісін кеңейту . сабаққа деген қызығушылығын , белсенділігін дамыту , өз - өзін бағалауға үйрету.

Тәрбиелік: оқушыларды алғыр , шапшаң , білімді болуға , ойын нақты жеткізіп , математикалық сауаттылығын арттыруға жұмылдыру және оқушылардың математикалық сауатты сөйлеуге баулу . ұқыптылыққа тәрбиелеу . оқушылардың арасындағы бір біріне деген сыйластықты, қамқорлықты және біреудің пікірімен санааса білуге үйрету

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сөздік және эвристикалық

Көрнекілігі: тест жұмысы, деңгейцйлік тапсырмалардан құралған карточкалар

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, өзін өзі тану

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

А) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу

ә) Сабаққа дайындығын тексеру

2) Үй тапсырмасын тексеру

а) Үйге берілген тапсырманы тексеру

ә) Сұраққа жауап

1) Функция дегеніміз не?

2) Аргумент дегеніміз қандай айнымалы?

3) Функцияның анықталу және мәндер аймағы дегеніміз не?

4) Функцияның берілуі

5) Функцияның графигі дегенімізне

6) Сызықтық функция дегеніміз не және оның графигі қандай болады?

7) Сызықтық функцияның дербес жағдайлары қандай?

3) Практикалық бөлім

А) деңгейлік тапсырамалар орындау

А деңгей

В деңгей

С деңгей

№ 1409, 1410

№1415

№ 1408, 1422

В) жеке тапсырмалар

Әрбір оқушы 5 тест сұрақтарын дайындап, өз парталасына береді.

Тест 4 жауаптан тұруы қажет.

Мысалы:

у=kx+l түрінде болатын функкция қалай аталады?

А) сызықтық функция

В) көрсеткіш функция

С) қарапайым функция

Д) функцияның түрленуі

Берілген тест тек «Функция» тарауы бойынша беріліуі керек. Жауап берген кері қайтарып әрбір оқушы тестіні тексеріп бағалайды.

С) ұжымдық тапсырма

Оқушыларға «Сызықтық функция» тақырыбы беріледі. Сынып оқушылары бірігіп, сөзжұмбақ құрастырады.

4. Үйге тапсырма

Математикалық ребус және деңгейлік есептерден карточка құрастыру

5. Бағалау

Әрбір оқушының сабақта көрсеткен белсенділіктері бойынша бағалап,күнделіктеріне баға қою



© 2010-2022