Координаталық түзу 6 класс

Раздел Математика
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Координаталық түзу 6 классКоординаталық түзу 6 классКоординаталық түзу 6 классКоординаталық түзу 6 классКоординаталық түзу. Координаталық түзу бойында рационал сандарды кескіндеу тақырыбына қысқа мерзімді жоспары

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Бекбергенова Орынгуль Алибековна

6 сынып 17 оқушы

Кербұлақ ауданы Алтынемел орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі

Сабақтың атауы

Координаталық түзу. Координаталық түзу бойында рационал сандарды кескіндеу

Сілтеме

Математика 6 сынып, Т.Алдамұратова, слайдтар, сабақ жоспары

Жалпы мақсаты

Оқушыларға координаталық түзудің анықтамасын түсіндіру, координаталық түзудегі оң бағыт пен теріс бағытты ажырата алуға, координаталық түзу шкаласын салуға үйрету, берілген санға координаталық түзуде бір ғана нүкте сәйкес келетінін ұғындыру, координаталық түзуде оң сандар мен теріс сандардың кескінделуін көрсету. Өз бетімен қорытынды шығарып, ойларын ашық айту және ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, есте сақтау, байқағыштық, тапқырлық қабілеттерін дамыту.

Міндеттер


  • Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту

  • Жаңа тақырыпты оқушылардың бар білімдерін пайдалана отырып жеткізу

  • Координаталық түзуде оң сандар мен теріс сандарды кескіндей алуға үйрету

Мұғалім үшін оқу нәтижелері

  • Оқушылардың бірін-бірі сынау арқылы аталған тақырыпты пысықтау

  • Берілген тапсырмаларды жұпта орындауға үйрету.

  • Оқушылардың өзін және достарын бағалауға дағдыландыру

  • Есеп шығаруда ережелерді қолдана білу дағдысы

  • математикалық тілде сөйлеу қабілеттері.

Сабақтың түрі, әдіс тәсілдері

топпен жұмыс, диалогтық оқыту, Блум таксмономиясы, сұрақ-жауап, көшбасшылық, сыни тұрғыдан ойлау технологиясының «БББ» кестесі

Сабақтың көрнекілігі

проектор, слайдтар, топтарға арналған тапсырма парақтары, үлестірме тапсырмалар

Күтілетін нәтиже

Оқушылар координаталық түзудің анықтамасын, координаталық түзудегі оң бағыт пен теріс бағытты, берілген санға координаталық түзуде бір ғана нүкте сәйкес келетінін білуге тиіс. Координаталық түзудің шкаласын жасауды және координаталық түзуде оң сандар мен теріс сандарды кескіндей алулары керек. Жұппен жұмыс жасай отырып, бірлесіп білім алады.

Ұйымдастыру

кезеңі

Бағдаршам тренингі, музыка ойнап тұрады

Жасыл түсті қол (амандасады қол алысып)Сары түсті қол (иықтарынан қағады)Қызыл түсті қол (құшақтасады).

Оқушылар соңғы қызыл түсті бағдаршам түсін көрсеткенде екеуден құшақтасып қалады,сол жұптар болады. Солайша 3жұп құрамыз.

Бағалау критерийлері

  • Өз бетімен білім алуы

  • Дербес жұмыс жасауы

  • Жұпта жұмыс жасауы

  • Математикалық білімі

  • Математикалық тілі

  • Бағалауы

р/с

Оқушының тегі-аты

Білу

(жаңа тақырып бойынша өздеріндегі білім базасы)

Түсіну

(жаңа тақырыпты түсінуі)

Талдау

(жаңа тақырып бойынша ойларын айту )

Қолдану

(алған білімдерін есеп шығаруда қолдану)

Жинақтау (жаңа тақырыптан білгендерін жинақтау)

Бағалау (алған білімдеріне бір-біріне баға беру)

Қорытынды баға




2 мин

Сабақтың барысы

2. Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті 36 мин

Сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында Бағдаршам тренингін, музыка әуенімен орындаймыз.

Білу- 5 мин

Жаңа тақырыпты өздері игеруге көмектесу. Алдымен интерактивті тақта көмегімен оқушыларға екі баланың қарама-қарсы жүріп бара жатқан суреті бойынша түсініктеме беріледі. Яғни Асан мен Үсен бір жерден бір-бірінен қарама-қарсы бағытта жүгірді. Асан 4м/с жылдамдықпен жүгірсе, Үсен 5м/с жылдамдықпен жүгірді. Балалардың әрқайсысының1 секундтан кейінгі орындарын табайық.

  1. Координаталық сәуле сызамыз

  2. Координаталық сәуленің санақ басы болатын О нүктесі-балалардың жүгіруді бастайтын орны.

  3. Асанның жүгіру бағыты «оң бағыт» деп есептеп, оның 1с -та жеткен қашықтығына сәйкес нүктені табамыз.

  4. Үсеннің жүгіру бағыты Асанның жүгіру бағытына қарама-қарсы болғандықтан, координалатық сәулемен бір түзудің бойында жататын, басталу нүктесі ортақ сәулені сызамыз.

