• Преподавателю
  • Математика
  • Оқушылардың математикаға деген қызығушылықтарын арттыра отырып, логикалық ойлау қаблеттерін дамыту

Оқушылардың математикаға деген қызығушылықтарын арттыра отырып, логикалық ойлау қаблеттерін дамыту

Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оқушылардың математикаға деген қызығушылықтарын арттыра отырып,логикалық ойлау қаблеттерін дамыту.

Математика ең алдымен оқушылардың дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады,дамытады және шыңдай түседі.

Қоғамның ой-санасының өсуі, жаңа сапалық деңгейге шарықтау кезеңі, еліміздің егемендік алып, әлемнің өркениетті елдерінің қатарына қосылуы жаңа заман жастарынан жаңашылдықты, ізденімпаздықты талап етеді. Бұл орайда математика пәндері басты мәнге ие. Қазіргі кезеңдегі мектеп математикасында әлі шешімдері табылмаған проблемалар аз емес. Солардың бірі - зерде бұзылыстары бар оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, кітапқа, оқуға, білім алуға деген қызығушылықтарын арттыру.

Оқушылардың жеке ойлау қабілетін дамыту үшін олардың өзіндік күшқуаты мен сенімін арттырып, қолынан келетін көп істердің мүмкіндіктеріне бағыт берген абзал. Логикалық жаттығуларды орындау баланың ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытады. Өз тәжірибемде оқушыларды түрлі мазмұнды есептерді шығаруға, оның шартын құра білу дағдысын қалыптастыруға жетелеймін. Әрбір сабақ қызықты есептермен аяқталуына, логикалық жаттығулардың олардың жас ерекшелігіне қарай күрделене түсуіне мән беремін. Мұндай жұмыстар математикалық біліммен қатар күнделікті өмірде кездесетін әртүрлі жағдайға байланысты болғаны дұрыс. Сондықтан есептерді оқушылардың байқағыштығын, ойлауын, қиялын дамытуға негіздеймін. Баланың ойлау қабілетін оқу мен жазу арқылы дамыту барысында олардың логикалық есептер, кестелер, суреттер, ребустар, сөзжұмбақтар, анаграммалар, оқулық-дәптермен жұмыс істеу іскерліктері де артады. Нәтижесінде оқушылардың өзін-өзі бақылау, сөйлеу, тыңдау қабілеттері жетіледі.

Оқушылардың математика сабағында қызығушылықтарын,логикалық қабілеттерін дамытудың стратегиялары өте көп. Ол іс-әрекеттер оқушыларды еркін ойлауға, ақыл-ойын дамытуға, талпындырып, ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелеуге, басқаларды тыңдай білуге, қарым-қатынас жасауға, өз ойын еркін айтуға мүмкіндік береді.

Оқушылар арасында мектепішілік математика саласындағы сайыстарын ұйымдастырып отырамын. Мысалы: «Қызықты математика», «Математика әлеміне саяха», «ХХІ-ғасыр көшбасшысы», «Үшбұрыштың түрлері», т.б. ашық сабақ,сыныптан тыс сабақтарды ақпараттық технология интерактивті тақтаны қолдану арқылы өткіземін.

Біз ақпараттық қоғамда өмір сүретін жеке тұлғаларды тəрбиелеп жүргенімізді міндетті түрде ескеруіміз қажет.

Аталған жұмыстарды ұйымдастыру зерде бұзылыстары бар оқушылардың шамалы өз бетімен ізденуіне жəне өздерінің логикалық ойлау тұрғысынан пәнге деген қызығушылықтарына мүмкіндік береді.

Қорыта айтқанда, мұғалім - оқушының жеке тұлғалық дамуын жобалаушы. Бұл мұғалімнен ақпараттық құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеуді, олардың қызығушылық дағдыларын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту бағыттарын талап етеді.



© 2010-2022