5-сынып. Математика. Натурал сандардың 2-ге, 5-ке және 10-ға бөлінгіштігі атты сайыс сабақ

Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Натурал сандардың 2-ге,5-ке және 10-ға бөлінгіштігі» атты сайыс сабақ

Күні:

Пәні: математика

Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: Натурал сандардың 2-ге,5-ке және 10-ға бөлінгіштігі

Сабақтың мақсаты:оқушылардың сан ұғымын кеңейту, натурал сандардың жұп цифрлармен және тақ цифрлармен аяқталатын сандардың бөлінгіштікте ерекше орын алатындығын түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: оқушыларға жұп сандар мен тақ сандарды ажырата отырып, 2-ге,5-ке,10-ға бөлінгіштік белгілерін ашып көрсету, теориялық білімдерін е септер шығару барысында дұрыс пайдалану дағдыларын қалыптастыру

Дамытушылық: оқушылардың ой-пікірлерін кеңейту, түрлі жаңа технологияларды пайдалана отырып,әр түрлі есептер шығару арқылы шығармашылық-танымдық қабілеттерін қалыптастыру;

Тәрбиелік: оқушыларды сабақ барысында топ болып жұмыс жасауға, жұп болып тапсырманы талқылауға сонымен қатар, ұқыптылыққа, жүйелі түрде әрекет етуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдістері: СТО категориялары,ой қозғау, мағынаны тану, оқулықпен жұмыс, логикалық есептер, рефлексия (ББҮ) әдісі бойынша өздігінен сараптау.

Сабақтың оқыту құралдары және көрнекілігі: оқулық, сызбалар,суреттер, плакатқа жазылған қанатты сөздер.

Сабақтың пәнаралық байланысы: математика

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру

  • Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты түгелдеу.

  • Оқушылар назарын сабаққа аудару.

  • Оқу құралдарының дайындығын тексеру.

  • Оқушыларды топқа бөлу. Топтарды атау.

Топтық сайыстың кезеңдерімен таныс болайық:

І. Таныстыру.

ІІ. Жаңа материалға дайындық(Ой қозғау)

ІІІ. Жаңа материалды игерту(мағынаны тану)

IV. Практикалық жұмыс.(Оқулықпен жұмыс)

V. Біздің пошта кезеңі (логикалық кезең)

VI. Сергіту сәті

VII.Үйге тапсырма беру

VIII.Рефлексия (Кері байланыс)

IX. Қорытынды.

Ендеше, бүгінгі топтық сайысымызды бастаймыз.

Алдымен әділ қазылар мүшелерімен таныс болайық.


Әділ қазы мүшелері армысыздар!
Қош келіпсіз есен-сау бармысыздар?!

Сәтті сайыс тілейік үш топқа да

Дәл қазір үш кемеде бағын сынар,

Шақырамыз, келіңдер жарысуға,
Күш, өнер, білімменен алысуға,
Бар өнерді салайық ортамызға,
Қанеки дайынбыз ба сайысуға, - дей отырып әр топтан өзін таныстыруын сұрайық, олардың қандай бетке ұстар ұрандары бар екен естиік?

Кезек әділқазылар алқасына сөз берейік.Топтарымыздың танысу рәсіміне қандай баға берер екен?

ІІ. Жаңа материалға дайындық(Ой қозғау)

Әр топқа сәйкестендіру картасы беріледі, уақыты 3 минут, болған соң әділ қазыларға апарып береді.

  1. Жай сандар деп....

Сол берілген санның өзіне тең


  1. Жай сандарға жататын бір ғана жұп сан

а саны қалдықсыз бөлінетін натурал сан.

  1. Берілген натурал санның бөлгіштер жұбының көбейтіндісі .....

1-ге және өзіне ғана бөлінетін натурал сандар.

  1. Натурал а санының бөлгіші деп ...

Екіден көп бөлгіші бар сандар.

  1. Егіз сандар дегеніміз . ....

Жұп цифрлар деп аталады.

  1. Құрама сандар деп ....

2 саны.

  1. 0,2,4,6,8 цифрлары .....

Көбейтінді де сол санға бөлінеді.

  1. Егер көбейтіндінің біреуі сол санға бөлінсе, онда ......

Айырмасы 2-ге тең болатын сандар.

  1. 1,3,5,7,9 цифрлары ....

Тақ цифрлар қатарына жатады.

ІІІ. Жаңа материалды игерту (Мағынаны тану кезеңі)

Сандардың жазылуы бойынша берілген санға бөлінгіштігін анықтайтын ереже бөлінгіштік белгісі деп аталады.

  1. 2 санына бөлінгіштік белгісі. 2 санына еселік сандар: 2,4,6,8,10,12, 14,16,18,20,22... 2 санына

еселік сандардың барлығы 0,2,4,6,8 цифрларымен аяқталады.

0,2,4,6,8 цифрлары жұп цифрлар деп аталады.

Ал 2-ге еселік сандардың барлығы да жұп цифрмен аяқталады.

1,3,5,7,9 цифрлары тақ цифрлар деп аталады.

Жазылуы жұп цифрмен аяқталатын сандардың барлығы 2-ге бөлінеді.

Мысалы: 22: 2=11 14:2=7 124:2=62

2-ге бөлінетін сандар жұп сандар, ал 2-ге бөлінбейтін сандар тақ сандар деп аталады.