  5. Сызылған сәуленің бойынан Үсеннің 1 с-тағы жүгірген қашықтығына сәйкес нүктені тауып, сол нүктенің координатасын теріс санмен жазамыз. Сонда түзу бойындағы О нүктесінен оң бағытта оң санды, оған қарама-қарсы бағытта теріс санды кескіндеуді үйрендік.

Оқушылар мұғаліммен бірге сурет бойынша жұмыс жасайды. Суретке қарап отырып барлығы сыныппен жауап беріп отырады.

ТҮСІНУ-3мин Диалогтық оқыту

Әр оқушыға үлестірме парақтар беріліп, оқушылар осыған сәйкес тапсырмаларды орындайды және әркім өз жауаптарымен алмасып бір-бірін тексереді.

Әр оқушы өзіне берілген тақырыпты игеруге арналған тапсырмаға ұқсас тапсырмаларын орындайды. Жұпта талдайды, дұрыс не бұрыс екендігін айтады.

ТАЛДАУ- 7мин Сыни ойлауын дамыту

Балалар жұмыс жасап болған соң мен өзім теориялық түсіндіріп өтемін.

  1. Түзу сызамын, оның бойынан О нүктесін белгіле, осы нүктені санақ басы ретінде қабылау керек.

  2. Бірлік кесіндіні (ОА) таңдап алу керек.

  3. Оң бағытты көрсету керек.

О А

0 1

Мүндай түзуді координаталық түзу деп атаймыз.

Координаталық түзу дегеніміз санақ басы болатын О нүктесі және бірлік кесіндісі таңдап алынған, оң бағытты көрсетілген түзу.

О нүктесі координаталық түзуді қарама-қарсы бағытталған екі сәулеге бөледі.

Координаталық түзу бойында 0 саны О (санақ басы) нүктесімен кескінделеді. Координаталық түзудегі оң бағытты стрелкамен белгілеу қабылданған. Координаталық түзудің О нүктесінен оң бағытта оң сандар кескінделеді, сол бағытта теріс сандар кескінделеді. Берілген санға координаталық түзу бойында бір ғана нүкте сәйкес келеді.

Кезекті тапсырма жұпта мәтінмен жұмыс. Қажетті есте сақтайтын мағлұматтарды қайталап оқытып, оқушыларға кейбір әріптері жоғалған мәтінді таратамын.

Балалар тақтаға қарап назар аударып отырады.









Бұл мәтінді тақтадан балалар кезектесіп оқып береді. Оқушылар жұпта мәтінді толықтыру жұмысын жүргізеді. Сосын әр топ алмасып бір-бірін тексеріп, бағалайды.

ҚОЛДАНУ-15мин Дарындылық, жас ерекшеліктеріне сай деңгейлік тапсырмалар

А деңгейінің есебі-ақ түсті

№307, №308, №311

В деңгейінің есебі- сары түсті

№313, №315,

С деңгейінің есебі-көк түсті

№320, №321

Қосымша тапсырма- күлгін түсті

Мен дарынды оқушының жұмысын өзім тексеремін.

Оқушылар таңдаған қағаздарының түсі бойынша есептерін тақтаға, дәптерге орындайды.



Дарынды оқушы орнында жұмыс жасайды.

ЖИНАҚТАУ-6мин

Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету

Жұптарға тапсырма.

  1. Қандай сандар оң сандар деп аталады?

  2. Жауабы:

  3. Оң сандар координаталық түзудің қай жағында орналасқан?

  4. Жауабы:

  5. Қандай сан оң санға да, теріс санға да жатпайды?

  6. Жауабы:

  7. Оң сандарға мысал келтір

  8. Жауабы:


  1. Қандай сандар теріс сандар деп аталады?

  2. Жауабы:

  3. Теріс сандар координаталық түзудің қай жағында орналасады?

  4. Жауабы:

  5. Теріс сандарға мысал келтір.

  6. Жауабы:

  7. 5, 8, 9, 10, 12 сандарының қарама-қарсы бағыттағы сандарын атап бер

  8. Жауабы:



  1. Координаталық түзу дегеніміз не?

  2. Жауабы:

  3. Санақ басы болатын О нүктесінің координатасы неге тең?

  4. Жауабы:

  5. Координаталық түзудің оң бағыты қай жақта орналасқан?

  6. Жауабы:

  7. Координаталық түзудің теріс бағытьы дегеніміз не?

  8. Жауабы:



1-жұп оқушылары кезектесіп сұрақтарды оқып, жауап береді.





2-жұп оқушылары кезектесіп сұрақтарды оқып, жауап береді.

3-жұп оқушылары кезектесіп сұрақтарды оқып, жауап береді.

Бекіту 5 мин

3.Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

«БББ» кестесін таратып беремін

БІЛЕМІН

БІЛДІМ

БІЛГІМ КЕЛЕДІ



Оқушылар кестені толтырады.

Бағалау 3мин

4.Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Жұптардың бағаларын талдау, қорытынды бағаны шығару.

Жұптағы оқушылар бірін-бірі бағалау критерийлері бойынша бағалайды

Үйге тапсырма 30 секунд

5.Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

№310, №316 73бет

Берілген тапсырманы күнделікке жазып алу

Рефлексия 30 секунд

Оқушыларға смайликтер таратамын.

Оқушылар өздеріне сай смайликтерді таңдап дайын плакатқа жапсырады.



© 2010-2022