- Преподавателю
- Математика
- Геометриядан 7-сыныпқа арналған 6 бақылау жұмысы мен 4 өзіндік жұмыс
Геометриядан 7-сыныпқа арналған 6 бақылау жұмысы мен 4 өзіндік жұмыс
Раздел | Математика |
Класс | 7 класс |
Тип | Другие методич. материалы |
Автор | Кукузова Б.С. |
Дата | 03.02.2016 |
Формат | docx |
Изображения | Есть |
І НҰСҚА
-
Түзу сызып, оның бойынан бес нүкте белгілеңдер. а) Неше сәуле пайда болды? б) Неше кесінді пайда болды? в) Нүктелердің әрқайсысы қай кесінділерде жатады?
-
К нүктесі ұзындығы 15 см болатын АВ кесіндісінде жатады. а) АК кесіндісі ВК кесіндісінен 6 см қысқа; б) АК кесіндісі ВК кесіндісінен 2 есе ұзын. АК және ВК кесінділерінің ұзындықтарын табыңдар.
-
ОВ сәулесі АОК бұрышын екіге бөледі. АОК=1050, ал АОВ бұрышы КОВ бұрышынан 150 артық. КОВ бұрышы неге тең?
-
АВС= 760 . ВҒ - АВС бұрышының биссектрисасы. АВҒ бұрышына тең бұрыш салыңдар.
-
КНМ бұрышы 600-қа тең. НМ биссектриса болатындай КНР бұрышын салыңдар.
ІІ НҰСҚА
-
Бір түзуде жатпайтын үш нүкте белгілеңдер. Осы нүктелердің әрбір екеуі арқылы түзулер жүргізіңдер. а) Неше сәуле пайда болды? б) Неше кесінді пайда болды? в)Түзулердің қиылысу нүктелерін жазыңдар.
-
К нүктесі ұзындығы 14 см болатын АВ кесіндісінде жатыр. а) ВК кесіндісі АК кесіндісінен 4 см ұзын; б) К нүктесі АВ кесіндісінің ортасында жатыр. АК және ВК кесінділерінің ұзындықтарын табыңдар.
-
ОР сәулесі АОВ бұрышын екіге бөледі. АОВ=1200, ал АОР бұрышы РОВ бұрышынан 160 кіші болса, РОВ бұрышы неге тең?
-
МРО=680. РК - МРО бұрышының биссектрисасы. МРК бұрышына тең бұрыш салыңдар.
-
ВОК бұрышы 550-қа тең. ОК биссектрисасы болатындай КМВ бұрышын салыңдар.
№2 БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ
І НҰСҚА
-
Берілген бұрыш пен оған вертикаль бұрыштың шамаларының қосындысы 600. Вертикаль бұрыштардың әрқайсысын табыңдар. Осы бұрыштармен сыбайлас бұрыштарды табыңдар.
-
OD сәулесі - AOB бұрышының биссектрисасы, АOD=400 және C нүктесі OB сәулесінің толықтауыш сәулесінде жатыр.1)COA бұрышын; 2)COD бұрышын табыңдар.
-
Айырмасы 320 болатын сыбайлас бұрыштарды табыңдар.
-
a және c түзулері өзара перпендикуляр. (ab) бұрышы (аc) бұрышының жартысына тең. (a1b) бұрышы неге тең?
-
Үшбұрыштың K, L, M төбелерінен үшбұрыштың қарсы жатқан қабырғаларына перпендикуляр түсіріңдер. Перпендикулярдың табандары N, T, O нүктелері болсын. Перпендикулярдың ұзындықтарын өлшеңдер.
ІІ НҰСҚА
-
Берілген бұрыш пен оған вертикаль бұрыштың қосындысы 500. Вертикаль бұрыштар мен осы бұрыштармен сыбайлас бұрыштардың шамаларын табыңдар.
-
400-қа тең AOB бұрышын салыңдар.ОА және ОВ сәулелерін түзуге дейін толықтырыңдар. Пайда болған бұрыштардың градустық шамаларын табыңдар.
