Үй жануарлары. Етістік

Етістіктің ережесін , үй жануарларының түрлерін біледі. В Етістікті мәтіннен таба алады және үй жануарлары туралы айта алады. С Етістіктермен сөйлем құрастыра алады және үй жануарларының пайдасы туралы  айта аладыҮй жануарларының түрлерімен таныстыру. Етістіктің ережесін түсіндіру.Етістіктерді ауызекі сөйлеуде қолдана білу.Мәтінмен, сөздікпен жұмыс, постер, деңгейлік тапсырмалар, өзекті жағдаят, Венн диаграммаФлипчарт, ИКТ, деңгейлік тапсырмалар, маркерлер, суреттер, түрлі түсті қағаздар Оқушылар жаңылтпаштарды қайталайды, тілдерін жаттықтырады.
Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Таблица планирования уроков для учителя

Неделя

День1

Урок 1

Тема урока

Үй жануарлары. Етістік

Общая цель

Үй жануарларының түрлерімен таныстыру. Етістіктің ережесін түсіндіру.Етістіктерді ауызекі сөйлеуде қолдана білу.

Ожидаемые результаты

А Етістіктің ережесін , үй жануарларының түрлерін біледі.

В Етістікті мәтіннен таба алады және үй жануарлары туралы айта алады.

С Етістіктермен сөйлем құрастыра алады және үй жануарларының пайдасы туралы айта алады

Тип урока


Жаңа білімді меңгерту

Задания

Мәтінмен, сөздікпен жұмыс, постер, деңгейлік тапсырмалар, өзекті жағдаят, Венн диаграмма

Необходимые материалы

Флипчарт, ИКТ, деңгейлік тапсырмалар, маркерлер, суреттер, түрлі түсті қағаздар

Ход урока:

Этапы урока

Действия учителя

Действия ученика

Вводная часть

Кіріспе

Амандасу,түгелдеу.

Тренинг: шаттық шеңбері: (2 мин.). Қазір біз сендермен психологиялық тренинг өткіземіз.

Қайырлы таң досым,

Қайырлы күн болсын Аптаның әр күні,

Сәттілікке толсын

Біздің алар бағамыз

Кілең бестік болсын.

Сабағымызды бастамас бұрын тілімізді жаттықтырып аламыз.

Жаңылтпаштар

1. Беріп той, лақты

Алдым тайлақты

Беріп тайлақты

Алдым той, лақты

2. Суда сең келеді,

Сегіз серке тең келеді

Үй тапсырмасын тексеру. Енді, балалар, үй тапсырмасын тексеруге кірісейік. Үй тапсырмасы «Менің күшігім» берілген болатын. «Ыстық орындық» әдісі бойынша сұрақ қою арқылы үй тапсырмасы тексереледі .1 оқушы мәтіннің мазмұнын баяндайды. (сұқ саусақ)

Топқа бөлу («Үй жануарлары» бойынша 3 топқа бөлінеді).

Үй тапсырмасын жақсы меңгергенсіздер , енді әрі қарай тапсырмамызды орындау үшін топтарға бөлінеміз.

Үлестірмелі карточкалар бойынша жануарлар түрлерімен топтарға бөлінеміз .


Оқу құралдарын алып сабаққа әзірлену.

Оқушылар шеңберге тұрып, барлығы бірге айтады, көңілдерін көтереді.




Оқушылар жаңылтпаштарды қайталайды, тілдерін жаттықтырады.



Ортадағы орындыққа өз қалауы бойынша 1 оқушы отырады. Сынып оқушылары тапсырма бойынша сұрақтар қояды. «Ыстық орындықта» отырған оқушы сұраққа жауап береді, оқушылар баға қояды. Мұғалімнің сұрақтарына сыныпта отырған балалар қол шапалақтап жауап береді. Мысалы: «Ыстық орындықтағы» кейіпкер өте жақсы жуап берді ме? «Ыстық орындықтағы» кейіпкер орташа жауап берді ме?Қай сұраққа қатты шапалақтаса, бағасы сол болады.Оқушылар бір-бірінің жұмысын бағалайды.

Оқушылар топқа бөлінеді. Топ жетекшілерін сайлайды.

Презентация

Тұсаукесер

Қызығушылықты ояту.

Енді сендерге жұмбақ жасырамын, сендер шешуін тауып көріңдер.

1. Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар. (түйе)

2. Көкке шаншып құйрығын,

Келді шауып жүйрігім. (жылқы)

3. Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (қой

4. Құлды екен әр шаруа,

қазығына құт байлап.

Қанша құйып алсаң да,

Сарқылмайды сүт - қаймақ. (сиыр)

Дұрыс,балалар, бәрін таптыңдар. Қалай ойлайсыңдар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай?

Сұрақ - жауап. (Мұғалім - оқушы отправ. точка).

Үй жануарларына қандай жануарлар жатады? Олар адамға қандай пайда келтіреді?т.б.

Өте жақсы, балалар, жарайсыңдар.

Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту.

