Ең кіші ортақ еселік

Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 25.11.2015

Сынып: 5

Сабақтың тақырыбы: Ең кіші ортақ еселік

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: Ең кіші ортақ еселік туралы мағлұмат беру. Есептер шығару дағдыларын қалыптастыру.

2. Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту, оқушылардың құзыреттерін қалыптастыру.

3.Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдылыққа, тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірмелі карточкалар, деңгейлік тапсырмалар.

Оқытудың әдісі: практикалық

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

а) Сәлемдесу,

ә) оқушыларды түгендеу,

б) оқушылардың назарын сабаққа аудару

в) сабақтың мақсатымен таныстыру

2. Үй тапсырмасын тексеру: №698, 702,703

1. Берілген сандардың ең үлкен ортақ бөлгіші деп қандай санды айтамыз?

2. Өзара жай сандар деп қандай сандарды айтады?

3. Берілген сандарды жай көбейткіштерге жіктегенде ең үлкен ортақ бөлгіш неге тең?

4. Берілген сандар олардың ішіндегі ең кішісіне бөлінетін болса, ең үлкен ортақ бөлгіш неге тең?

  1. Жаңа сабақты меңгерту:

1)Берілген натурал сандардың әрқайсысына еселік, болатын ең кіші натурал санды, ең кіші ортақ еселік деп атайды

Мысал: ЕКОЕ (8, 16 ) = 16

2)Егер берілген натурал сандар өзара жай сандар болса, онда ең кіші ортақ еселік олардың көбейтіндісі болады.

Мысал: ЕКОЕ (5;7) = 35, ЕКОЕ (5;11) =55

  1. Берілген натурал сандардың ең үлкені кішілеріне бөлінсе, онда үлкен сан осы сандардың ең кіші ортақ еселігі болады.

  2. Мысал: ЕКОЕ (57; 19) =


  1. Есептер шығару.№ 714 ауызша

№ 715-716 (тақтада шығару)

№ 728 ( өздіктерінен)

5. Сабақты бекіту кезеңі:

1. 975 санын жай көбейткіштерге жіктеңдер.
а)3×3×5×13
в) 3×5×13
с) 3×5×5×13
2. ЕКОЕ-і 300-ге тең болатын үш санды таңдап алыңдар.
а) 10,15,30
в) 20,30,150
с) 15,45,60
3. 26 санының барлық бөлгіштерін атаңдар.
а) 0,1,2,13,26
в) 1,2,13,26
с) 2,13,26

4. Сандардың қайсысы 9 санына бөлінеді?
а) 1175
в) 5328
с) 6835
5. 765 санын жай көбейткіштерге жіктеңдер.
а) 1×3×3×5×1
в) 5×9×17
с) 3×3×5×17
6. ЕКОЕ(9,12) табыңдар.
а) 36
в) 24
с) 72

6 . Бағалау.

  1. Үйге тапсырма: §4.8 ереже жаттау, №720



© 2010-2022