-
О нүктесінен ОК, ОМ және OD сәулелері жүргізілген. КОМ және DОМ бұрыштарының биссектрисалары жасайтын бұрыштың шамасы 300. КOD және МОD бұрыштарының шамасын анықтаңдар.
-
a және b түзулері өзара перпендикуляр. (aс) бұрышы (аb) бұрышының не тең. (a1с) бұрышы неге тең?
-
Бұрыш сызып, оның әр қабырғасынан бір-бір нүкте белгілеңдер. Сызғыш пен үшбұрышты сызғышты пайдаланып, осы нүктелер арқылы бұрыш қабырғаларына перпендикуляр түзулер жүргізіңдер. Түзулердің қиылысу нүктесінен әрбір перпендикулярдың табанына дейінгі аралықты өлшеңдер.
-
Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 10,6 см. Табаны бүйір қабырғасынан 1 см ұзын болса, үшбұрыштың қабырғаларын табыңдар.
-
АВС - тең бүйірлі үшбұрыш. АС - табаны, С=400, B=1000. BD медианасы жүргізілген. АВD үшбұрышының бұрыштарын табыңдар.
-
ОАВ үшбұрышының ОВ табанының ортасы - С нүктесі. Осы нүктені А төбесімен қосқанда пайда болған ОСА бұрышы 900-қа тең. ОВ қабырғасының ұзындығы 7 см. Ал ОА қабырғасы ОС-дан екі есе ұзын. АВ қабырғасын табыңдар.
-
АС және BD кесінділері О нүктесінде қиылысады: OB=OC, OA=OD, BD=6см, AO=4см. АС-ның ұзындығын табыңдар. СОВ және DОА үшбұрыштарының тең екенін дәлелдеңдер.
-
Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 11,9 см. Табаны бүйір қабырғасынан 2 см ұзын болса, үшбұрыштың қабырғаларын табыңдар.
-
АВС - тең бүйірлі үшбұрыш. АС табанының ортасы - D. Осы нүктені В төбесімен қосқанда пайда болған АВD бұрышы 900-қа тең. АС қабырғасының ұзындығы 6,5 см. Ал АВ қабырғасы АС-дан екі есе ұзын. ВС қабырғасын табыңдар.
-
ОАВ тең бүйірлі үшбұрышы берілген.ОВ табаны, B=300. АК медианасы жүргізілген. ОАК үшбұрышының бұрыштарын табыңдар.
-
ОА және BС тең кесінділері М нүктесінде қиылысады: OМ=МC, OВ=АС екенін дәлелдеңдер.
1-НҰСҚА
1. Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 14 см. Екі қабырғасының айырмасы 3,2 см. Үшбұрыштың қабырғаларының ұзындығын табыңдар.
2. Тік бұрышты үшбұрыштың бір сүйір бұрышы 600 , ал оның гипотенузасы мен кіші катетінің қосындысы 3 дм. Гипотенузаның ұзындығын табыңдар.
3. АВС - тең бүйірлі үшбұрыш. АС - үшбұрыштың табаны. Табанындағы бұрыштардың әрқайсысы 600-тан. Үшбұрыштың табанындағы бұрыштарының биссектрисалары D нүктесінде қиылысады. АDС бұрышын есептеп табыңдар.
2-НҰСҚА
1. Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 20 см. Екі қабырғасының айырмасы 2 см. Үшбұрыштың қабырғаларының ұзындығын табыңдар.
2. Тік бұрышты үшбұрыштың бір сүйір бұрышы 600 , ал оның гипотенузасы мен кіші катетінің қосындысы 15 см. Гипотенузаның ұзындығын табыңдар.
3. АВС - тең қабырғалы үшбұрыш. АС=6см, AD - биссектриса, САD бұрышының градустық өлшемін табыңдар.
1-НҰСҚА
1. Радиустары 10 см және 6 см, центрі ортақ екі шеңбердің арасына осы екі шеңберді жанайтындай етіп үшінші шеңбер орналастырылған. Осы шеңбердің радиусы неге тең?
