Бастауышым – балбұлағым

Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу. 2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу. 3. Білім берер ордасы - мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу. Барысы: Мұғалім: Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда, Жол табар қараңғыда адасқанда. Мал озбас, біле білсең білім озар, Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы, тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған «Бастауышым - балбұлағым» атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келіпсіздер!!
Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бастауышым - балбұлағым

Тақырыбы: Бастауышым - балбұлағым

Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің
негіз болып қаланатынына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт - сапар тілеу.
3. Білім берер ордасы - мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Барысы:

Мұғалім:
Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,
Жол табар қараңғыда адасқанда.
Мал озбас, біле білсең білім озар,
Ақыры керек болар бір сасқанда -
деп Міржақып ақын айтпақшы, тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған «Бастауышым - балбұлағым» атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келіпсіздер!!





Армысыздар, құрметті ата - аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.


Бесіктегі баланың, күлгенін көрген - бір бақыт.
Алдына түсіп ананың, жүргенін көрген - бір бақыт! - дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектеріміз бүгін сіздер үшін бар өнерлерін көрсетіп, тағы да бір бақытқа кенелтпекші!


Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық
4 «б» сыныбын ортамызға!
Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.

Мұғалім: Сіздердің алдарыңызда тұрған 4 «б» сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне, ес біліп, етек жиған шәкірттер.

Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше, осынау балапандарымыз қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата - аналарына өздерінің 4 жыл бойы алған білімдері мен өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса, ертеңгілігімізді бастайық!





Айқын:Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты

Әсел: Армысыздар әжелер мен аналар
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар

Айқын: Армысыздар өр тұлғалы әкелер!
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп, кешегі сәби - еркелер!


Әсел:Армысың сен, алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр - алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады бұл әнім!

Айқын: Армысыңдар мұғалімдер әз жандар.

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан

Өмір деген үлкен жолды тарландар.

Бүгін міне қоштасады бастауышпен балбұлақ

Әніменен жырына тарланады сан құлақ

Кеше сәби, бүгін міне жас ұлан.

Лаулап жансын болашағың шамшырақ.

Әсел: 4 «Б» сыныбының орындауында ән: Мектебім


Айқын:Иә мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық!

Ашурбек А: Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мақтан етем сені мәңгі мектебім.
Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға.
Мектеп деген даналардың мекені.

Алмас: Мектебім - білім берер алтын ұям.
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулыған 4жыл бойы ата - анамдай.
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.
Өзіңе борыштармын өмір бойы
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.

Жандосбек: Білімнің қайнар бұлағы

Өнердің жарық шырағы

Тұрағы өзің мектебім

Шәкірттің асыл қырағы.

Мектебім мәңгі бапкерім

Қарызбыз саған бәріміз

Өзіңе деген парызды

Ақтаймыз әлі талай біз.

Әсем:Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.
Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.


Аяжан:Мектеп - үйім, ұстазым менің - ата - анам,
Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек.
Тамырланып, сан тарапқа тараған.
Мектебім - сүйікті мектебім,
Бауырыңда түлеймін, көктеймін.
Сен - бұлақ, мен - қайың бүр ашқан,
Өзіңнен нәр алып көктедім.

Еркебұлан: Мектеп - кеме, білім - теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Төрт жыл алған білім нәрін,
Азық етіп ер жетеміз.

Әсел: Сыныбымыздың әншісі Айқынның орындауында «Мереке» әнін тыңдаңыздар.
Әсел: « Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,- деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз - ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән - жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Айқын?

Айқын: Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім - мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.

Әсел: Дұрыс айтасың Айқын, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі - бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.

Айқын:: Иә, бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді»деген екен. Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз!


Мерей: Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып, мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.
Тек үйреттің әділдікті, адалдықты,
Жирендік, ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.

Ұлжан: Жарық күннен жылы жүзің елестер,
Құлағымда өзің берген кеңестер.
Жанарымда алыс тартқан қара жол,
Көз жұмсам да көре тұғын белестер.
Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай,
Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай?
Мейірлене қарап қойып біздерге,
Күн астынан сабақ беріп тұрғандай

Сабина: Өмір жолын бір өзіңнен бастадым

«А» әріпін сенен ғана жаттадым

Ұстазым естен кетпес мәңгілік

Мейірімді жылы шуақ шақтарың.