Мысалы: 10,12,16,18,28,44,56, ... сандары - жұп сандар, ал 13,19,27,31,65 , ... сандары - тақ сандар.

  1. 5 санына бөлінгіштік белгісі. 5 санына еселік сандар: 5,10,15,20,25,30,35, ... . бұл сандардың

жазылуы 0 немесе 5 цифрымен аяқталады. Онда 5 санына еселік сандардың ортақ белгісі олардың жазылуының 0 немесе 5 цифрымен аяқталуы болып табылады.

Жазылуы 0 цифрымен немесе 5 цифрымен аяқталатын натурал сандар 5-ке бөлінеді.

Мысалы: 300:5=60, 75:5=15, 2000:5=400.

  1. 10 санына бөлінгіштік белгісі. 10 санына еселік сандар: 10,20,30,50,90,110,220,350, ... . Бұл сандардың жазылуы 0 цифрымен аяқталады.

Жазылуы 0 цифрымен аяқталатын натурал сандар 10-ға бөлінеді.

Мысалы: 30:10=3, 450:10=45, 6570:10=657

IV. Практикалық жұмыс (оқулықпен жұмыс)

Алғырлық кезеңінде оқулықтағы есептерді осы кезге дейін алған білімдерімізбен біріге отырып шығарамыз. 605,606,607 есептерді шығарып, кестеге толтырып, әр топтан 3 адам оқып талдау керек. Қай топ бірінші болса, ұпай саны қосылады.

№605 есеп.

Жұп сандар қатары: 54,60,102,208,420,620,1000,5632,13786.

Тақ сандар қатары: 71107,379,653,10895.

№606 есеп.

2-ге бөлінетін сандар

5-ке бөлінетін сандар

10-ға бөлінетін сандар

144,184,278,

520,990,646

415, 520,

990,825,925

520,990

№607 есеп.

2-ге бөлінетін сандар

5-ке бөлінетін сандар

10-ға бөлінетін сандар

63*

630,632,634,636,638

630,635

630

37*

370,372,374,376,378

370,375

370

49*

490,492,494,496,498

490,495

490

V. «Біздің пошта» атты логикалық есептер сайысы.

Поштадан келген хатты ашпай топ басшылары таңдап алсын. Онда логикалық есеп жазылған, 1-інші есеп әр топқа әр түрлі, ал екінші есеп 3 топқа да ортақ.

Логикалық есептерді шешу кезеңі

  1. Өзгеше «қатарды» тап.

2

4

6

8

10

12

1

3

5

7

9

11

12

14

16

20

25

30

20

22

24

26

28

30

Ондағы сандардың басқа қатардағы саннан қандай айырмашылығы бар? Олар қандай цифрлар?

  1. Өзгеше «қатарды» тап.

100

95

90

85

80

80

70

60

50

40

80

75

70

65

60

60

55

50

45

40

Ондағы сандардың басқа қатардағы саннан қандай айырмашылығы бар? Олар қандай цифрлар? Қандай сандарға бөлінгіштік қасиеті байқалады?

  1. Өзгеше «қатарды» тап.

100

98

96

94

92

99

98

97

96

95

89

88

87

86

85

79

78

77

76

75

Ондағы сандардың басқа қатардағы саннан қандай айырмашылығы бар? Олар қандай цифрлар?Қандай сандарға бөлінгіштік қасиеті байқалады?

Ортақ тапсырма. «Ойлан, тап!»

3

5

35

53

33

55

4

9


75

2

0


Бірінші қатардағы сандар туралы не айтуға болады? Екінші қатарға қандай сандар жазуға болады? Үшінші және төртінші қатарларға ше?

ҮІ. Сергіту сәті

Бәріміз орнымыздан тұрайық,

Серігейік,бір демалып қалайық,

Мұғалима жұп сан айтса отырып,

Тақ сан айтса қозғалмай-ақ тұрайық.

Ендеше құрметті сайыскерлер, мен тақ сан айтсам қозғалмай тұрасыңдар, ал жұп сан атасам, отырып қаласыңдар. Қай топ жұп сан мен тақ сандарды тез ажырата алады екен?

Ал кеттік, 1,8,9,11,23,24,35,36,38,43,100,103,105.

VI.Кері байланыс (рефлекция)

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім


Кері байланыс кезеңінде әр топтан екі оқушы шығып жазғандарын талдап сабақты қорытындылайды. Рефлексиядан соң «Менің сабақтан алған әсерім» деп сайыскерлер таратылған стикерлерден өзінің күйін таңдап, топ оқушылары жоғары көтеріп, көрсетеді.

Қорытындылау: әр топтан 5 жол өлеңмен сабағымызды қорытындылаймыз, сабақ өз мақсатына жеткенін хабарлап, сабақты қорытындылаймын.

Бағалау: Оқушылардың сабақ барысында көрсеткен балдық есебін шығарып, әділ қазылар жеңімпаз топты анықтайды. Құрметтеп мақтау қағаздары табыс етіледі.

Сайыстың соңғы сәті таяп қалды

Демейміз «Өнерлерін аяп қалды».

Жеңімпаз тобымызды анықтадық .

Осылай сөзіміз де аяқталды.

Біз сіздермен қоштаспаймыз,

Алда әлі асулар бар,

Биіктерді бағындырып

Асулардан асыңыздар!

Бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздарын құттықтаймыз!

Жеңістеріңіз құтты болсын!



© 2010-2022