2. Центрлері О1, О2, О3 және радиустары сәйкесінше 1 см, 2 см және 3 см болатын және өзара жанасатын үш шеңбер берілген. О1О2О3-тің периметрін табыңдар.
3.Шеңбердің О центрінен АВ хордаға дейінгі қашықтық 13 см. СОD=900 болса, СD хордасын табыңдар.
4. Қиылысатын екі шеңбердің радиустары 9,5 см және 13,2 см. Шеңберлердің центрлерінің d ара қашықтығы 19 см. Шеңберлердің ортақ хордасы СD-ның ұзындығын табыңдар.
2-НҰСҚА
1. Радиустары 7 см және 4 см концентрлі екі шеңбердің арасына осы екі шеңберді жанайтындай етіп үшінші шеңбер орналастырылған. Осы шеңбердің радиусы неге тең?
2. Центрлері О1, О2, О3 және радиустары сәйкесінше 4 см, 7 см және 3 см болатын және өзара жанасатын үш шеңбер берілген. О1О2О3-тің периметрін табыңдар.
3.Шеңбердің О центрінен АВ хордаға дейінгі қашықтық 24 см. СОD=900 болса, СD хордасын табыңдар.
4. Шеңбердің О центрінен АВ хордаға дейін 15 см. ОАВ бұрышының шамасы 450-қа тең. Ал С нүктесі АВ хордаға тиісті және АС=3ВС. АС кесіндісінің ұзындығын табыңдар.
1-НҰСҚА
1.Екі параллель түзуді үшінші түзу қиғанда пайда болған сегіз бұрыштың әрқайсысының шамасын табыңдар, егер ішкі айқыш бұрыштардың қосындысы 2300-қа тең болса.
2.Тең бүйірлі үшбұрыштың табаны 8 см. Табанындағы бұрышынан медианасын жүргізгеннен пайда болған үшбұрыштардың периметрлерінің бірі екіншісінен 2 см артық. Үшбұрыштың бүйір қабырғасының ұзындығын табыңдар.
3.Тік бұрышты үшбұрыштың сыртқы бұрыштарының біреуі 1300. Оның сүйір бұрыштарын табыңдар.
4.Шеңбердің бір нүктесінен өзара перпендикуляр екі хорда жүргізілген. Бұл хордалардың центрге дейінгі қашықтығы 6 см және 10 см. Хордалардың ұзындықтарын табыңдар.
2-НҰСҚА
1.Екі параллель түзуді үшінші түзу қиғанда пайда болған сегіз бұрыштың әрқайсысының шамасын табыңдар, егер сәйкес екі бұрыштың қосындысы 2400-қа тең болса.
2.Үшбұрыштың периметрі 24 см. Үшбұрыштың биіктігі оны периметрлері 14 см және 18 см болатын екі үшбұрышқа бөледі. Осы үшбұрыштың биіктігін табыңдар.
3.АВС үшбұрышында С=400, үшбұрыштың В төбесіндегі сыртқы бұрышы 700. Оның барлық ішкі бұрыштарын анықтаңдар.
4.Шеңбердің өзара перпендикуляр екі хордасы салынған, әрбір хорданың ұзындығы 6 см. Әр хорданың центрден қашықтығы 1 см. Бұл хордалар бірін-бірі қандай кесінділерге бөледі?
І нұсқа
-
а түзуінің бойында жататын А және В нүктелерін, а түзуінде жатпайтын С және D нүктелерін белгілеңдер. С және D нүктелері арқылы түзу жүргізіңіздер.
-
Қысқаша жазып көрсетіңдер:
-
А нүктесі b түзуінде жатады, с түзуінде жатпайды;
-
К нүктесі АD кесіндісінде жатады.
-
-
а түзуінде А, В, С, D, Е
нүктелерінің қайсысы жатады,
қайсысы жатпайды.
-
а түзуінің бойынан А, В, Ғ нүктелері берілген. АҒ=11 см, ҒВ=18 см болғанда, АВ кесіндісін табыңдар, егер:
-
Ғ нүктесі АВ кесіндісінде жатса?
-
Ғ нүктесі АВ кесіндісінен тыс жатса?
