«Қыз-өмірдің гүлі» тәрбие сағаты

Сұлулық пен сымбат тәрбиесінде халқымыз жан сұлулығын басты орынға қойған. «Сұлу болғың келсе, алдымен сыртыңды емес, сырыңды түзе» деп үйреткен. Сонымен бірге тән сұлулығына да баса назар аударып, дене мүшелерінің сымбатты болуын қадағалаған. Аналар қыздары жеті жасқа келгенде беліне белбеу буындырып қойған. Он екіге толғанда жауырының астынан келетіндей етіп арқан керіп, үстіне жатқызған. Қыз сонда талшыбықтай бұралып бойжетеді. Шолпы, шаш бау, маржан моншақ бағалы заттар қыз көркіне көрік қос...
Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Аты жөні

Сапахова Гүлбаршын Мүтиғоллақызы

Күні

1.03.13.

Пәні

Тәрбие сағаты

Өткізілетін тобы

1аФК, 1сФК

Тәрбиелік шараның тақырыбы

«Қыз- өмірдің гүлі»

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат- міндеттері

Ақпараттық құзыреттілік: Өнегелі тыйым сөздермен, қазақ халқының тәрбиесімен танысады, білімдерін толықтырады.

Коммуникативтік құзыреттілік: Қыз балаларға тән қасиеттерді ажыратып, жүйелейді, ойларын жинақтайды.

Проблеманы шешу құзыреттілігі: Қажет кеңестерді алып, ойларын толықтырып, алған кеңестерді өмірде қолдана білуді үйренеді.

Тәрбиелік шарада қолданылатын педагогикалық технологиялар

Интерактивті тақта

Тәрбиелік шараның түрі

Өнеге сағат

Тәрбиелік шараның әдісі

Сұрақ-жауап, әңгіме

Көрнекілігі

Слайдтар.

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану, психология,эстетика

Тәрбиелік шараның барысы:

Оқытушының қызметі

Студенттің қызметі

Күтілетін нәтиже

Ұйымдастыру кезеңі


Сәлемдеседі

Оқушыларды тәрбиелік шараға дайындау, сабақтың мақсат-міндеттерін таныстыру; бүгінгі тәрбиелік шараға студенттердің қызығушылығын ояту.

Сәлемдеседі

Тәрбиелік шараның мақсат-міндеттерімен танысады;


Студенттер тәрбиелік шараға дайын болады, мұғалім мен оқушының арасында ынтымақтастық қарым-қатынасы орнайды.

Негізгі бөлім

Қазақ халқының тәрбиесі


Сұлулық пен сымбат тәрбиесінде халқымыз жан сұлулығын басты орынға қойған. «Сұлу болғың келсе, алдымен сыртыңды емес, сырыңды түзе» деп үйреткен. Сонымен бірге тән сұлулығына да баса назар аударып, дене мүшелерінің сымбатты болуын қадағалаған. Аналар қыздары жеті жасқа келгенде беліне белбеу буындырып қойған. Он екіге толғанда жауырының астынан келетіндей етіп арқан керіп, үстіне жатқызған. Қыз сонда талшыбықтай бұралып бойжетеді.
Шолпы, шаш бау, маржан моншақ бағалы заттар қыз көркіне көрік қосумен қатар, қыз баланың жан сезімін сұлулыққа бөлейді. Қимыл қозғалысын, қылығын әсемдікке дағдыландырады.

Студенттер слайдты оқып талдап, өз түсініктерін айтады. Сұраққа жауап береді.

«Қыз- өмірдің гүлі» тәрбие сағаты

Мысалы; Шолпы, маржан моншақ таққан қыздар оғаш қимыл жасаса, шолпы моншақтары салдырлап жағымсыз дыбыс шығарып, оқыс қылығын дереу қойған. Епті қимыл, әдемі жүрісте шолпы, моншақ сыңғырлап, қыз әсемдігін ерекшелендіре түседі. Шолпы, білезік, сақина сияқты сәндік бұйымдары көбіне ақ күмістен жасалынған. Халық ұғымында ақ күміс адалдықтың, бақыт байлықтың символы ретінде бағаланған.

Көңілге қуаныш сыйлайтын, жанымызды ізгілендіретін тілектер айтылуы.

