Трапеция тақырыбына есептер шығару

Раздел Математика
Класс 8 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ТТрапеция тақырыбына есептер шығару.үркістан қаласы


«Абай атындағы №31 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Математика пәнінің мұғалімі:

Пошанова Айгерим Парсаханқызы




Математика сабақтарында жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттері мен танымдық белсенділіктерін арттыру


Қазіргі кезеңде еліміздің білім беру жүйелерінде бірқатар өзгерістер енгізіліп, олардың жаңа ұлттық модельдері құрылуда. Орта мектепті ақпараттандыру бағдарламасы, жоғары және орта білім берудің мемлекеттік стандарттары, жоғары білімді дамыту стратегиясы жасалып және Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің 2015 жылға дейін даму тұжырымдамасы жарияланып іске асырылу үстінде.

Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстардың бірі жалпы білім беретін орта мектепте математика ғылымы негізінен берілетін білімді қайта жаңарту болып табылады.

  1. Жаңа технология-мұғалімнің мүмкіндігін қуаттандыратын құрал. Жаңа ақпараттық технлогияны сабақ барысында қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Және оның бірнеше артықшылықтары бар. Осы артықшылықтарды сабақ беру барысында да, сабақ нәтижелерінен де көруге болады.

1. Оқушыларға оқылатын құбылыстар мен объектілер туралы толық және дәл ақпарат бере отырып, оқу сапасын арттырады;

  1. Оқытудың көркемділігі артады, яғни оқушыларға қиын да күрделі материалдарды көрнекі түрде түсіндіруге қол жеткізеді;

  2. Оқытудың тиімділігі жоғарылайды және оқыту материалын түсіндіру мүмкіндігін арттырады;

  3. Оқушылардың ғылыми-дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыра отырып, олардың білімге құштарлығын, табиғи сұранысын қанағаттандырады;

  4. Мұғалімдерді техникалық жұмыстан босата отырып, үнемденген уақытта олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды;

  5. Мұғалім мен оқушының жұмысын жеңілдетеді.

Енді, осы тақырып негізінде, осы бағытта жасаған жұмыстарымның бір үлгісі ретінде сабақ жоспарын ұсынып отырмын.

Сабақтың тақырыбы: Трапеция тақырыбына есептер шығару.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: - төртбұрыштар тарауын жалпы қайталау және трапецияның

элементтерін табуға есептер шығаруды меңгерту.

Тәрбиелік: - пәнге қызығушылығын арттыру;

- адамгершілікке және жолдасына көмек беруге

тәрбиелеу;

Дамытушылық: - ойлау, есте сақтау, ауызша есептеу және

логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;

- талдау жасау және саралау жасау қабілеттерін дамыту.

Бүгінгі сабағымыздың ұраны:

Трапеция тақырыбына есептер шығару.Трапеция тақырыбына есептер шығару.

Төртбұрыштар тарауын қайталау

Параллелограмм

Қарама-қарсы қабырғалары қос-қостан параллель төртбұрыш параллелограмм деп аталады.

  • Параллелограмның қарама-қарсы қабырғалары тең.

  • Параллелограмның қарама-қарсы бұрыштары тең.

  • Параллелограмның диагональдары қиылысу нүктесінде тең екі бөлікке бөлінеді.

  • Параллелограмның бір қабырғасына іргелес бұрыштарынң қосындысы 180º-қа тең.

Ромб

Барлық қабырғалары тең параллелограмм

ромб деп аталады.

  • Ромбының диагональдары өзара перпендикуляр және олар бұрыштардың биссектрисалары болып табылады.

  • Ромбының қарама-қарсы бұрыштары тең.

  • Ромбының диагональдары қиылысу нүктесінде тең екі бөлікке бөлінеді.

Квадрат

Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш квадрат деп аталады.

  • Квадраттың диагональдары өзара перпендикуляр.

Тіктөртбұрыш

Барлық бұрышы тік болатын параллелограмды тіктөртбұрыш дейміз.

  • Тіктөртбұрыштың диагональдары тең болады және қиылысу нүктесінде тең екі бөлікке бөлінеді.

Трапеция

Екі қабырғасы ғана параллель дөңес төртбұрыш трапеция деп аталады.

Берілген фигураларға қандай түзу жүргізе отырып. трапецияны алуға болады?

Трапеция тақырыбына есептер шығару.Трапеция тақырыбына есептер шығару.Трапеция тақырыбына есептер шығару.Трапеция тақырыбына есептер шығару.Трапеция тақырыбына есептер шығару.Трапеция тақырыбына есептер шығару.

