Бақытты сәт ойыны (5-6 сынып)

Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



№228 орта мектеп











Бақытты сәт ойыны (5-6 сынып)



(5, 6а,6б сыныптар арасында математикалық сайыс)






Өткізген: Әшірбаев Ғ














2012 - 2013 оқу жылы



«Бақытты сәт» математикалық ойыны.

Мақсаты: Білімділік: Оқушылырдың ойлау қабілітін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру;

Дамутушылық: ұйымдастырушылық қабілетін дамыту;

Тәрбиелік: оқушылырды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін - өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу;

Көрнекілігі: безендірілген зал, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел.

Түрі: топқа сайыс сағаты

Типі: ойын түрінде

Жоспары:

1. Топтың өзін таныстыру, амандасу рәсімі;

2. Тапқырлық сайысы;

3. Біліктілік сайысы;

4. Капитандар сайысы;

5. Жанкүйерлер сайысы

6. Ойымды жалғастыр;

7. Сөз жұмбақ сайысы;

8. «Қас қағым сәт» сайысы.

Қолданылған нақыл сөздер:

  1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.

( К.Гаусс)

  1. Ақыл - ойды тәртіпке келтірген математика.

(М.В.Ломоносов)

  1. Математика - барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те.

( Р.Бэкон)

Жүргізуші:

Ойнайық, ойнайық та ойнайық!

Қатардан атта қалып қоймайық,

Белсенді болайық ортада

Уақытты тектен -текке жоймайық.

Ойнайық, ойнайық та ойнайық!

Білімділік көрсетейік, сынайық.

Жеңсен де, жеңбесең де, ренішсіз болайық,

Қаймықпай көңілді болып тарайық!

Қайырлы күн қадірлі көрермендер! Баршаңызға «Бақытты сәт» ойынына қош келдіңіздер! (Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Ортаға «Үшбұрыш», «Квадрат» топтарын шақырамыз. Топтар орналасып болғанша, музыка қойылады.)

Басталық ақыл -ойдың дара кешін,

Халайық сендер бізді жақын келші,

Математика ғылымына ұмтылғандар,

Сен егер кім екенін білгің келсе.

Білеймін деп қысылма,

Талабың болса бойыңда.

Өнерлінің ырысы,

Жарқырап жатыр жолында.

Матиматика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға

Шақырамыз сіздерді,

- дей отырып сайыскерлеріміздің білім мен өнеріне баға беретін әділқазылар алқасын ортаға шақырамыз.

(Әділқазы алқасында әдістемелік бірлестігінің мүшелері сайланады). Тақтадан бүгінгі кештің жоспары таныстырылады.

Кезекте амандасу рәсімі.

І топ: 5 «а» сынып. «Үшбұрыш» тобы.

Ұраны:

Білікті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар.

Сәлемдесу:

Біз дайындыз бұл сайысқа достарым,

Көрсетеміз бізге қандай күш барын.

Алға қойған мақсатымыз бір екен,

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым!

Кластас ерігіп жүрме бос,

Қол ұстас, бірігіп тізе қос.

Жеңіспен мәрге барайық,

Жеңістің ұранын салайық.

« Ұшбұрыш» тобынан қарсылас топтарға сәлем.

Кезекте 5 «ә» сынып. «Квадрат» тобы.

Ұраны:

Қандай сынақ болсадағы беріспе,

Әрқашан үміткерміз жеңіске.

Сәлемдесуі:

Бұл сайысты көптен біздер күткенбіз,

Жалындаған жастармыз біз көктембіз.

Мақсатымыз биіктерден көріну,

Біз сол үшін мандай терді төккенбіз.

Армандарға қол созумен келеміз,

Өмір теңіз жүзіп келет кемеміз.

Білімменен қаруланған тобымыз,

Қарсыласты қалайда біз жеңеміз.

«Квадрат» тобынан қарсыластарға сәлем.

Әділқазы арқасыннан І - сайысытың қортындысын сұраймыз.

Жүргізуші:

Мықты болсаң - алдағыны басып оз,

Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!

Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда!

Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт, - деп келесі сайысымыз «Тапқырлық» сайысына кезек береміз. (Бұл сайыста әр топқа логикалық есептер беріледі)

«Үшбұрыштар» тобына және «Квадрт» тобына кезекпен сұрақтар қойылады.

  1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал егер екі аяғымен тұрса, оның салмағы қанша? (3кг)

  2. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5бұрыш)

  3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16)

  4. Егер үш пар ат 60 км шауып өтсе, онда бір ат неше км шауып өтеді?

