Сабақ жоспары 7 сынып

Раздел Математика
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Лашынова Гүлжан Макенқызы

Астана қаласы, №71 мектеп-лицейі,

математика, информатика пәні мұғалімі

Сынып: 7 «А»

Күні: 17. 02. 2015 жыл

Пәні: алгебра

Сабақтың тақырыбы

Бүтін өрнектерді түрлендіру тақырыбын қорытындылау сабағы

Сілтеме:

Күнтізбелік жоспар, орта мерзімді жоспар

Жалпы мақсаттар:

Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тереңдетіп, жинақтап жүйелеу. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлай білу дағдыларын дамыта отырып, логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, ой-өрісін кеңейту. Алған теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру. Оқушыларды ұқыптылыққа, тез шешім қабылдай білуге; пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, жүйелі ойлауға, нәтижеге қол жеткізе білуге, өзіне сенімділікке, жолдастық қарым-қатынасқа тәрбиелеу

Ресурстар:

Оқулық, интерактивті тақта, сабаққа қажетті ресурстар.

Әдіс - тәсілдер

Тәсілі : жеке, жұппен, топпен

Әдісі: АКТ, СТО, диалог

Оқыту нәтижесі:

Топқа бөлу барысында жағымды психологиялық ахуал тудыру. Оқушылар жекелеме,жұппен,топпен жұмыс істей отырып идея бөліседі, өнім жасалады, талдайды, жинақтайды, қортындылайды, бағалайды.

Түйінді идеялар

Қысқаша көбейту формулаларын қолдану

Дерек көздер

Оқулықпен жұмыс, қосымша мәліметтер.

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

Кіріспе

2 минут

Оқушылармен амандасу. Психологиялық дайындық.

Топқа бөлу. Карточкалар арқылы

Мұғаліммен амандасады.

Топтарға бөлінеді.

А, В, С, Д столдарына отырады

Тұсаукесер

1 минут

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады.

Сабақ үстінде қолданылатын әдіс-тәсілдер мен бағалау түрлері айтылады.

Оқушылар өздерінің ұсыныстарын айтады.

Негізгі бөлім

Білу.

2 минут

Психологиялық дайындық:

- Кәнеки балалар, бүгін барлығымыз бір-бірімізге не тілейміз?

Көтеріңкі көңіл күй, сәттілік

5 минут

- Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше, себебі осы сабақта әрбір оқушының өз біліктілігін, жалпы өткен тақырыпты қаншалық игергенін көрсететін, өзін-өзі бағалау мүмкіншілігі болады. Кәне, үй тапсырмасының дұрыстығын сигналдық карточка көмегімен тексерейік. Үй тапсырмасының жауаптары тақтада жазулы тұр, ал сендер дәптерлеріңдегі жауаптарымен салыстырасыңдар. Дұрыс жауабы болса, жасыл түсті картаны, дұрыс болмаса қызыл түсті картаны көтерулерің керек

тексерудің соңында оқушылар бағалау парағына мұғалімнің айтқан бағасын қояды

Түсіну.

5 минут

Қысқаша көбейту формулаларын қайталау

  1. «Сен маған, мен саған»

  2. Топ мұшелеріне тапсырма

  1. Екі өрнектің қосындысының квадраты.

  2. Екі өрнектің айырмасының квадраты.

  3. Екі өрнектің квадраттарының айырмасы.

  4. Екі өрнектің қосындысының кубы.

  5. Екі өрнектің айырмасының кубы.

  6. Екі өрнектің кубтарының қосындысы.

  7. Екі өрнектің кубтарының айырмасы


  1. Әр топ мүшлері келесі топқа сұрақтар қояды

  2. Әр топ мүшелері өз нөміріне сәйкес сұрақ жауабын дәптеріне жазады, содан соң, сағат тілінің бағытымен көршілеріне жылжытады, бірін- бірі тексереді, бағалайды, бағалау парағына ұпайларын қояды

Талдау.


5 минут


Топтық жұмыс

  1. Сәйкестікті анықта

  2. Дұрыс тұжырымды белгілеңіз

топқа берілген тапсырманы орындау барысында бірлесіп шығармашылықпен жұмыс атқарады, өз пікірін еркін білдіреді.

. Қолдану.

10 минут

Деңгейлік тапсырмалар

Жеке орындайды. Дұрыс жауабы арқылы тексереді, ұпайларын қояды

  1. №463 (1,2,3)

  2. №468(1,2,3)

  3. №478(1,2,3)

Жинақтау

5 минут

Тест (Электрондық оқулықтан)

Жеке орындайды. Дұрыс жауабы арқылы тексереді, ұпайларын қояды

Сабақты қорытындылау

5 минут

Бағалау критерийлерін түсіндңреді

35-45 ұпай - «5»

25-35 ұпай - «4»

25- тен төмен ұпай - «3»

Бағалау парақтарындағы ұпайларын жинақтап, қорытынды бағаларын шығарады

Рефлексия

3 минут

«Табыс ағашын отырғызу»)

Енді «табыс» ағашын отырғызайық. (Тақтада ағаштың суреті)

Ағаш діңі жаңа сабақта өтілген тақырып, жасыл желек - экология, ал ағаштың жемісі сіздің алған білімдеріңіз

• Жасыл алма: Маған сабақ ұнады. Тақырыпты меңгердім.

• Сары алма: Тақырыпты түсіндім, бірақ есептеген кезде қиналамын.

• Қызыл алма: Сабақ маған түсініксіз.

(оқушылар өздері таңдаған алманы алып, тақтада тұрған ағашқа жапсырады).

Үйге тапсырма беру

2 минут

№463 (1,2,3) , №468, №478 есептерінің қалғандарын шығару

Күнделіктеріне жазады

Қатысқан оқушы саны-21, барлық оқушы- 24

Бағаланғаны-21

© 2010-2022