ТРАПЕЦИЯ
(грекше trapeza - стол).


Трапеция тақырыбына есептер шығару.Трапеция тақырыбына есептер шығару.Трапеция тақырыбына есептер шығару.Трапеция тақырыбына есептер шығару.

Трапеция тақырыбына есептер шығару.



Трапецияның элементтері:

Трапеция тақырыбына есептер шығару.Трапеция тақырыбына есептер шығару.

Т р а п е ц о э д р

Трапеция тақырыбына есептер шығару.Трапеция тақырыбына есептер шығару.

Тест: (3 минут) Бірін-бірі тексеру.

Тест тапсырмасы.

  1. Төртбұрыштың барлық бұрышы келесісінен екі есе үлкен. Төртбұрыштың бұрыштарын табыңдар.

А. 140; 280; 560; 1120. В. 240; 480; 960;1920. С. 180; 360; 720; 1440.

  1. Теңбүйірлі трапецияның бір бұрышы 680. Трапецияның қалған бұрыштарын табыңдар.

А. 680; 1220; 680; 1220. В.680; 680; 680;680. С. 680; 1120; 680; 1120.

  1. Трапецияның периметрі 48см, параллель емес қабырғалары 15 см мен 13см. Трапецияның орта сызығын табыңдар.

А. 12см; В. 10см. С. 20см.

  1. Трапецияның орта сызығы 8см, ал бір табаны 6см. Басқа табаны неге тең?

А. 12см; В. 10см. С. 20см.

  1. Ромбының бір диагоналі қабырғасына тең болса, оның бұрыштарын есепте.

А. 600; 1200; 600; 1200. В.800;1000; 800; 1000. С.300; 600; 300; 600.

Кілті: ВСВВА

Топтық жұмыс: (Оқушылар төрт-төрттен бірігіп, есеп шығарады. Әр топтың кез келген оқушысы тақтаға шақырылып, есепті түсіндіріп береді) Дайын сызбамен жұмыс.

Оқулықпен жұмыс

  • №74, №75, №76

Практикалық геометрия

Қала картасы көрсетілген. АВ мен СD көшелері параллель орналасқан. САЕ бұрышы 65º және ВАF бұрышы 43º. АС және СD көшелері арасындағы бұрышты табыңдар.

Трапеция тақырыбына есептер шығару.

Сабақты қорытындылау:

Кестені толтыр.(интерактивті тақтаны қолдана отырып, оқушылар кестені толтырады)

Қасиеттері

Қарама-қарсы бұрыштары тең

Қарама-қарсы қабырғалары тең

Қарама-қарсы қабырғалары паралель

Диагональдары қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді

Диагональдары тік бұрыш жасай қиылысады

Барлық бұрыштары тік

Диагональдары биссектриса болады

Диагональдары тең

Барлық қабырғалары тең

Барлық бұрыштарының қосындысы 3600

Фигуралардың атауы

Төртбұрыштар

Параллелограмм

+

+

+

+






+

Тіктөртбұрыш

+

+

+

+


+


+


+

Ромб

+

+

+

+

+


+


+

+

Квадрат

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

Трапеция










+

Үйге тапсырма

№71

Трапецияның орта сызығы 7см, табандарының бірі екіншісінен 4см-ге артық. Биіктігі 6см. Ауданын тап.


  • Т а н г р а м м

Мен сендерге Танграмм ойынымен таныстырғым келеді. Ол Қытайдан келген ойын, сондықтан «Қытай басқатырғышы» деп та аталады. Ол 4000 жыл бұрын пайда болған көне ойын. Қытайлықтар осы ойын арқылы балаларына геометрияны үйреткен.

Трапеция тақырыбына есептер шығару.

Басқатырғыш

  • Бала әкесінен қарызға 100 теңге алды. Бірақ оны жоғалтып алып, шешесінен 50 теңге алды. Оның 20 теңгесіне балмұздақ алып, қалған 30 теңгені әкесіне берді. Сонда ол енді әкесіне 100-30=70 теңге , ал шешесіне 50 теңге қарыз. Жалпы қарызы 70+50=120 болды. Тағы 20 теңге балмұздақ алғаны бар 140 теңге шығып тұр. Бастапқы қарызы 150 теңге еді. 10 теңге қайда кетті?

Бағалау. Бағалау парақтары арқылы әр оқушы өзін-өзі бағалайды.

Рефлексия: «5 саусақ тәсілі» Л.Зайверт

Трапеция тақырыбына есептер шығару.


© 2010-2022