Бах. Аружан: Балғын шақта келіп едім

Бал қызыққа еніп едім.

Тағдырымның билігін де,

Сеніп сізге беріп едім.

Жүзің жылы құшағың кең,

Өзің берген біліміңмен,

Биіктерге шығамын мен.

Ашурбек А: Ұстазым

Әділ : Ұстазым

Даниял: Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім,,
Басталған ақ батаңнан жас талабым.
Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,
Ұстаздың ұлағатынан басталарын
Мұғалім ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың, даналардың.
Өмірде сенің алар орыныңа,
Бірі де жеткізе алмас бағалардың.

Еркебұлан:Күн кешегі жабырқау қайда қалған,
Шықпаушы едік бір елі айналаңнан.
Мейірің ба, ұстаздық жүрегің бе?
Жан дүниесін баланың жаулап алған.
Нұр құйған санасына зейіндінің.
Нұрлы шам сәулесіндей мейірімің.
Дарыттың адамдықты шәкіртіңе,
Дамыттың дарын отын бейімдінің.

Осман: Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға дара шың,
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.
Сағына әркез суреттерді парақтап.
Шәкірттерін жиі еске алатын.
Жаралған жақсы үмітпен мұраттардан,
Жансыз ғой әлдилеген шуақты арман.
Жатталады жан жүректе есіміңіз,
Адамның аяулы үні сияқтанған.

Әсел: Не деген әсем жырлар десеңші!

Айқын: Ия, мектебіміз бен ұстаздарымызға арналған жырлар таусылған ба? Ал қазір ұстаздарға арнап «Ұстазым» әнін тыңдаңыздар.

Әділ: Ұстаздар сіздерді айтып мақтанамыз,
Бейнеңіз жүректерде сақталады.
Біз әлі биіктерден көрінеміз,
Үміт пен сеніміңіз ақталады.

Ұлжан:Өмірде ата-анаңмен бауыр қымбат,

Тай құлындай бірге өскен достар қымбат,

Сусындатып білім беріп үйреткен,

Ұмытылмас дара тұлға ұстаз қымбат.

Бәрі: Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
Мың алғыс мына отты жүректерден!

Әсел: Сыныбымыздың ұлдарының орындауында би тамашалаңыздар.

Айқын: Иә осыдан 4 жыл бұрын, біз 6 жастағы сәби - балалар сөмкемізді зорға көтеріп, мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік. Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.

Әсел: Иә, міне сағымдай өте шыққан 4жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.
Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа!


Жандосбек:Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз.
Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.
Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,
Қайталап атымызды сұрасқанбыз.
Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,
Ақылға келе алмадық ерте көніп.
Бойымыз бірте - бірте үйренісіп.
Мектептің ережесін үйрендік кеп.

Аяжан: Достық туралы

Даниял:

Ән: «Достық туралы жыр»


Асхат:Бірдей біздің ойымыз да, сырымыз,
Бір мектептің ұлы менен қызымыз.
Бірдей өстік оқуда да еңбекте,
Күліп - ойнап біріміз бен біріміз.

Бексұлтан:Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?
Бастауышта алған білім, жырларым,
Азық болар, мәңгі талай жылдарға.


Бах. Аружан:Бастауышым - бал бұлағым,
Алдым сеннен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып
Рахметімді жаудырамын.

Ерсұлтан: Бастауышым - балбұлағым
Лаулап жанған шам шырағым.
Өзің берген біліміңмен,
Самғап ұшар тау қыраның

Әсел: Көрініс атақты қазақ күйшісі Құрманғазының Динаға берген мұрасы.

Айқын: Әрбір үйдің еркелері, наздары
Әрбір үйдің көктемдері, жаздары
Би билейді ортамызда жарқылдап
Сыныбымыздың ару ерке қыздары
Сынып қыздарының орындауында би «Қасиетті домбыра»


