Конспект по математике: Үшбұрыштың медианасы (7-сынып)

Раздел Математика
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып: 7 Сабақ №13 Күні__14.10.11_

Пән: Геометрия

Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштың медианасы, биссектрисасы және медианасы

Сабақ мақсаты:
Үшбұрыштың биіктігін, медианасын, биссектрисасын, тамаша нүктелерін табуға айланысты есептер шығару арқылы оқушылардың білімдерін тереңдету.
а) Білімділік. Есептер шығару барысында білімдерін нақтылау, ой қорытындылау арқылы алған білімдерін баяндап, көрсете білуі, пәнге қызығушылығын арттыру;
ә) Тәрбиелік. Оқушылардың шығармашылық жұмыс жасау қабілетін тәрбиелеу.
б) Дамытушылық. Есеп шығару барысында ережелерді дұрыс пайдалана отырып есте сақтау, логикалық ойлау және математикалық тілде сөйлеу қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Сабақтың әдісі: интерактивті
Сабақтың көрнекілігі: слайд, электрондық оқулық, үшбұрыштардың түрлері сызылған кеспелер
Пәнаралық байланыс: алгебра ,сызу

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

/оқушылардың сабаққа қатысуын және дайындығын тексеру/

I.Қызығушылықты ояту

  • Ой қозғау

Оқушыларға үшбұрыштардың түрлері көрсетіледі. Оқушы сол үшбұрыштарға сипаттама беруі керек.

Үшбұрыштың меданасының, биіктігінің, биссектрисасының анықтамасын сұрау

Def1: Үшбұрыштың төбесінен оған қарсы жатқан қабырғаны қамтитын түзуге жүргізілген перпендикулярды үшбұрыштың биіктігі деп атайды.

Def2:Үшбұрыштың биссектрисасы деп осы үшбұрыштың бұрышының биссектрисасының бұрыш төбесі мен қарсы жатқан қабырға арасындағы кесіндісін айтады.

Def 3:Үшбұрыштың төбесін қарсы жатқан қабырғаның ортасымен қосатын кесінді медиана деп аталады.

Есептер шығару:

№51 54, 55 43 бет

Сабақты бекіту

  • Үшбұрыштың элементтерін ата

Үшбұрыштың бұрыштарына қарай бөлінетін үшбұрыштардың түрлерін ата

Үшбұрыш бұрыштары бойынша қанша түрге бөлінеді? Оларды ата

Үшбұрыштың медианасы, биіктігі, биссектрисасы дегеніміз не?

Үшбұрыштың периметрі дегеніміз не?

Үшбұрыштарды қабырғалары бойынша қанша түрге бөлуге болады?


  • Үй тапсырмасы

№53 есеп 53 бет

№ 57 есеп 54 бет

  • Бағалау



© 2010-2022