Ұлттық дәстүрімізді еске алу арқылы, салыстырып, қорытынды шығаруы





Қызға қырық үйден тыйым

Инабатты қыз өсіру ниетімен тыйым сөздерді де пайдаланған, қызға 40 үйден тыйым болған:

1. Жарыса сөйлеуге

2. Жалғыз қыдыруға

3. Жыртақтап күліп, сыжындап сөйлеуге

4. Орынсыз ұрынуға

5. Басқаларға қол тигізуге

6. Өтірік, өсекке

7. Суық жүріс, суман қылыққа

8. Кісіге қарай керіліп есінеуге

9. Талтайып отыруға

10. Шалқайып жатуға

11. Тамақты обырлана асауға

12. Ұрлық- қорлыққа

13. Ұятты мүшелерін ашып жүруге

14. Бұраңдап қылымсуға

15. Қызыл іңірде жатуға

16. Түске дейін ұйықтауға

17. Кісі алдында қасынуға, киім ауыстыруға

18. Салт- дәстүрден аттауға

19. Елді ғайбаттауға

20. Үлкендердің жолын кесіп, атын атауға

21. Ішімдік пен шегімдікке

22. Ұрыс- керіске

23. Беттен алып, төске шабуға

24. Қараулыққа, ысырапқа

25. Рахымсыздық пен қатігездікке

26. Түнде суға жалғыз баруға

27. Жат жыныстылармен араласып жатуға

28. Куйеуге қашып тиюге

29. Әдепсіз сөзге

30. Тарс- тұрс етуге

31. Адам мен жануарларды тебуге

32. Кісіні қорлап жәбірлеуге

33. Тәкаппарлық пен сайқымазақ жасауға

34. Айғай сүреңге

35. Шектен тыс сыланып жасануға

36. Қызғаншақтық пен күншілдікке

37. Менмендік пен өзімшілдікке

38. Алдап- арбауға

39. Көрсеқызарлыққа

40. Нәпсі құмарлыққа


Қызға арналған тыйым сөздерді оқып, саралайды.

Тыйым салған нәрселерден бойларын аулақ ұстауға үйренеді.

Бұл тыйым сөздердің мағынасын түсініп есте сақтау қажет. Айтылған өнегелі тыйым сөздер ұстаздың, сынып жетекшінің үйреткен ақыл кеңесі, білімі, ата- ананың берген тәрбиесі- бәрі- бәрі адамгершілікке тәрбиелеу болып табылады.

Қазақ қызы

«Қыз- өмірдің гүлі» тәрбие сағаты

Қазақ қыздарының жеті түріне топтағы қыздарды мысалға келтіріп, өз ойларын айтады.

Қазақ қыздарының жеті түрімен танысып, саралайды.

Мақал- мәтелдер

Мақал- мәтелдердің жалғасын табу

«Қыз- өмірдің гүлі» тәрбие сағаты

Студенттер мақал- мәтелдердің жалғасын табады:

«Қыз- өмірдің гүлі» тәрбие сағаты


Мақал- мәтелдердің жалғасын тауып, білімдерін толықтырады.

Қыз Жібектің дидары

Қыз Жібектің дидарын бейнелеу

«Қыз- өмірдің гүлі» тәрбие сағаты

Қыз Жібектің дидарын суреттеп береді.

«Қыз- өмірдің гүлі» тәрбие сағаты

Әдеби оқулықтағы Қыз Жібектің дидарын суреттеп, өздеріне керекті мінездерді бойларына жинақтайды.

Қыздарға арналған кеңестер

«Қыз- өмірдің гүлі» тәрбие сағаты

Қыздар өздеріне қажет деген кеңестерді алып, ой елегінен өткізеді.

Қажет кеңестерді алып, ойларын толықтырады.

Алған кеңестерді өмірде қолдана алады.

Бекіту.

Қыз балаларға тән қасиеттер қандай?


Мейірімділік, нәзіктік, еркелік, қамқорлық, сүйкімділік, жұмсақтық, білімділік, шыдамдылық, еңбексүйгіштік, ұқыптылық, ақылдылық, әдептілік, қарапайымдылық т.б.


Қыз балаларға тән қасиеттерді ажыратып, жүйелейді, ойларын жинақтайды.

Қорытындылау.

Сонымен, қорытындылай келе қыздарымызға айтарым: Кез келген көргеніне еліктемей қазақ қыздарына тән қасиеттерді бойыңа сіңіріп, үлкеннен өнеге алып, ұлттық дәстүрімізді жалғастыратын ибалы, инабатты, білімді қазақ қызына лайық болыңдар.

Ата- анаға сөз келтірмей, ананың мақтанышы, тәртібіңмен, өнеріңмен ұлтынның намысын қорғайтын қыздар болыңдар.

Тыңдағандарыңызға рахмет, сау болыңыздар.

Студенттер алған әсерлерімен бөлісіп, ойларын айтады. Жауаптары әр түрлі болуы мүмкін.

Бүгінгі тәрбие сағатында алған әсерлерімен бөлісуі. Сабақтың мақсатына жетуі


© 2010-2022