Көрініс: (ортаға қария (Ілияс) мен 5 оқушы шығады. Оқушылар қарияға амандасып, одан ақыл сұрай келгендерін айтады)
Осман:
- Ата, ата, арман деген не? - депті жігіт
- Арман дегеніміз - ақыл - ойдың шындығы. Құс ұшсам дейді, бала өссем дейді, қыз көрікті болсам дейді, ұстаз шәкіртіне үлгі болсам дейді. Арманына адаспаған жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді депті қарт.
Даниял:
- Дос табу оңай ма? - депті қарт.
- Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын.
- Жоқ, балам, өмірде дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Есіңде болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың, досың бала болса, өзің шала боласың, депті қарт.
Аружан:- Үйдегі алтын қазығың кім? - депті қарт.
- Ата, үйдегі алтын қазық - бала, депті жігіт.
- Жоқ, балам, үйдегі алтын қазық - ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана - ақылшың, әке - қамқоршың, ағаң - қорғаушың, інің - сүйенішің, қарындасың - қанатың. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем, - депті қарт.
Әсем:- Өмір сүру үшін не қажет? - депті қарт.
- Ата өмір сүру үшін алтын, ақша, нан, мал қажет, - депті жігіт.
- Жоқ балам, адамның өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су - тіршілік, от - өмір, тұз - дәм, қыз - сән, ақыл өмірдің нәрін береді.
Жандосбек:
- Адамға ақыл беретін кімдер? - депті қарт.
- Ата, ана тілі ғой ақыл беретін, - депті жігіт.
- Жоқ, балам, адамға ақыл беретін ата - ана, ұстаз, досы. Ата - ана ақылын баласына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады. Достықтың көзі ақылдан басталады, - депті қарт.


Айқын:Иә, қасиетті тіл, сөз шеберлігіне не жетсін?
Әсел: Әрине, тілдің құдіреттілігі сонша өткен ғасырларда өмір сүрген сал - серілер, ақын - жыраулар, түрлі шешендер мен билер, хандар мен сұлтандар, тіпті қарапайым халықтың өзі сөз асылын біліп, ел мен елдің арасындағы дауды еш соғыссыз шешіп отырған.


Темірлан:Анашымдай сыр шерткен,
Ақыл - білім үйреткен.
Ана тілін оқыдық,
Ерекше зор құрметпен.
Ана тілін сүйеміз,
Құрметпен бас иеміз.
Ана тілмен қоштасамыз,
Әдебиетпен достасамыз.


Әсел: Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып, елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген. Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!


Бексұлтан: Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың,
Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген, ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын, аман болсын анашым!
Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең - ақ мақтанышың.
Білім алып, тер төгем, еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!

Осман: Әке туралы

Бахытжан А: Әже туралы


Алм. Аружан: Ыстық - ау кім - кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай, мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген
Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.
Ақылды балаларың оны білген


Айқын: Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата - анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.
Сол кісілерге арнап ән тыңдаңыздар: «Ана-әке» әні орындайтын 4 «б» сыныбы

Даниял: Отан туралы

Аяжан:

Мерей:

Ән : « Туған жер»


Мұғалім: Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,
Сенімдердің айналыңдар серперіне.
Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін,
Тек сәттілік - шәкірттерім ертеңіңе.
Айналайын жап - жарқын жүздеріңнен,
Аластайтын жаныңды күз көңілден.
Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,
Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.


Әсем: Болса менің кішкене бір табысым,
Қорғағаным ұстазымның намысын.
Ұстазымша білсем деймін өмірді,
Ұстазымша болса деймін әр ісім.

Сабина: Шаттанамын мен бүгін


Ерсұлтан: Өтті сенде қызық шағым.
Бастауышым - балбұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын!
Қош бол, қош бол,
Сүйікті бастауышым!

Айқын: 4 «Б» сыныбының орындауында «Вальс»


Әсел: Құрметті қонақтар, осымен «Бастауышым - балбұлағым» атты кешіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.
Айқын:Жұлдызыңды жақ! Бұл сөз тек сіздерге арналады, түлектер!
Ұстаздарыңыз, мектебіңіз соған тілекші. Жолдарыңыз босын, түлектер!





кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру. Мектепте, яғни, білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті ағалай білуге тәрбиелеу. Ата-анасының, Отанының адал ұл-қызы болуға жетелеу, тәрбиелеу. Ақылдарын, ой-өрістерін дамыту. Бастауыш сыныбымен, білім есігін ашқан ұстаздарымен қоштастыра отырып, жоғары сынып мұғалімдеріне әр баланы өз ерекшелігімен таныстыра отырып, сәт сапар тілеп табыстау.

