- Преподавателю
- Математика
- Теңдеуді, екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу
Теңдеуді, екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу
Раздел | Математика |
Класс | 9 класс |
Тип | Другие методич. материалы |
Автор | Туржанов Е.К. |
Дата | 19.12.2015 |
Формат | docx |
Изображения | Есть |
Сабақтың тақырыбы: Теңдеуді, екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу
Сабақтың мақсаты:Білімділік: Оқушылардың теңдеуді, екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу тақырыбы бойынша алған білімдерін терең меңгеруіне, ақпараттық құзіреттілік тұрғысынан жетілуіне ықпал ету;
Дамытушылық: Оқушылардың тақырып бойынша есептерді шығару шеберлігін, әдет, дағды, іскерлігін жетілдіру, біліктерін дамыту;
Тәрбиелілік: Рухани ойлау дәрежесі биік, еңбекқор, білімді және білімін пайдалана білетін, кешегіні білетін, бүгінгіні түсінетін ұрпақ тәрбиелеу, оқушылардың патриоттық сезімдерінқалыптастыру;
Сабақтың түрі: есептер шығару сабағы
Оқыту әдістері: сұрақ-жауап, деңгейлеп дамыта оқыту
Сабақтың көрнекілігі: флипчарттар
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу
ә) Оқушыларды түгендеу