Конспект на тему: Жай бөлшектерді көбейту

Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мерзімі:

сыныбы:5

Пән: математика

Тақырыбы:Жай бөлшектерді көбейту

Ұйымдастыру кезеңі. 2 мин

1.Сәлемдесу,түгелдеу. 2.Сурет қиындылары арқылы топқа бөлу.

Сабақтың барысы

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Күтілетін нәтиже

7 мин Білу.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру әрі өткен сабақты қайталау мақсатында әр топқа бір-бір алмадан беру. Алманы алдымен екіге,сонан соң төртке бөліп қою. Миға шабуыл: 1.Алманы екіге және төртке бөліп,біреуін алғандағы үлесті қалай жазамыз? 2.Бұл үлестер тағы басқа қалай аталады? 3.Саған алманың қанша үлесі тиесілі болды? Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыруды қайталау үшін «Гүлге қонған аралардағы» есептерді шешу.

Берілген сұрақтарға топтаса талқылап,сұрақтарға жауап беру. Постер қорғау. «Гүлге қонған аралардағы» есептерді шешіп,бүгінгі тақырыпты ашу.

Жауапкершілікті сезінеді. Топпен жұмыс жасай отырып,өз ойларын дұрыс жеткізе алады. Сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастырады.Пәнді терең түсіну қабілетін дамытып,білім алуға белсенділігін арттырады.

8 мин Түсіну.

1. «Аралас» сөзіне жылдам сөйлем құрау арқылы топ басшыны анықтау,бағалау парағын беру. 2.АКТ-дан ереже көрсету. 3. Жүзден бір үлесті ноутбугте орындауға нұсқау беру.

1.Пайыз сөзіне сөйлем құрау. Жүзден бір үлесті ноутбугте шаршының жүзден бір бөлігін бояу арқылы жасап көрсету.

Жылдам ойланады, АКТ-да тапсырманы орындай алады.

10 мин Қолдану.

Дарындылық,жас ерекшелігіне сай деңгейлік тапсырмалар А деңгейінің есебі: № 740,№741 В дейгейінің есебі: №742,№743 С деңгейінің есебі: №744,№745 . Дарынды оқушылардың жауабын тексеру

Оқушылар есептерді дәптерге орындайды. Жауап парақтары арқылы жұптармен ауысып,тексереді.

Тақырып бойынша білімдерін өзектендіреді. Ережені пайдалана отырып,есептің дұрыс шешімін таба біледі.

10 мин Талдау

Үлестірме қағаздағы тапсырманы орындау.Мыс: «Шаршы сыз.100 төркөзге бөл.9 бөлігін боя.Қанша бөлігі боялған?Ол қанша пайыз?Қанша бөлігі боялмаған?Ол қанша пайыз?» Аралас сандар туралы білімдерін тиянақтаймын.

.

Берілген тапсырманы постерде орындап,қорғайды.

Өз мақсаттарын айқындай отырып,мәселені шешуге әрекеттенеді. Пәнге қызығушылығы артады

3 мин Жинақтау.

Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету. 1.Санның бір пайызы қаншаға тең? 2.Пайыз бөлшекпен қалай жазылады? 3.Бөлшек пайызбен қалай жазылады? 4.Пайыз күнделікті тіршілікте кездесе ме?

Сұрақтарға жауап береді.

Өзгені тыңдай отырып,өз білімін толықтырады.Есте сақтау қабілеті дамиды. Аралас сандар туралы түсінік қалыптасады.

1 мин

Бекіту. «БББ» кестесін таратып беремін.

Кестені толтырады.

2 мин Бағалау

Жұптардың бағаларын талдау, қорытынды бағаны шығару.

Жұптағы оқушылар бірін-бірі бағалайды. Топбасшылар бағалау парағын толтырады.

Өзара бағалау нәтижесінде қалай оқу керектігін сезінеді. Әр оқушы өз жауабын басқа оқушылармен салыстырып, өзін-өзі реттеп отырады.

1 мин

Үйге тапсырма №747

Күнделіктеріне жазады.

1 мин

Рефлексия Кері байланыс

Сабақ туралы ойларын жазады.

Сабақта түсінбеген материалдарын көрсете алады.





© 2010-2022