ҚМЖ тақырыбы Функция графигі. Функцияның графигін қарапайым түрлендіру (10 сынып)

Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

"Тексерілді"

___________________________

директордың ОІЖ орынбасары

Алгебра және анализ бастамалары пәні бойынша № 9 сабақ

Өткізген күні: 21.09.2015 ж.

Сынып: 10"А" Пән мұғалімі: Еспентаева К.К.

Тақырыбы: Функцияның графигі. Функцияның графиктерін қарапайым түрлендіру.

Күтілетін нәтиже:

Табыс критерийлері:

  1. Білу және түсіну: Нүктенің геометриялық орны, ассимтота ұғымдарын мен функция графигін параллель көшіру, сығу және созу арқылы түрлендіруді білу.

  2. Қолдану: Функция графигін қарапайым түрлендірулер арқылы кескіндеуді меңгеру.

Ресурс: Оқулық, сызғыштар, интербелсенді тақта

Сабақ түрі: Жаңа білімді игеру

Сабақтың құрылымы мен мазмұны:

Сабақ кезеңдері

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1

Ұйымдастыру бөлімі

2 мин

Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу

Мұғаліммен сәлемдеседі. Кезекші жоқ оқушыларды хабарлайды

2

Үй тапсырмасын тексеру

4 мин

№11, 13 (В); 18 (С)

«Қайталау-оқу айнасы» әр түрлі деңгейдегі сұрақтар беріледі, оқушылардың кезекпен жауап беруі сұралады.

Оқушылар екеуара үй тапсырмасын тексеріп, бағалайды.

Оқушылар сұрақтарға жауап беру үшін 6-9 сыныптағы функцияларды және олардың графиктерін еске түсіреді.

3

Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айқындау

4 мин

Жаңа білімді қажет тірек ұғымдарды "Алфавит сызығы" арқылы оқушылардың өздеріне айқындауға көмектесу

Оқушылар өз тәжірибесіне сүйеніп, тірек ұғымдары арқылы жаңа сабақтың мақсаты мен міндеттерін айқындайды

4

Проблемалық жағдай туғызу

5 мин

Жаңа білімге қатысты интербелсенді тақтада сызбалар ұсынып, пікір алмасу жүргізеді (модульдер: СТО, ДО, АКТ)

Сызбалар арқылы графиктерді түрлендірудің әдістерін анықтап, түрлендіру әдістерінің анықтамаларын тұжырымдайды. Функцияның графигін қалай түрлендіруге болатынын түсінеді.

5

Тапсырманы екеуара орындау

22 мин

Оқулықтан

А: № 20, 22

В: № 23

Оқушылар екеуара оқулықтан берілген тапсырмаларды пікірлесіп, талдап орындайды.

6

Эвристикалық тапсырма (шығармашылық, зерттеушілік)

С: № 26, 27

Дарынды оқушылар берілген тапсырманы орындайды

7

Білімді жинақтау және жалпылау

3 мин

Жаңа білімді алдынғы біліммен салыстырып жинақтауға сұрақтар ұсыну

Сұрақтарға жауап беру арқылы алған білімдерін алдынғы тақырыптар бойынша жинақтау

8

Бағалау:

3 мин

Оқыту үшін бағалай және оқуды бағалау

Оқушылардың бағаларын талдау арқылы қорытынды бағаны шығару

Оқушылар сабақ соңында бірін-бірі бағалау критерийлері бойынша орташа бағасын анықтайды.

9

Үйге тапсырма

1 мин

№ 19 (А); 25 (В)

Үй тапсырмасын күнделікке жазып алады

10

Рефлексия

1 мин

Оқушыларға "смайликтер" арқылы сабақты бағалауды ұсыну

Оқушылар "смайликтер" арқылы сабақтан алған әсерін бағалайды



© 2010-2022