Открытый урок по математике (старшая группа)

Раздел Математика
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Открытый урок по математике (старшая группа)12 «Ақбөбек» ересек тобында ұйымдастырылған іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні,айы,жылы: 14.11.2014

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Математика

Тақырыбы: «5 саны және цифры»

Мақсаты:

1.Білімділік: 5 саны және және цифррымен таныстыру, цифр мен заттың санын сәйкестендіруді үйрету,заттарды санау және реттік санау қабілетін ұштау, 5 цифрын тану және дұрыс бейнелеуге үйрету

2.Дамытушылық: балалардың зейіні мен логикалық ойлау қабілетін дамыту; 3. Тәрбиелік: эстетикалық тәрбие беру, білімділікке, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: ағаш қуыршақ

Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, мадақтау, қорытынды.

Әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері:

Біз қандаймыз, қандаймыз?

Шұғылалы таңдаймыз.

Жарқыраған күндейміз,

Ренжісуді білмейміз.

Дидактикалық ойын.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі

Өткен сабақты пысықтау.

-4 саны қандай сан?

-4 санында неше бірлік бар?

-4 саны неге ұқсайды?

-4 саны туралы қандай ұғымдарды білесіңдер?

-Жарайсыңдар балалар сендер 4 санын жақсы меңгерген екенсіңдер!

Балалар шаттық шеңберінде бір-біріне жылы лебіздерін білдірді. Жыл мезгілдері туралы пікірлері тыңдалды.

Ойынды қызығушылықпен ойнады.

-4 саны

-жұп сан

-4

-төңкерілген орындыққа

-жылдың төрт мезгілі, төрт түлік мал, 3+1=4, орындықтың төрт аяғы.

Іздену-ұйымдастырушы

-Олай болса балалар бүгін математика оқу іс-әрекетінде «5 саны және цифрымен» танысамыз.

-Балалар, тақтаға назар аударайық.

-Суретте не көріп тұрсыңдар?

-Қане, бәріміз қуыршақтарды санайықшы

-Олай болса бізге және бір қуыршақ қонаққа келіпті.

-Енді қуыршақтар нешеу болды?

-Олар қалайша бесеу болып кетті?

-5 дегеніміз 4 және 1 санынның қосындысы екен.


Дәптерімізді ашып,ондағы заттарды санаймыз. Санды 5 цифрымен белгілейміз. 5 цифрын табамыз. Педагог балаларға 5 саны және цифры туралы өлең оқып береді.

«5»жасағың бар ма?

Онда орақты ал да,

Сабына оның жалға

Көлденең қойып балға

Цифрды саусақпен бастырып сызамыз.

Цифрды ауаға жазамыз. Енді аяғымыздың ұшымен еденге жазамыз. Содан соң қарындашты алып, дәптердегі санды саламыз: бірінші тік сызық бойымен жоғарыдан төмен қарай, көлденең жатқан сызықты солдан оңға қарай сызамыз.

Сергіту сәтін (5 рет секіру, оң аяқпен 5 рет, сол аяқпен 5 рет жерді тебу,5 рет қол шапалақтау,парталас досыңмен 5 рет алақан соғу және т.б) өткізгеннен кейін,тапсырманы орындайды: цифр, сан мен санның нүкте түріндегі үлгісін сәйкестендіру. Бұл сабақта текшемен жұмыс істеуді әрі қарай жалғастыруға болады. (1-ден 5-ке дейінгі сандарды нүкте арқылы сызып көрсетіңдер деген сияқты тапсырма).

Суреттегі заттың санын табыңдар. Педагог 1-5 зат зат салынған кез келген суретті көрсетеді және балалардан текшенің соған сәйкес келетін жағы мен карточкадағы цифрды көрсетулерін сұрайды.

Материал үлестіріп беріп, кері тапсырма орындауға болады: үлгі мен цифр бойынша тиісті заттар санын шығару.

Содан соң №2 тапсырманы орындайды.

Балала алдыңғы сабақтарда осыған ұқсас тапсырмаларды орындаған болатын.


-Қуыршақтарды

-4

-1

-5

Заттарды санайды 5 цифрын табады және талдайды. Өлеңді мұқият тыңдайды. Цифрды көрсетеді. Ауаға санды жазады. Цифрды саусақпен сызып шығады. Еденге аяғының ұшымен жазады.



Математикалық сергіту сәтіне қатысады.



Текшедегі нүктелер мен цифрды көрсетеді.


Заттарды үстелдің шетіне қойып,дәптердегі 2-тапсырманы орындайды.

Рефлексті коррекциялаушы

5 санын балалардың қаншалықты түсініп,меңгергенін №3 тапсырма арқылы тексереміз.Вагондарды жапсыру қажет.Вагон саны 5-ке жетуі тиіс. Сабақты қорытады және балаларды мадақтайды.Құртақандарды шығарып салады.Ол үшін кері санау тәсілін пайдаланады:бесінші құртақан үйіне кетіп бара жатыр;төртінші,үшінші...құртақан үйіне кетті.

3-тапсырманы орындайды,5 саны және цифрымен танысқандарын айтады.Құртақандарды кері қарай санайды және олармен қоштасады.

Нені білуі керек: 5 саны және цифрын;

Нені игереді: 5 цифрын жазу туралы түсінікті;

Нені біледі: 5 заттан тұратын топты табуды, 5 цифрын анықтауды.

Тексерілді:

Балабақша әдіскері:

Аймаганбетова С.К.

«___» ______________ 20___ ж.









© 2010-2022