Енді осы үй жануарлары туралы мәтінмен жұмыс болады. Алдымен сөздікпен танысамыз, сөз тіркестерін құрастырамыз.

Оқушылар жұмбақтың жауаптарын айтады.







Оқушылар сұраққа жауап береді.

Основная часть

Негізгі бөлім



Сөздікпен жұмыс (интер. тақтада).

Мәтін. жұмыс (мәтінді түсініп оқып, аударып, өз ойларыңды айтыңдар). Жақсы, балалар, енді мәтінді оқып көрейік. Алдымен мен оқиын, сендер тыңдаңдар.

Ресурстық материалдарды қолдана отырып, үй жануарларының адам өмірінде қандай пайдасы бар екендігін талқылап, постерде көрсетіндер. Бағалау критерийлері алдарыңызда көрсетілген (10 минут, корғау - 2 минут).

Сергіту сәті (ИКТ). Балалар, ал енді кішкене серігіп алайық, шаршаған шығарсыңдар, тақтаға назар аударайық.

Балалар, біздер бүгінгі сабақта сендермен не істедік? (мәтін аудардық, жаттығу жасадық). Бұл сөздер қандай сөз таптарына жатады?

Балалар, біздің бүгінгі граматикалық тақырыбымыз-етістік. Қалай ойлайсыңдар етістік нені білдіреді? (интер. тақта арқылы түсіндіру)

Енді келесі тапсырма, балалар , деңгейлік тапсырмаларды орындау.
(7 минут)

I деңгей: 1. Мәтіннен етістіктерді теріп жаз (өзара тексеру жұмысын жүргізу. Бір - біріңе оқыту).

2. Жануарлардың атауларын теріп жаз .

II деңгей : 1. 4-тап. Берілген етістіктерді 2 бағанға бөліп жаз.

2. Мәтін бойынша жұптасып диалог құрастыр.

III деңгей: Етістіктерді пайдаланып үй жануарларының пайдасы туралы айтып беріңдер.

14) Өзекті жағдаят.

Балалар ,жер бетінде үй жануарлары жойылып кетсе, не болар еді? (тамақ, киім, емдік қасиеттер, үйді ешкім қорғамайды, аурулар көбейеді, өйткені кеміргіштер толып кетеді, дәрумендер жоғалады).

Оқушылар жаңа сөздермен танысады, сөз тіркестерін құрастырады.

Оқушылар мәтінді оқиды.


Оқушылар ақылдасып, постерді жасайды.Топтар тақтаға шығып қорғайды. Галлереяны шарлау әдісі арқылы бағалайды. Әр топ басқа топтардың жасаған постерлерімен танысып, критерийлерге сай бағалайды, постер жасау бойынша тілектерін, ескертулерін айтады.






Оқушылардың жауаптары.

Оқушылар зейінін қойып тыңдайды.

Тапсырмаларды топ мүшелері білім деңгейлеріне сәйкес өзара бөлісіп орындайды. Топтар алмасып бір-бірінің жұмыстарын тексереді, қателері болса түзеп, баға қояды. (бағалау критерийлері бойынша)





Оқушылар берілген жағдаят бойыншаойланады.

Итог

Қорытынды

Балалар, неге үй жануарлары мен жабайы аңдар деп екі топқа бөлеміз? Ұқсастығы мен айырмашылығы неде? Үй жануарлары мен жабайы аңдардың айырмашылықтарын анықтау мақсатында Венн диаграмманы толтырайық.

Енді, балалар, сабақтың қалай өткенін бағалау үшін рефлексия жасайық. Сабақ қызық болса, қызық сөздің астын сызасыңдар.Сабақ жалықтырса, жалықтырды деген сөздің астын сызасыңдар. т.б.

Рефлексия





Оқушылардан бағалау парағын жинап алып, бағалаймын.

Бүгінгі сабақтан өздеріңе қандай өмірлік азық алдыңдар? (әрбір топтың құнды пікірі).

Ү/т: А) Ережені жаттау, мәтін оқу, сөздік жаттау.

В) Мазмұн. айтуға даярлану,ереже

С) Үй жануарларының пайдасы туралы реферат жазып келу

Жабайы аңдар

Ортақ

Үй жануарлары

Орманда мекендейді

Тірі табиғаттың бір бөлшегі

Адамның үйінің маңайында тіршілік етеді

Өздері тамақ табады

Тері , ет

Адам тамақ

береді.

. Адамның көлігін

қажет етеді.

Пайдасы көп: жүн,

сүт, ет.

Адамның көмегін

қажет етеді

сабақ

Мен сабақта

Қорытынды

1. қызық

1.еңбектендім

1.Мен тақырыпты түсіндім

2.жалықтырды

2демалдым

2.Мен көп білдім

3. ұнаған жоқ

3басқаларға көмектестім

3. Мен түсінбедім

I топ жетекшісі: Жаркова Виктория

II топ жетекшісі: Дабаева Диана

III топ жетекшісі: Атаканова Альбина

(Топ жетекшілері топ мүшелерін бағалайды)


Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады


© 2010-2022