Квадрат функцияның графигі 9-сынып

Раздел Математика
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Квадрат функцияның графигі 9-сыныпКвадрат функцияның графигі 9-сыныпКвадрат функцияның графигі 9-сыныпКвадрат функцияның графигі 9-сыныпКвадрат функцияның графигі 9-сыныпКвадрат функцияның графигі 9-сыныпКвадрат функцияның графигі 9-сыныпКвадрат функцияның графигі 9-сыныпКвадрат функцияның графигі 9-сыныпКвадрат функцияның графигі 9-сыныпКвадрат функцияның графигі 9-сыныпКвадрат функцияның графигі 9-сыныпКвадрат функцияның графигі 9-сыныпСабақтың тақырыбы: Квадраттық функция тақырыбын қайталау

Сабақтың мақсаты:

Квадраттық функцияның y= ax2+n y= a(x-m)2 дербес түрлерін қайталау

және белгілі графиктердің көмегімен квадраттық фунцияның графиктерін

салудағы оқушылардың білімдерін бекіту

Сабақтың типі: Өткенді қайталау

Сабақтың көрнекілігі:Компьютер,слайд,плакаттар ,таратпа материалдар, тестік тапсырмалар

Сабақтың әдісі: Есептер шығару, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

І . «Қызығушылықты ояту»

II.Теориялық материалды қайталау

1.Қандай фукцияны квадраттық функция деп атайды?

Жауабы у = ах2+bх+с түріндегі функцияны квадраттық функция деп атайды

Мұндағы а, b, c - нақты сандар, а≠0,х - тәуелсіз айнымалы.

2.Берілген функциялардың қайсысы квадраттық функция болады?

  1. у=5х2-6 4) у=4х2

  2. 2) у=7х-1 5) у=x3+x+1

  3. 3) у=-3х2+х+7 6) у=-9х2+4х

Ж 1,4,3,6

3. y=ax2 y= ax2+n y= a(x-m)2 функциялардағы а коэффициенті нені білдіреді?

1. а коэффициентінің таңбасы параболаның тармақтарының бағытын көрсетеді:

а>0

а<0

Квадрат функцияның графигі 9-сыныпКвадрат функцияның графигі 9-сынып

2. а коэффициентінің мәні:

  • y= а х2, y=ах2+n, y= а(х-m)2 функциялардың графигі

  • а>1 болғанда

  • y= х2 функциясының графигінен ордината осі бойымен а есе созу

  • 0<а<1 болғанда абсцисса осіне қарай 1/а есе сығу арқылы шығады

4. y= ax2+n функциясының графигін қалай салуға болады ?

y= ax2+n функциясының графигі y=ax2 функциясының графигін

ордината осі бойымен n>0 болғанда, жоғары немесе n<0 болғанда төмен

|n| бірлікке жылжыту арқылы алынған парабола.

5. y= a(x-m)2 функциясының графигін қалай салуға болады?

y= a(x-m)2+n функциясының графигін салу үшін:

1. y=ax2 функциясының графигін абсцисса осі бойымен m>0 болғанда,

оңға қарай немесе m<0 болғанда, солға қарай |m| бірлікке жылжытамыз.

2. Шыққан графикті ордината осі бойымен n>0 болғанда, жоғары немесе

n<0 болғанда төмен |n| бірлікке жылжытамыз.

6. y= a(x-m)2+n функциясының графигін қалай салуға болады ?

y= a(x-m)2+n функциясының графигін салу үшін:

1. y=ax2 функциясының графигін абсцисса осі бойымен m>0 болғанда,

оңға қарай немесе m<0 болғанда, солға қарай |m| бірлікке жылжытамыз.

2. Шыққан графикті ордината осі бойымен n>0 болғанда, жоғары немесе

n<0 болғанда төмен |n| бірлікке жылжытамыз

III.Ауызша есептер шығару

Сәйкестікті табыңдар

Квадраттық функция келесі формуламен берілген. Парабола төбесін анықтаңдар.

  1. y = x2 -6

  2. y = (x-5)2

  3. y = (x-7)2 +4

  4. y = (x+3)2 -1

(0;-6)

(5;0)

(7;4)

(-3;-1)

y= 0,5(x-1)2+4 функциясының графигін y=0,5x2 функциясының графигінен қалай алуға болады?

Aбсцисса осі бойымен 1бірлікке оңға жылжытамыз, өйткені m=1. Нәтижесінде 0,5(х-1)2 функциясының графигін аламыз.

Шыққан графикті ордината осі бойымен

4 бірлікке жоғары жылжытамыз,өйткені n=4

Шыққан парабола y= 0,5(x-1)2+4 функциясының графигі болады.

IV.Шығармашылық

Үй тапсырмасын тексеру

y= ‌ x2 - 2 ‌функциясының графигін салу

y=|-(x-3)2+1| ‌функциясының графигін салу

V.Практикалық жұмыс

1.y=x2 үлгісінің көмегімен :

а) y=-x2-2 ә) y=-(х+1)2 - 3

б) y=|-х2 +3| графиктерін салыңдар?

2. Салуды орындамай-ақ, функцияның графигінің х осімен және у осіменен қиылысу нүктелерінің координаталарын табыңдар:

а) y=х2+2х ә) y=х2 +2х-8

VII.Т е с т

  1. Берілген көпмүшелердің қайсысы квадрат үшмүше болады?

А) 2х+3 В) х3 - х -7 С) х2-19х Д) 3х2 -9х -1

2. х2 -9х+8 квадрат үшмүшесін көбейткіштерге жіктеңдер:

А)(х-1)(х-8) В) (х+1)(х -9) С) (х+1)(х+8) Д)жіктеуге болмайды.

3.Суретте y=x2-4 функцияның графигі қандай түске боялған? А) қызыл В) көк С) жасыл Д) басқа

4. y=(x+5)2 функцияның графигін y=x2 функцияның графигінен қалай алуға болады?

А) Ох осі бойымен 5 бірлік оңға В) Ох осі бойымен

5 бірлік солға С) Оу осі бойымен 5 бірлік төмен

Д) Оу осі бойымен 5 бірлік жоғары жылжыту арқылы алуға болады.

5. y=3x2+4х-7 параболаның х осімен қиылысу нүктелерінін абсциссаларын анықта:

А)1;-7/3 В) 1;7/3 С) 2;4 Д)8;1

Дұрыс жауаптар:

1.Д

2.А

3.А

4.В

5.А

VIII.Үйге деңгейлік тапсырма:

  • Тест

Бағалау







© 2010-2022