Разработка внеклассного мероприятия по математике Математика әлеміне саяхат (7 класс)

Раздел Математика
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математика әлеміне саяхат.

«Талантыңмен таныл» ойыны.

Мақсаты: оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, математикадан алған білімдерін нығайту, ұйымшылдыққа, топ болып жұмыс жасауға, ой қорытындысын жасай білуге, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:

  1. Конверт. А) «Математика» - жасыл; Ә) «Логика» - сары; б) «Математика тарихынан» - қызыл.

  2. Плакат, кубик а) үлкен дөңгелек әр түрлі бояумен боялған, ә) 1-ден 30 -ға дейінгі сандар.

  3. 5-6 сынып оқушыларынан екі топ құрылады.

Сыныпты безендіріп, ойын алаңын ретке келтіреміз. Топ жетекшілері кубикті дөңгелектің үстіне лақтырады. Егер кубик қызыл жолақ түске түссе, қызыл конверттегі сұраққа, сары жолаққа түссе, сары конверттегі сұраққа жауап береді.

1-Бастаушы: Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі мектебімізде өткелі отырған математикалық сайысымызға қош келдіңіздер!

Өмірде ойлап тұрсаң бәрі де есеп,

Ауырсаң ішетұғын дәрі де есеп.

Есепсіз өмір сүрген мазмұнсыз ау

Дүниенің бар тұлғасы есеп десек,

дей келе сайысымызды бастамас бұрын бүгінгі қатысушыларымызды екі топқа бөліп алайық!

1 топ «Тұлпар»2 топ «Барыс»

2-Бастаушы:

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ер жеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім,

- деп Абай атамыз айтқандай, уақытында математика сырын түсінбей, кейіннен уысымызға түсірмей қалмас үшін өткізгелі отырған «Талантыңмен таныл» сайысының ойыншыларын қошемет қылыпортаға топтарымен шақырамыз.

1-Бастаушы: Ойынымызды бастамас бұрын әділқазылар алғасын сайлап алайық.

Ойынды бастау. (жоғарыдағы ереже бойынша)

Сары жолаққа түссе:

Ал, қанеки балалар,

Құлақ салшы сөзіме.

Сұрақ берсем берейін

Логикадан өзіңе- логика сұрақтарын таңдайды.

Қызыл жолаққа түссе:

Математика тарихынан сұрақтар таңдалады.

Өрмекші торына түссе:

Ойла, ойла тереңнен,

Жақсы емес- ау көп бөгелген

Өте алмайсың бөгеттен- деп көрермендер әзірлеген сұрақтар қойылады.

Қамалға түссе:

Тауды биік демеңдер

Талаптансаң шығарсың демекші- деп арнайы сұрақ таңдайды.

Қара мысыққа түссе:

Онда жолыңыздың болмағаны, ойынды келесі топ жалғастырады.

Қыран бүркітке түссе:

Сыйлық аламыз, ойынды жалғастырамыз.

Отқа түссе:

Алған ұпай күйіп кетеді.

Музыкалық сәлем жолдайсыз.

Музыкалық нота:

Музыкалық сәлем жолдайсыз.

І. Математика тарихынан сұрақтар:

1. Алғаш рет алгебраны арифметикадан бөліп алған, оны өз алдына жеке пән ретінде қарастырған Орта Азия математигі кім?

2. Бұрышты градуспен өлшеу бірлігі қай елде пайда болды?

3. 6 -сынып математика оқулығының авторы кім?

4. Ертеде нөлді қалай атаған?

5. Ертеде қазақта қолданған ұзындық өлшемдері?

ІІ. Логикалық сұрақтар :

  1. Қара ағаш басында 5 алма өсіп тұр. Біреуі жерге түсіп қалды, нешеуі тал басында қалды?

  2. 3 түйе құс ұшып келе жатты. Аңшы олардың біреуін атып алды. Олардың қаншасы қалды?

  3. Сұрақ белгісінің орнына қандай сан болуы керек? 9,10,12,13,15,16

  4. Ағаш үстінде 30 торғай отырды. 10 торғайды аңшы атып алды. Торғайлардың қаншасы қалды?

  5. Мына бақшаны тең 4 бөлікке бөл.







  1. Қандай екі натурал санның көбейтіндісі олардың қосындысына тең?

  2. Бір жұмыртқа 4 минутта піседі, ал 5 жұмыртқа ше?

  3. Аулады бірнеше қой бар. Олардың әрқайсысының маңында 7 қой бар. Сонда аулада неше қой бар?

ІІІ. Математикалық сұрақтар:

  1. Аулада бірнеше қоян мен қаз жүр. Олардың аяқтарын санағанда тең болып шықты. Қоян мен қаздың қайсысы көп?

  2. Жарты теңгенің жартысы неге тең?

  3. Қайсысы көп 2 метр ме, әлде 201 см ме?

  4. Бір тоннаның 10%- і неше килограмм?

  5. Бөлудің нәтижесі не?

  6. Бір метрі 2100 теңге матаның 70 сантиметрі қанша теңге тұрады?

  7. Ең үлкен екі таңбалы сан?

  8. Тік бұрыштан кіші бұрыш қалай аталады?

Арнайы сұрақ: Наурыз тойы. Ат жарысы өтуде. Үш пар 60 ат км шауып өтсе, әр ат неше км шабады?

Қорытындылау. Қай топтың ұпай саны көп болса, сол топ жеңеді.


Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Ұзынкөл жалпы орта

білім беретін мектебі

физика пәнінің мұғалімі

Байгалиева Алия Дуйсекешовна


© 2010-2022