Үздік математик

Мақсаты: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, дамыту.Қымбатты оқушылар, ұстаздар «Үздік математик – 2014» сайысын ашық деп жариялаймын. Арыстандай айбатты,Жолбарыстай қайратты.Қырандай күшті қанатты, мен жастарға сенемін, - деп Мағжан Жұмабаев ақын ағамыз жырлағандай білімді білімді оқушыларымызбен сайысымызды бастаймыз.
Раздел Математика
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Үздік математик - 2015»

Күні:

Сыныбы: 9

Мақсаты: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, дамыту.

Қымбатты оқушылар, ұстаздар «Үздік математик - 2014» сайысын ашық деп жариялаймын.

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты.

Қырандай күшті қанатты, мен жастарға сенемін, - деп Мағжан Жұмабаев ақын ағамыз жырлағандай білімді білімді оқушыларымызбен сайысымызды бастаймыз.

Сайыс кезеңдері:

  1. Таныстыру

  2. Бәйге

  3. Көп ойла, тез ойла!

  4. Тапқыр болсаң - тауып көр!

  5. Кім көп біледі?

  6. Жорға

Сайысымыздың әділ - қазы алқаларымен танысып өтелік:

  1. Ақжайық жалпы орта білім беретін мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Жұбатова Гүлмира Сағынғалиқызы

  2. Ақжайық жалпы орта білім беретін мектебінің физика, информатика пәнінің мұғалімі Мадьярова Ақмарал Тиштыққызы

  3. Ақжайық жалпы орта білім беретін мектебінің тарих және өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі Сағит Мөлдір Азбекқызы


  1. Таныстыру.

(әр оқушы өзінің аты - жөнін, мектебін, өмірлік ұранын айтып өтеді)

  1. Бәйге.

  1. Жазықтың шегі барма? (жоқ)

  2. 90 0 - тан кіші бұрыш? (сүйір)

  3. Ең үлкен хорда? (диаметр)

  4. Екі нүкте арқылы неше түзу жүргізуге болады? (1)

  5. ax+by=c функциясының графигі? (түзу)

  6. Математикаға координаталар әдісін енгізген француз математигі, әрі физигі? (Рене Декарт)

  7. Тік бұрыш неше градусқа тең? (900)

  8. 7 жай санба, құрама санба? (жай сан)

  9. Ең кіші натурал сан? (1)

  10. Екі қатынастың теңдігі? (пропорция)

  11. 60 - тың 50 % - ы? (30)

  12. Үздік математиккері сан? (Үздік математик

  1. Көп ойла, тез ойла!

Арифметика: 5; 10; 20;10.

Логика: 5; 10; 20;10.

Жұмбақтар: 5; 10; 20;10.

Арифметика.

5) 5, 075 санын ондық үлестерге дейін дөңгелекте? (5,1)

10) Шаршының қабырғасы 9 см. Периметрі неге тең? (36 см)

20) Бірдей үш цифрмен жазылған үш таңбалы сан 3 - ке де, 37 - ге де бөлінеді. Сол санды тап? (111)

10) Бөлімдері 10, 100, 1000 болып келген бөлшектер қалай аталады? (ондық)

Логика.

5) 50саусақ көріну үшін неше баланың қолы көріну керек? (5)

10) «Спутник» жер шарын 103 минутта айналып өтті. Ол неше сағат, неше минутта айналып өтті? (1 сағат 43 минут)

20) 4 пен 5 - тің арасына қандай таңба қойғанда 4 - тен артық, 5 - тен кем сан шығады? (үтір)

10) 10 ақ шар, 8 қызыл шар, 11 қара шар бар. Міндетті түрде бір ақ шар алып шығу үшін неше шар алу керек? (20)

Жұмбақтар.

5) Біз санбыз,

Сызықпыз бөлінген

Математиканы ұқпас адамға

Құбыжық болып көрінген

Дұрыс, бұрыс, аралас,

Ондық болып бөлінген,

Қандай сан? (бөлшек сан)

10) Бір, үш, бес, он

Жиырма, елу,

Жүз, екі жүз, мың бар

Әрқайсысының құны бар

Ол не? (теңге)

20) Бүтін сан, бөлшек сандар,

Барлығы да бар онда.

Бұл қандай сан айтындаршы

Оң, теріс сандар осында! (рационал сандар)

10) Алды артымыз шексізде,

Жете алмайсың біздерге.

Сәуле менен кесінді,

Шыққан еді біздерден. (түзу)


  1. Тапқыр болсаң - тауып көр!

  1. Төрт епті шәкірт қыз: Маржан, Назым, Ажар және Роза спорт жарысына қатысып алдыңғы төрт орынды алды. «Қайсысы қандай орын алды?» деген сұраққа жанкүйерлердің үшеуі мынадай жауап берді:

1 жанкүйерлер: Ажар - 2, Роза - 3.

2 жанкүйерлер: Ажар - 1, Назым - 2.

3 жанкүйерлер: Маржан - 2, Роза - 4.