Мұғалім: Көрінетін биіктен асқақ іспен
Баулитұғын білімге жас кішіден.
4 жыл бойы біліммен сусындатқан
Қоштасқалы күн келді бастауышпен.
Бастауышты халық та дәріптеген
«Білім көзі» деген сөз анық деген.
Өйткені бастауышта балаң шыбық
Ең алғаш танысады әріппенен.
- Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп табалдырығын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойлары толып, бойлары өсіп, бастауыш сатысымен қоштасқалы отыр. Олай болса, 4 «А» класының «Бастауышым - бастамам, Білім жолын бастаған» атты бастауышпен қоштасу салтанатына қош келдіңіздер!

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,
Мұнда күй болған сірә қаншаңыз да?
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
4 «А» сыныбын ортамызға.
(Оқушылар ортаға сахнаға шығады)
Мен үшін бәрің бірдей қарақтарым,
Орындалсын арман-тілек, талаптарың.
Қабылдап алғанымда 9 едің,
9-ыңды жекелеп парақтадым.

Білім деген қауыздан гүл ашылған
Оған керек таусылмайтын көп шыдам.
Бар білімнің, бар ілімнің атасы
Бастау алар бастауыш сатысынан

Енді міне, сағымдай боп өте шықты,
4 жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті.
Ұстаз - ана жасады мына бізден,
Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.

Білім бар білім десең баста піскен
Қолда оқулық бәрі де тасқа түскен.
4 жыл бойы саялы мекен еткен
Қоштасайық енді біз бастауышпен.

Бастауыш бұнда өткен бала шағың,
Соқпай кетпес бұл жерге қаласа кім?
Еліміздің әу бастан-ақ дайындауда
Саналы азаматын, болашағын.

Қағылды міне, әуенге бөлеп,
Қағылды соңғы қоңырау.
Қалайша 4жыл тез өтіп кеткен
Шындық па осы, япыр-ау !
Расында да, 4 жыл 4 күндей өте шықты ғой. Олай болса шәкірттердің тілегін қабыл алыңыздар.

Рабиға Мұхитқызы анашымдай аялаған,
Нұрланған шуағымсың саялаған.
Айналдық мейірімді жүрегіңізден
Шәкірттен өз бақытын аямаған.

Жаулап алып бар шәкірттің жүрегін
Жанат Утепбергенқызы есіміңізді әнге бөлеп жүреміз
Пейіліңізге ұқсап тұрып біз сізді
Әлемдегі әсем гүлге теңедік.

Жүрегі нұр Динара Уразбайқызының
Сондықтан да бір өзіңе ұқсадым.
Адам жанын тәрбиелеп аялар
Құрметтейміз біз сізді әрдайым.

Байсалды мінезіңмен бір қалыпты,
Менің де көкейімде із қалыпты.
Ақөрік Сағырбайқызы неткен мықты төзімдісің,
Шәкіртім білім алсын, білсін дейсің.

Ұстаздардың арқасында шаттандық,
Сөзін ту ғып болашаққа аттандық.
Мектебімде ұстазым бар логопед Сәуле Хамитқызы
Барлығымыз жүретұғын мақтан ғып.

Музыка атты пәніміз,
Айтылар онда әніміз.
Жолашар ағай үйретсе
Шырқатамыз бәріміз.

Айнагүл апайды шебер домбырашы дер едім,
Айтыңдаршы таласады оған кім?
Еленуде бізге істеген еңбегі,
Айтамыз алғыс шәкірттері сізге мың.

Орыс тілі әр кезде керек ертең
Мәриям апайымыздың көңілі өте көркем.
Ашық жарқын жанары қашан көрсең
Барлық жандар осындай болса екен.

Бота апай нағыз биші ұстазсыз,
Сондықтан да бір өзіңе ұқсадым
Шаршасаң да, сездірмей күлімдейсіз,
Шәкіртім би үйренсін, білсін дейсіз.

Жүрегімді Гүлжайнар апай берген сабағы,
Өн бойыма тамырланып тарады.
Ұмытпаймыз бізге үйреткен ағылшынын
Мәңгі бақи есімізде қалады.