  1. Ағаш үстінде 100 торғай отырды. Аңшы 10 торғайды атып алды. Торғайдың қаншасы қалды? (10 торғай)

  2. Ардақ, Кәрім, Айгүл үшеуі дойбы ойнады. Егер әрқайсысы екі партиядан ойнаса, барлығы неше партия ойнайды?(6 партия)

Әділқазы алқасынан ІІ -сайыстың қортындысын сұраймыз.

Жүргізуші:

Айыра біл жақсы менен жаманды

Айыра біл, қарындаш пен қаламды.

Айыра біл, соқпағын да өмірдің,

Айыра біл тапсырмаңды алдағы - деп кезекті «Біліктілік» сайысына береміз

  1. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласа бар. (6)

  2. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі. (3 минутта)

  3. Қайрат Жанардан кіші, бірақ Талғаттан үлкен. Ал Ажар Жанардан үлкен болса, ең үлкені қайсы. (Ажар)

  4. 1т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма? (тең)

  5. Асханаға 100кг пияз және одан үш есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді? (300кг)

  6. Екі адам төрт сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? (4 сағат)

Мәңгі бақи есте қалар,

Қызықты бір жиын болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Сұрақтары қиын болсын, - деп келесі кезекті «Капитандар» сайысына береміз.

ББақытты сәт ойыны (5-6 сынып)ос орындарды толтырып жазыңдар. Жұлдызшаның орындарындағы сандарды табыңдар.

34

136 12

26

68 34 78 120 60

108 240

25 175

Капитандар есеп шығарып болғанша жанкүйерлермен сайыс ұйымдастыру

Жанкүйерлер сайысы

Екі топ жанкүйерлер топтарынан 3 баладан шығарып әр адымға еселіктер санын айтқызу керек. Қосымша тапсырма:

  1. Үш тұйе құс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды? (түйеқұстар ұшпайды)

2. Бір қайың өсіп тұр. Қайыңда 9 бұта бар, әр бұтада 9 алмадан бар. Барлығы неше алма? (қайыңда алма өспейді)

Жүргізуші: Келесі кезекте «Ойымды жалғастыр..." сайысы:

(Әр команда шапшаң жауап беру керек)

  1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл)

  2. Білікті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)

  3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)

  4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)

  5. Бір елі ауызға - (екі елі қақпақ)

  6. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)

  7. Бір кісі қазған құдықтан, мың кісі су ішеді)

  8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)

(Әділқазы алқасынан ұпай саны сұралады.)

Жүргізуші:

Ойланайық азырақ, уақытыңды үнемдеп,

Кім шығады кәнеки, жауабын мен білем деп - келесі сайыс кезегі «Сөз жымбақ»

Қабат-қабат ақ бетті,

Сызған жолдан бап көрді

Көк тонға орап әкепті

Саған керек (дәптерді)

Қайта жазсам кейде мен

Болмайды деп өкініш

Сөзді жоқ қып бейнеден

Жібереді (өшіргіш)

Ізінде сан сөз қалып,

Байытатын санаңды

Ойыңа ерер қозғалып,

Бастап ұста (қаламды)

Суретті салады

Икемі бар дарын жас

Тез өшіп тек қалады

Көмескі ізі (қарындаш)

Сорса ғана шығады

Мекен еткен ұяны

Сөз боп аққа жұғады

Білсең айтшы (сиясы)

Түзулікті қаласаң

Тура -тура жол салғыш

Беті - өлшеуіш, толы сан

Бұл не дейсің? Ол сызғыш

Жүргізуші: Келесі кезекте «Қас қағым» сәт сайысы.

(Бұл сайыста әр команда тез тұрып жауап беру арқылы балл жинайды.)

1. Бұрышты өлшейтін құрал? (транспортир)

  1. Бойы екі қарыс, сиып тұр 25 арыс. (сызғыш)

  2. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? (0)

  3. 30 санын үш 6-ны пайдаланып шығар? (6*6-6)

  4. Қиылыспайтын екі түзу. (параллель)

  5. Ұзындықтың өлшем бірлігі? (метр)

  6. Екі нүктенің арасындағы түзу (кесінді)

  7. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш? (шаршы)

9. Шеңбердің центр арқылы өтетін хорда (диаметр)

10.Барлық қырлары тең параллелепипед. (куб)

(Әділқазы алқасынан жалпы сайыстың қортындысы сұралады) Музыкалық сәлем.

Осымен кешіміз аяқталды, ат салысып қатысқандарыңа көп рахмет.

Бос орындарды толтырып жазыңдар. Жұлдызшаның орындарындағы сандарды

Бақытты сәт ойыны (5-6 сынып)

© 2010-2022