«Сен – Цицеронсың!» Эссе

Адамдық борыш ар үшін, Барша адамзат қамы үшін, Серт берген еңбек етем деп,  Алдағы атар таң үшін,- деп туған халқы алдында азаматтық үнін танытқан Шәкәрім өлеңі ұстаз қауымы жүрегінің соғуымен үндес келетін тәрізді. «Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» демекші, ұстаз қай кезде де шәкірттеріне тірек болып, ой-өрісі биік, дарынды да дарабоз, әлемді бағындырар ғалым болғанын қалайды. Балаларды гүлге теңесек, сол өсіп келе жатқан гүл тек күтімді ғана қажет ...
Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

249 мектеп-лицейдің математика пәнінің мұғалімі А.Сансызбай.


«Сен - Цицеронсың!»

Ұстаз... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым.


Адамдық борыш ар үшін,
Барша адамзат қамы үшін,
Серт берген еңбек етем деп,

Алдағы атар таң үшін,- деп туған халқы алдында азаматтық үнін танытқан Шәкәрім өлеңі ұстаз қауымы жүрегінің соғуымен үндес келетін тәрізді. «Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» демекші, ұстаз қай кезде де шәкірттеріне тірек болып, ой-өрісі биік, дарынды да дарабоз, әлемді бағындырар ғалым болғанын қалайды. Балаларды гүлге теңесек, сол өсіп келе жатқан гүл тек күтімді ғана қажет етеді. Түсінбегенін үйретіп, қиналғанына көмектессең, білімпаз шәкірттердің көзінің нұрланып, өмірлік көзқарасының айқындала түскеніне көз жеткізесің. Гүлдерге күннің көзі қандай қажет болса, балаларға да жүйеленген, үлгілі де, мәнді сабақтар көптеп қажет. Ал, сабақ скрипка аспабы секілді: одан ғажайып үн шығаруға болады. Әрбір сабағымыз ғажайып әуенге толы болса, білім мен ғылымның тұңғиық әлеміне жетелері анық.

Алдымызға келген балалар - біреудің маңдай алды жарығы, бірі - еркесі, бірі - момыны. Сол маңдай алды жарығын Таңшолпандай жарқыратып, еркесін епті де ерекше азамат етіп, момақандай момынын жарқылдап сөйлер ділмар қылып тәрбиелеу үшін асқан батырлық қажет, әрине. Өмір айдынында айқын бағытта жүріп бара жатқан балаларға жел болып есу - менің басты парызым.

«Бала жүрегі - кішкентай күйсандық. Сол күйсандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұруы керек»- деп, М.Шаханов айтқандай, әр баланың жүрегіне жол табып, бала бойындағы дарынды ашып, бағыт-бағдар беру арқылы ізденіске жетелеу қажет. Ұрпақ тәрбиесінде мұғалімнің таланты, біліктілігі және жауапкершілігі, адами қасиеттері өте маңызды рөл атқарады. Себебі, ол - шәкірт үшін айна. Ұстазы жақсының шәкірті - үздік. Өнеге мен үлгі секілді игі қасиеттер ата-анадан қан арқылы дарыса, ұстаздан тәлім арқылы дариды.

Оқушы жағылатын алау секілді алған білімі арқылы халқына қызмет ете білуі тиіс. Толтырылған ыдыс секілді білімді тек алып, оны кәдеге асыра алмаса, ол да мұң.

Өмір айдынында айқын бағытта жүзіп бара жатқан балаларға жел болып есемін. Әрбір оқушының бір кезде болатын ғажайып екеніне үлкен сенім артамын.


Біреудегі артық біреуде кем боп.

Катеттердің квадраттарының қосындысы

Бәрібір гипотенузаның квадратына тең боп

Ромб дегеніңіз өр боп

Бисектрисаңыз бел боп

Бәрі математикалық теорияға бағынар.

Құдайлық формула

Жазымышың боп маңдайға жазылса

Айгүл деп қойған дүратым

Жел тұрса желкен желбірер

Жалауым болып тұратын

Ұстаздық ұлы мұратым

Қисапқа қиял құраған

Есептер елі тұрағым

© 2010-2022