Райса Санжовна жан ұстазым,
Сізден үйрендік әртістік қыр-сырларын.
Саяң ыстық, сіз мәуелі бәйтерек,
Тамырланып, сан тарапқа тараған.

Мектебімде Бекболат ағай мен Руслан ағайлар бар
Бізді олар секіртеді, жүгіртеді.
Жаттығудың неше түрін жасатып,
Әрқашан денең шымыр болсын дейді.

Жанат апай
Түзеттіріп шалалықты,
Есейттіңіз балалықты.
Ойламайтын ертеңін
Ойсыз кейбір еркені
Түзеп жөнге салдыңыз
Ел алғысын алдыңыз.
Сабырыңыз құрыштай
Жөн айттыңыз ұрыспай.
Түзедіңіз тентекті
Тұрғызбай-ақ бұрышқа.
Сізден ізгі кішілікті,
Үйрендік біз кісілікті.
Бойлаттыңыз тереңіне ғылымның
Алғысымыз сізге біздің шексіз мың!

Алдарыңда сан тарау жолдары тұр,
Бәрі біздей азамат болғалы тұр.
Біріншіге келетін балаларға
Тапсырамын білімнің мен кілтін.

Болашағы бейне қызыл қыр гүлі,
Бүлдіршінді аяласын күн нұры.
Жаңа табыс жақсы күнге бастасын,
Бүгін соңғы қоңырау сыңғыры.
Бастауыш сатының соңғы қоңырауы соғылсын!

Кері қайту

Ілмек сөздер: Бастауышпен қоштасу

Бастауышым бастамам

  • Бақыт

  • 6 қараша 2013

  • 1473

  • 0

  • 0

1 - жүргізуші: Армысыздар, ардақты ұстаздар, ата - аналар. Құрметті қонақтар.
Бүгін №11 орта мектепте үлкен қуаныш. Білім нәрімен сусындатқан бастауыш сыныбымызбен қоштасқалы отырмыз.
1 - жүргізуші. Бүгінгі салтанатты кешіміздің балғындарын қошеметпен қарсы алайық.
Ортаға 4 «А» сынып оқушыларын шақырамыз
Мұғалімі: Омарова Айсұлу Эдиковна
4 «Ә» сынып оқушыларын шақырамыз
Мұғалімі: Асанова Бақыт Қырықбесовна
1 - жүргізуші: Мейірімді, жүрегінде күн нұры
Нағыз мықты ұстаздардың шын бірі
Сөзімен де, ісімен де өнеге
Білім беру саласының үздігі,- дей келе сөз кезегін құрметті мектеп директоры Н. М. Мұсабековаға береміз.
1 - жүргізуші: Ендігі сөз бойлары да, өздері де, ойлары да өскен балғын шәкірттерге беріледі.
Махаббат: Өтті оқу сан сабақ
Бүгін үлкен салтанат
Оқулықпен достасып
Бастауышпен қоштастық
Айдана: Жастың өсті санасы
Елжірейді жүрегі
Бастауышқа бар бала алғыс айтып жүреді
Хормен: Көлге айналып бұлақтың
Том - том болған кітпатың
Басы болған бастауыш
Мәдина: Маған қымбат саяңда өскен әр күнім
Шат күлкісі дос - жаранның, құрбының
Ақыл беріп, аялайтын анамдай
Бастауышпен қоштасатын күн бүгін

