Матеамтикадан сабак жоспарлары улгиси

Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: ____11_________ Пәні: __алгебра_______ Мерзімі:_______

Сабақ тақырыбы:

n-ші дәрежелі түбір және олардың қасиеттеріне берілген есептер шығару

Сабақ мақсаты:

Квадрат түбір ұғымын еске түсіре отырып, нақты санның түбірі туралы ұғым және оның қасиеттері бойынша білімдерін тереңдету және осы тақырыпқа берілген есептерді шығара алуға дағдыландыру

Табыс критерийлері:

  • Квадрат түбірлерге берілген есептерді шығара алады;

  • Квадрат түбірлердің қасиеттерін пайдалана алады;

  • Нақты сандар түбірінің ережелерін пайдалана отырып есептерді шығарады және дұрыс шешім шығара алады:

Сабақ түрі:

Дағды мен білікті машықтындыру сабағы

Уақыт

Мұғалімнің

іс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті

Керекті жабдықтар

5 мин


Кері байланыс

Өткен тақырып бойынша түйген ойлары мен түсінбеген сұрақтарына байланысты пікірлерін айтады, ортаға салып, түсініктерін тереңдетеді.

2 мин

Топқа бөлу

Таратылған кеспе қағаздар арқылы топтарға бөлінеді

Кеспе қағаздар

10 мин


Топтық жұмыс.

«Мозайка» әдісі.

Квадрат түбірлер мен нақты сандардың түбірлерін шешуге арналған есептерден құралған пазлдар тарату

Квадрат түбір және нақты сандардың түбірлерін шешуге берілген есептер мен олардың қасиеттеріне қатысты жазылған пазлдарды құрастыру арқылы белгілі фигураны құрастырады .

Пазлдар, геометрия-лық фигура-лар

25 мин


«Крестик-нөлдік» әдісі.

Топтарға Х және О белгілерін плакатқа сызылған сызбаға жазу арқылы бәсекелесе есептер шығару керектігін түсіндіру

Оқулықтан тақырыпқа сай берілген есептерді шығару арқылы Х және О белгілерін сызбаға толтыру арқылы бәсекелеседі.

Х-О сызбасы, плакат, маркер

5 мин

Рефлексия

Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.

Стикер,

Бағалау парағы

Не сәтті өтті?

Не сәтсіз болды?

Нені дамыта алар едім?

Оқу ісі орынбасары:__________________________________



© 2010-2022