-
ІІ нұсқа
-
а түзуінің бойында жататын М және N нүктелерін және онда жатпайтын К және Ғ нүктелері арқылы, N және F нүктелері арқылы түзу жүргізіңіздер.
-
Қысқаша жазып көрсетіңдер:
-
B нүктесі c түзуінде жатады, l түзуінде жатпайды;
-
F нүктесі CD кесіндісінде жатады, KE кесіндісінде жатпайды.
-
-
l және k түзуінде А, С, D, F, N
нүктелерінің қайсысы жатады,
қайсысы жатпайды.
-
b түзуінің бойында C, D, E нүктелері берілген. CE=13 см, DE=24 см болғанда, CD кесіндісін табыңдар, егер:
-
E нүктесі CD кесіндісінде жатса?
-
E нүктесі CD кесіндісінен тыс жатса?
-
ІІІ нұсқа
-
Бір түзудің бойында жатпайтын M, N, K белгілеңдер. Осы нүктелердің әрбір екеуі арқылы өтетін түзулер жүргізіңдер.
-
d түзуін сызыңдар. Осы түзуде жататын D нүктесін белгілеңдер. D нүктесінің бір жағында жататын d түзуінен Е, Ғ екі нүкте белгілеңдер. Осы нүктелердің қайсысы қалған екі нүктенің арасында жататынын жазып көрсетіңдер.
-
Суреттегі түзулерді жазып
көрсетіңдер. Қиылысу
нүктелері нешеу?
-
Ұзындығы 15 см АВ кесіндісінде D нүктесі белгіленген:
-
АD кесіндісі ВD кесіндісінен 7 см артық;
-
АD кесіндісінің ұзындығы ВD кесіндісінің ұзындығынан үш есе үлкен;
-
D нүктесі - АВ кесіндісінің ортасы, АD және ВD кесінділерінің әрқайсысының ұзындығын табыңдар
-
ІV нұсқа
-
Кез келген D, E, F үш нүкте белгілеңдер. Осы нүктелердің әрбір екеуі арқылы өтетін түзулер жүргізіңдер.
-
l түзуін сызыңдар. Осы түзуде жататын O нүктесін белгілеңдер. l түзуінен О нүктесінің бір жағында жататын А, В екі нүкте белгілеңдер. Осы нүктелердің қайсысы қалған екі нүктенің арасында жататынын жазып көрсетіңдер.
-
Суреттегі түзулерді жазып
көрсетіңдер. Қиылысу
нүктелері нешеу?
-
Ұзындығы 24 см OD кесіндісінде A нүктесі белгіленген:
-
OA кесіндісінің ұзындығы АD кесіндісінің ұзындығынан екі есе үлкен;
-
ОА кесіндісі АD кесіндісінен 8 см артық;
-
А нүктесі - OD кесіндісінің ортасы, OА және AD кесінділерінің ұзындықтарын табыңдар
-
-
Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 25 см. Бір бүйір қабырғасы 7 см. Үшбұрыштың табанын табыңдар.
-
Тік бұрышты үшбұрыштың периметрі 18 см. Гипотенузасы 8 см. Катеттерінің бірі екіншісінен 2 см ұзын. Үшбұрыш катеттерінің ұзындығын табыңдар.
-
АВС үшбұрышының медианасы - BD. CD=AD=3 см. АС қабырғасының ұзындығын табыңдар.
-
ABO мен DOC үшбұрыштарында: ВАО= ODС, АО=ОD, АВ=5 см, ОС=2 см. СD-ны, ОВ-ны табыңдар.
-
Тең қабырғалы үшбұрыштың периметрі 24 см. Үшбұрыштың қабырғаларын табыңдар.
-
Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасы 12 см. Катеттерінің бірі екіншісінен 2 см қысқа. Үшбұрыштың периметрі 26 см. Катеттерін табыңдар.
-
АВС үшбұрышының медианасы - ВЕ. АЕ=CE=5см. АС қабырғасының ұзындығын табыңдар.