Хор: «Достарым»
1 - жүргізуші: Жүзің жылы құшағың кең
Сенен түлеп ұшамын мен
Өзің берген біліміңмен Биіктерге шығамын мен,- дей отыра номинация беру рәсімін бастаймыз.
Өзге тілдің бәрін б
Өз тіліңді құрметте дей отыра орыс тілінің қыр - сырына қанық қылғаны үшін.... Серік: Есік ашып, күлім қағып кіргенде Жайнағандай сынып іші нұрланып
Садись - отыр деген сөз ғой деп,
Бас шайқайды түсінбедің неге деп, «Білімді маман» номинациясы Алма Имангалиевнаға беріледі.
Ердің күші білекте дей отыра ептілікке, жылдамдыққа баулығаны үшін
Гүлім: Зыр жүгіріп футбол қуып жүргенде
Секір, жүгір шымыр болар денең деп
Салауатты өмір салтын уағыздап
Денемізді шынықтырған бар күш сап «Сымбатты маман» номинациясы Индира Жанатовнаға беріледі, «Ер жігіт» номинациясы Бейбіт Олжасқа беріледі.
Би: орындайтын Какимова Гаухар.
Еркегүл: Кемшілікті кезінде
Кесіп айтар өзіңе
Өнеге мол өзінде
Өсиет көп сөзінде
Мақсат: Көңіліңнің хошын - ай
Көп шәкірттің досындай
Ақ ниетті, кең пейіл
Рахат апай осындай
Ғасыр: Нұр жүзінен жылы шуақ төгілген
Шәкірттерін сүйген таза көңілден
Тәрбиеге баса назар аударған
Амина Сатымовна өз соқпағын
Тапқан мынау өмірден.
Жұлдыз: Денсаулықтың майданына айқастар
Өмір үшін болып жатыр шайқаст
Күнделікті жұмыстары батырлық
Мақтауға да, айтуға да татырлық
Людмила Григоревнаға мың алғыс
Бейсенбек: Қашанда шәкірт жанын ұға алады
Көңілден әр уақытта шыға алады
Сәулет апай, Шолпан апай ризамыз өздеріңізге Сәлеміміз сіздерге алғыстан құралады.
Нұрсұлу: Баулыған әрбір өнерді
Анар апай өнерлі
Әсем әннің шебері
Әрбір сөзі мәнерлі
Қызықтырып ән - күйге
Бізді үйретіп келеді
1 - жүргізушу: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, темір балқытқан жұмысшы да, егін салып, мал бағып, терін төкен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де бәрі - бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздар алдында бас иеміз.

Диана: Көрмеген артық сөйлеп, артық күліп
Шәкірттерін баулыды тәртіпті қып
Қоштасамыз біз бүгін ұстазбенен
Ұстаз жайлы әсем ән айтып тұрып.
Хор: «Ұстазым»
Ерғанат: Жанымды менің жайнатып
Баураған өзің мұғалім
Өзіңмен бірге таң атып
Өзіңмен бірге шығар күн.
Еламан: Шәкіртің өткен біздерден
Үмітің гүлдер мұғалім
Білеміз ертең бізден де
Өмірдің талап сұрары
Сонда ардақты Айсұлу апай
Уәдемде берік тұрамын.
Диас: Ұлылықты ұғындырып
Білім берген Бақыт апай
Жақсылықтың сырын ұғып
Келді сізге ұқсағым
Абдульали: Оқу - білім, тәрбиеңіз
Санамызда сақталады
Есебі жоқ еңбегіңіз
Аман болсақ ақталады.
1 - жүргізуші: Әр сынып оқушылары өз ұстаздарына арнаған әндерінен шашу шашады.
Ахтанов Алишердің орындауында ән: «Илигай»
Ельтаева Дильназдың орындауында күй.
1 - жүргізуші: Тарыдай болып кіресің
Таудай болып шығасың,- деп әр баласының қуанышын ұстазбен, мектеппен бірге бөлісетін - бұл ата - аналарымыз. Біз болашақта саналы да, ақылды бала болып өссек, ата - ананың арманы орындалады деген сол емес пе?
Төлеген: Алғашқы қоңырау үнімен
Келіп ем мектебің өзіңе
Жетелеп әкелген анашым
Мен үшін қуанып тұрып ең.
Бейбіт: Әкешім тілеуіңді тілеп жүрген
Аумайсың жарығы мол ашық күннен
Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін
Ақылды балаларың оны білген
Би: Жасқайрат Аяжан
1 - жүргізуші: Жақсы шәкірт азамзат атанады
Халқынан, ата - анадан бата алады
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін
Ортаға шақырайық ата - ананы.
Аяжан: Мектебім алтын ұя нұрың жарық
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
1 - жүргізуші: Мектеп, мектеп - ашық жарқын көңілім
Мектеп, мектеп - әнім болып төгілдің
Мектеп, мектеп - жан анам боп көріндің.
Қоштасамыз біз бүгін балалықпен
Әсем әнін жаңғыртып айтып тұрып.
Багдат қызы Таңшолпан ән « Балдаурен»
1 - жүргізуші: Құрметті оқушылар. Білім теңізіне сәт сапар тілейміз.
Валсь: орындайтындар: Даукен Мәдина,



© 2010-2022