Бірақ, бұл жауаптардың үшеуінің де бір бөлігі дұрыс, бір бөлігі қате еді. Олай болса, осы төрт оқушының қайсысы қандай орын алған?

Жауабы: Ажар - 1 орын, Маржан - 2 орын, Роза - 3 орын, Назым - 4 орын.

  1. Үш дос - Көркем, Қайрат және Досан мектеп бітірген соң, он жылдан кейін кездесті. Олардың бірі дәрігер, екіншісі физик, үшіншісі мұғалім мамандығын алыпты. Бос уақытында бірі туризмді ұнатса, екіншісі - футболды, үшіншісі - регбиді жақсы көреді. Көркем туризмге уақыты жоқтығын айтса, дәрігер оған өзінің керісінше екенін білдірді. Бір қызығы, олардың екеуінің аттарындағы әріптер мамандығы мен сүйікті ісінде кездеспейді. Кім қандай кәсіппен айналысып, немен шұғылданатынын табыңдар?

Жауабы: Көркем футболды жақсы көретін физик.

Қайрат туризмді ұнататын дәрігер.

Досан регбиді ұнататын мұғалім.

  1. Сынып біріншілігі. Үстел теннисі бойынша сынып біріншілігіне 6 бала қатысты: Айгүл, Бекжан, Тимур, Гүлім, Дамир, Еркін. Біріншілік айналу жүйесі бойынша өткізіледі - жарысқа қатысушы әрбір адам қалғандарымен бір - бір рет ойнап шығады. Бұған дейін бірнеше ойын өткізілген болатын: Айгүл - Бекжанмен, Гүліммен, Еркінмен; Тимур, бұрын айтылғандай, Айгүлмен және Гүліммен; Тимур - Гүліммен, Дамир - Тимурмен және Еркін - Айгүлмен және Тимурмен ойнаған. Бұған дейін неше ойын ойналған ж»не тағы неше ойын қалды?

Жауабы: 7 ойын ойналды, 8 ойын ойналады.

  1. Түлкі мен қасқыр екеуі тегін балыққа тап болады. Қасқыр айтады, мен математикаға нашармын, балықты сен бөл дейді түлкіге. Сонда түлкі саған біреу, маған екеу, саған үшеу, маған төртеу т.с.с. Ең соңында жиырма балықты өзіне салады. Кім көп алды және қаншаға артық алды?

Жауабы: Ең көп балықты түлкі алды - 110, қасқырдан - 10 балыққа артық.

  1. Шал балықтарды көп аулап әндетіп келе жатса, жолда бір түлкі сұлап жатады, шал қуанып кемпіріме жаға болады деп түлкіні шанаға салып алады. Ал түлкі жолда 1 минутта 1 балық, 2 минутта 2 балық, т.с.с. Бір лақтырғанда алдыңғы лақтырғаннан 2 есе артық лақтыра береді. 7 минутта барлығы неше балық лақтырған?

Жауабы: 127


  1. Кім көп біледі?

  1. Түбірлердің қосындысы мен көбейтіндісін тап. (x2 - 6x + 8 = 0. х1 = 2; x2 = 4)

  2. y = ax2 + bx + c функциясының графигі? (парабола)

  3. 22 2 дәрежесі нешеге тең? (484)

  4. ax = b қандай теңдеу? (бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу)

  5. Пифагор теоремасы? (c2 = a2 + b2)

  6. Герон формуласы? (S = √p (p - a) (p - b) (p - c))


  1. Жорға

  1. Екі қабырғасы тең болатын үшбұрыш? (тең бүйірлі)

  2. Жазықтықтағы қиылыспайтын екі түзу? (параллель)

  3. Екі теріс санның көбейтіндісі? (оң сан)

  4. Санның жүзден бір бөлігі? (пайыз)

  5. Бір нүктеден шыққан түзу? (сәуле)

  6. Ең кіші үш таңбалы сан? (100)

  7. Шеңбердің радиусы 6 см. Диаметрі нешеге тең? (12)

  8. Жазыңқы бұрыштың өлшемі? (1800)

  9. Миллион санының жазылуыңда неше ноль бар? (6)

  10. 20 минут сағаттың қандай бөлігі? (1\3)


  1. Барлық қабырғалары тең болатын үшбұрыш? (тең қабырғалы)

  2. Қанша цифр білеміз? (10)

  3. Таңбалары қарама - қарсы екі санның көбейтіндісі қандай сан? (теріс)

  4. Бұрышты өлшеу құралы? (транспортир)

  5. Шеңбер диаметрі 8 см, радиусы нешеге тең? (4)

  6. Үшбұрыштың барлық қабырғаларының қосындысы қалай аталады? (периметр)

  7. Сағаттың 1\4 бөлігі неше минут? (15 минут)

  8. Метрдің 1 % - ы? (1 см)

  9. Ең үлкен екі таңбалы сан? (99)

Бөлімінен алымы көп бөлшек? (бұрыс)

© 2010-2022