-
ABС мен DСЕ үшбұрыштарында: ВАС= СDЕ, АС=DС, АВ=6 см, СЕ=3 см. DЕ-ні, ВС-ны табыңдар.
-
Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 15 см. Бүйір қабырғасы табанынан 2 есе ұзын.Үшбұрыштың бүйір қабырғаларын табыңдар.
-
АВС - тең бүйірлі үшбұрыш. Оның BD биіктігі 5 см-ге тең. АВ қабырғасы BD-дан 1 см ұзын, ал АD кесіндісі BD-дан 1 см қысқа. АВС үшбұрышының периметрін табыңдар.
-
АОВ үшбұрышының АОВ бұрышының биссектрисасы ОС. АОС бұрышының шамасы 200. АОВ бұрышының градустық өлшемін табыңдар.
-
АС мен BD кесінділері О нүктесінде қиылысады. О нүктесі осы кесінділерді қақ бөледі. В мен С, D мен А нүктелері қосылған. DВС =400 болса, АDВ бұрышы неше градус болады?
-
Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 37 см. Бір бүйір қабырғасы табанынан 5 см ұзын. Үшбұрыштың бүйір қабырғаларын табыңдар.
-
АВС - тең бүйірлі үшбұрыш. BК биіктігі 6 см. АВ қабырғасы BК-дан 1 см ұзын, ал АК кесіндісі BК-дан 1 см қысқа. АВС үшбұрышының периметрін табыңдар.
-
ОDC үшбұрышының DOC бұрышының биссектрисасы OA. DOA бұрышының шамасы 300. DOC бұрышының градустық өлшемін табыңдар.
-
АК мен MN кесінділері О нүктесінде қиылысады. О нүктесі осы кесінділерді қақ бөледі. A мен M қосылған. NMA=250 болса, АKM бұрышы неге тең?
1-НҰСҚА
1. АВС үшбұрышының екі бұрышы берілген, үшінші бұрышын табыңдар: А=750, В=250 , С= ?
2. Тең бүйірлі үшбұрыштың сыртқы бұрыштарының бірі 1100. Басқа сыртқы бұрыштарының градустық өлшемдерін табыңдар.
3. АВС және DEF тік бұрышты үшбұрыштарында: А=D=900, АС=DF=4см, AB=DE=3см, EF=5см. ВС гипотенузасын табыңдар.
4. АВС және EFK үшбұрыштары тік бұрышты үшбұрыштар. В=F=900, BC=5см, AB=5см, KE=7см, FE=5см. FK катетін табыңдар.
2-НҰСҚА
1. АВС үшбұрышының екі бұрышы берілген, үшінші бұрышын табыңдар: А=300, С=800 , В= ?
2. Тең бүйірлі үшбұрыштың сыртқы бұрыштарының бірі 1200. Басқа сыртқы бұрыштарының градустық өлшемдерін табыңдар.
3. АВС және DEF тік бұрышты үшбұрыштарында: А=D=900, АС=DF=6см, AB=DE=4см, EF=7,5см. ВС гипотенузасын табыңдар.
4. АВС және А1В1С1 үшбұрыштары тік бұрышты үшбұрыштар. А=А1=900, BC=3см, AС=2см, В1С1=3см, А1В1=2см. А1С1 катетін табыңдар.
3-НҰСҚА
1. АВС үшбұрышының BD биссектрисасы жүргізілген. С=350, ВDC=1000 , A= ?
2. AKD тең бүйірлі үшбұрыштың К төбесі арқылы AD табанына параллель EF түзуі жүргізілген. KAD=300, EKA, DKF бұрыштарының шамасын табыңдар.
3. Тік бұрышты үшбұрыштың бір сүйір бұрышы екіншісінен 3 есе кіші. Сүйір бұрыштарды анықтаңдар.
4. С төбесіндегі бұрышы тік болатын АВС үшбұрышының BD биссектрисасы жүргізілген. ВАС=350 , BDC бұрышы неге тең?
4-НҰСҚА
1. АВD үшбұрышының BС биссектрисасы жүргізілген. D=450, ВСD=1000 , A= ?
