Математика. Ашық сабақ. Үлес ұғымы (3-сынып)

Раздел Математика
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математика

Сабақтың тақырыбы: Үлес ұғымы.

Сабақтың мақсаты:

а/ Білімділік:

Оқушылардың үлес жайында алған білімдерін түрлі тапсырмалар орындай отырып бекіте түсу;

ә/ Дамытушылық;

Оқушылардың есте сақтау, ойлау, өз бетінше шешім қабылдау, ой-пікірін білдіру қабілеттерін дамыту.

б/ Тәрбиелік.

Машықтық жұмыс кезінде оқушылардың ұқыпты орындау, жинақылыққа, ептілікке, шапшаң ойлауға дамыту.

Сабақтың түрі: бекіту

Сабақтың әдісі: баяндау, машықтық жұмыс, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі мен құрал-жабдықтары: оқулық, компьютер, проектор.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

- бүгін балалар, біздерде ерекше сабақ. Сіздерідің алған білімдеріңді тексеріп бағалауға ұстаздар келіп отыр. Сондықтан сабақта өз білімдерімізді, тәртіптерімізді жақсы жағынан көрсетейік.

Слайд №3

Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар, білім шыңына!

Ұқыптылық пен Зеректік,

Жеткізсін сіздей өренді

Математика сырына.

-Ендеше, өз білімізді математика сырына сүйене отырып, көрсетейік. Өткен сабақты есімізге түсірейік.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Үй тапсырмасын ауызша тексеру /№3,123 бет/

  2. Сұрақ-жауап.

Слайд №4.

  1. Үлес деген не?

  2. Жартысы деген сөзді қандай сөзбен алмастыруға болады?

  3. Ширек бөлігі басқаша қалай атауға болады?

  4. Периметр деп нені атайды?

  5. Бөлудің компоненттерін ата.

  6. 2-ге бөлінбейтін сандарды ата.

Сабақтың мақсатын хабарлау.

Күннің жадын жазып, тақырыпты жазу. Оқулықтың бетін ашу /125 бет/

№2. Уақытқа қарап есептеу. Алдымен көбейту, бөлу айтып өту.

Слайд №5. « Кім шапшаң?» ойыны

6*5=12 6*3=18 6*4=24 6*5=30

6*9=54 6*8=48 6*7=42 6*1=6

6*0=0 6:6=1 0*6=0 6:1=6

54:6=9 42:6=7 36:6=6 0:6=6

18:6=3 24:6=4 30:6=5 48:6=8

/ жауаптарын бірден айту/

Слайд №6 Геометриялық фигуралар туралы айту. Олардың периметрін қалай табамыз?

а/ Р =5*6=30см немесе Р=6+6+6+6+6=30 см

ә/ Ені- 6см, ұзындығы- 9 см Р=?

Өрнектердегі амалдар тәртібі туралы еске түсіру.

  • Алдымен қандай амалдарды орындаймыз?

Слайд №7. №3 Өрнектер құрып, мәнін табу /тақтаға/

6*7+5*3=57 6*7-5*3=27

5*9+3*9=75 5*9-3*9=18

9*6+5*6=84 9*6-5*6=24

5*8+4*5=60 5*8-4*5=20

Сергіту сәті. « Ойнайық та, ойлайық»

Логикалық тапсырмалар.

І топ. 50 саусақ неше балада бар? /5 бала/

ІІ топ. Үстелде 6 стакан бар.1 стакан сүтті ішті де қайта қойды. Үстелде қанша стакан қалды? / 6/

ІІІ топ. 4 алма бар. Оның біреуі қақ бөлінген. Сонда неше алма болды? /4/

№4 Өз бетіндік жұмыс.

Кесінді сызу.

І топ. а/ 20 - 1/5 немесе 20:5=4 4 см кесінді сызу.

ІІ топ. ә/ 18- 1/3 немесе 18:3=6 6 см кесінді сызу.

ІІІ топ. б/ 12-1/2 немесе 12:2=6 6 см кесінді сызу

Слайд № 8. № 5 Есепті оқып талдау.

І топ. Есеп құрастыру.

1/ Шешуі: 15:3=5 2/ Шешуі: 15-3=12

Жауабы: 5 кітап Жауабы: 12 дәптер

ІІ топ.

Кері есеп құрастыру.

1/ Шешуі: 5*3=15 2/ Шешуі: 12+3=15

Жауабы: 15 кітап Жауабы: 15 дәптер

ІІІ топ.

Екі амалмен шығатындай өзгерту. /барлығын табу/

1/ Шешуі: 15:3=5 2/ Шешуі: 15-3=12

15+5=20 15+12=27

Жауабы: 20 кітап Жауабы: 27 дәптер

Сабақты бекітуге тапсырмалар.

Слайд №9. № 7 ауызша. Ауызша есеп үлеске байланысты айтып шығу.

а/ 24- ¼=6кг алма, 24- 1/6=4 кг алма, 24-½=12 алма

ә/ 20- 1/5=4 кг, 20-½=10кг, 20- ¼= 5 кг қараөрік

Слайд №10. Аңдардың балықты бөлісуі.

1 2 3

Қасқыр, аю, тортты бөлісу

ІІІ. Қорытынды

  • Бүгін қандай тапсырмалар орындадық?

  • Кім көп қатысты? Кім қатыспады?

  • Өте жақсы қатысқандар кімдер?

ІV. Үйге тапсырма.

№8,№6,№9 / ауызша/

  1. V. Бағалау. / үлеске байланысты/



© 2010-2022