2. AВС тең бүйірлі үшбұрыштың В төбесі арқылы AС табанына параллель МК түзуі жүргізілген. ВАС=400, МВА, СВК бұрыштарының шамасын табыңдар.
3. Тік бұрышты үшбұрыштың бір сүйір бұрышы екіншісінен 300 үлкен. Сүйір бұрыштарды анықтаңдар.
4. В төбесіндегі бұрышы тік болатын АВС үшбұрышының СD биссектрисасы жүргізілген. ВАС=400, BDC бұрышы неге тең?
1-НҰСҚА
1. Радиусы бойынша шеңбердің диаметрін табыңдар:1)R=6см; 2)R=18см
2. Екі шеңбер бір-бірімен сырттай жанасады. Үлкен шеңбердің радиусы 16 см. Ал кіші шеңбердікі 10 см. Шеңберлер центрлерінің ара қашықтығын табыңдар.
3. h - шеңбердің центрінен түзуге дейінгі ара қашықтық, r - шеңбердің радиусы болсын. Төмендегі берілгендері бойынша шеңбер мен түзудің өзара қалай орналасатынын анықтаңдар: r =6 см, h=8 см.
4. Екі шеңбердің радиустары R және r. Осы шеңберлердің центрлерінің ара қашықтығы d. Төмендегі берілгендері бойынша екі шеңбердің өзара қалай орналасқанын анықтаңдар: R=4см, r =3 см, d=2 см.
2-НҰСҚА
1. Радиусы бойынша шеңбердің диаметрін табыңдар:1)R=7см; 2)R=16см
2. Екі шеңбер бір-бірімен сырттай жанасады. Үлкен шеңбердің радиусы 10 см. Ал кіші шеңбердікі 6 см. Шеңберлер центрлерінің ара қашықтығын табыңдар.
3. h - шеңбердің центрінен түзуге дейінгі ара қашықтық, r - шеңбердің радиусы болсын. Төмендегі берілгендері бойынша шеңбер мен түзудің өзара қалай орналасатынын анықтаңдар: r =5 см, h=5 см.
4. Екі шеңбердің радиустары R және r. Осы шеңберлердің центрлерінің ара қашықтығы d. Төмендегі берілгендері бойынша екі шеңбердің өзара қалай орналасқанын анықтаңдар: R=10см, r =7 см, d=15 см.
3-НҰСҚА
1. Диаметрі бойынша шеңбердің радиусын табыңдар:1) 65мм; 2) 4см
2. Екі шеңбердің радиустары R және r. Осы шеңберлердің центрлерінің ара қашықтығы d. Төмендегі берілгендері бойынша екі шеңбердің өзара қалай орналасқанын анықтаңдар: R=6см, r =2 см, d=12 см.
3. Центрі О, радиусы 3см болатын шеңбердің нүктелері В және С. Егер ОС мен ОВ-ның арасындағы бұрышы 600 болса, онда ВС кесіндісінің ұзындығы қандай болады?
4. h - шеңбердің центрінен түзуге дейінгі ара қашықтық, r - шеңбердің радиусы болсын. Төмендегі берілгендері бойынша шеңбер мен түзудің өзара қалай орналасатынын анықтаңдар: r =9 см, h=5 см.
4-НҰСҚА
1. Диаметрі бойынша шеңбердің радиусын табыңдар:1) 43мм; 2) 6см
2. Екі шеңбердің радиустары R және r. Осы шеңберлердің центрлерінің ара қашықтығы d. Төмендегі берілгендері бойынша екі шеңбердің өзара қалай орналасқанын анықтаңдар: R=10см, r =5 см, d=9 см.
3. Центрі О, радиусы 5см болатын шеңбердің нүктелері В және С. Егер ОС мен ОВ-ның арасындағы бұрышы 600 болса, онда ВС кесіндісінің ұзындығы қандай болады?
4. h - шеңбердің центрінен түзуге дейінгі ара қашықтық, r - шеңбердің радиусы болсын. Төмендегі берілгендері бойынша шеңбер мен түзудің өзара қалай орналасатынын анықтаңдар: r =10 см, h=6 см.